www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Сыбайластықпен күрес – баршаның міндеті(мақала «Шахтинский вестник» газетінде № 28 2018ж.09.28. жарияланған)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді.

Президенттің жолдауында белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған.

Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің барлық мемлекеттік қызметкерлері арасында осы бағытта ҚР «сыбайлас жемқорлыққа карсы іс қыймыл». заңы қатаң сақталуда. Бөлімнің сыбайлас жемқорлықа қарсы іс қыймыл жоспары бекітілген. Ағымдығы жылда бөлім қызметкерлерінің арасында дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді. Бөлімнің басты жұмысы Шахтинск аймағы тұрғындары, оның ішінде жастар және жас жеткіншектер арасында спорттық бұқаралық жарыстар өткізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, құқық бұзушылыққа жол бермеу және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Бөлім қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қыймыл заңы бұзылған жағдайда 44104 сенім телефонына хабарласа аласыз.

 

«Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ - сі


Размещение информации: 16.10.2018 08:38

Последнее изменение информации: 16.10.2018 08:39

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -17°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 387.37
Euro 428.55
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары