www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пұлын қалыптастыру туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті хабарлайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыратынын жеткізеді.
«А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бірінші және екінші санатқа бөлінеді.
Анықтама үшін: мысалы, жергілікті деңгейде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына облыс әкімі аппаратының басшысы, қала және аудан әкімдері, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері жатады.

Үміткерлерге не істеу қажет

 «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыру бойынша жобаға қатысу үшін Департаментке келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. жеке куәліктің көшірмесі;
  2. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  3. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Құжаттар 2016 жылғы 30 маусымға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Шахтер даңғылы 64  (Достық үйі), анықтама үшін телефондар: 8 7212 50-40-23, 25-41-05.

Қосымша ақпарат

 «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыру бойынша толық мәліметті Департаменттен немесе kyzmet.gov.kz сайтынан алуға болады.
Анықтама үшін: «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің пулын қалыптастыру жобасының мақсаты
«А» корпусының кадр резервіне іріктеу емес, «А» корпусының кадр резервіне ықтимал үміткерлердің тізімін жасау, оларды осындай іріктеуге дайындау болып табылады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 17.05.2016 14:10

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары