www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттіклауазымының бос орнына орналасуға Шахтинск қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама 09.12.2019

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға Шахтинск қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

 

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

E-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

лауазымдық еңбекақысы

              min

              max

Е-1

150778

203162

         «Шахтинск қаласы әкімінің  аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары:  8(72156) 5-34-12, факс: 8(72156)5-32-52, электрондық пошта:  Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. 1.                «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің орынбасары (Е-1 санаты, №01-01, 1 бірлік ).

Функционалдық міндеттері: Мектепке дейінгі, жалпы орта, орта білімнен кейінгі техникалық, мектептен тыс білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, жастар саясаты, туризм, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларда бюджет қаражатын мақсатты және уақтылы игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, ана мен баланы, мүгедектерді қорғау, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету, оларға қайырымдылық көмек көрсету саласындағы жұмыстарды бақылауды жүзеге асырады. Көші-қон және демографиялық саясат, әлеуметтік әріптестік, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастыру мәселелерін шешеді. Аумақтың саяси жағдайына және қоғамдық пікірге мониторинг жүргізеді. Қоғамдық және саяси ұйымдардың, діни бірлестіктердің, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін үйлестіреді. Құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі комиссияның, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның, ономастикалық, қалалық шақыру және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссияның, оралмандарды қолдау жөніндегі кеңестің, жастар ісі жөніндегі кеңестің, эпидемияға қарсы комиссияның, терроризмге қарсы комиссияның жұмысына басшылық жасайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бөлігінде құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруды үйлестіреді. Әлеуметтік мәселелер бойынша қаланы дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Жұмыспен қамту бағдарламаларын, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ішкі саясат, туризм, дене шынықтыру және спорт, жіктерді дамыту, әлеуметтік сала, мұрағат ісі салаларындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (саясаттану, әлеуметтану, журналистика, қоғамдық байланыс, экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, статистика), немесе «білім» мамандықтары бойынша (педагогика және психология, тарих, құқық және экономика негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (тарих, мәдениеттану, филология, дінтану, теология), немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), немесе  «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, әлеуметтік жұмыс, мәдени–тынығу жұмысы).

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Саяси партиялар туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін,   «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты»  ММ -де өтеді. Аталмыш  лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________

                                                                                                                                        

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________

                                                                                                                                     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________       

__________________________________________________________________        

 

________                               ____________________________________

(қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 


Размещение информации: 09.12.2019 11:03

Последнее изменение информации: 09.12.2019 11:05

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 12°C , ылғал 56%, қысым 713, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары