www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск қаласыныңжергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру 06.06.2019

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-R-3 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесетұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесехалықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғаунемесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесеаудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарыныңтактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарыныңнемесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламаларыбойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беруұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалықкомиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылымидәрежесінің бар болуы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығының қосымшасына сәйкес енгізілген өзгерістермен

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

min

max

Е-R-3

96607

129920

«Шахтинск қаласы әкімінің  аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары:  8(72156) 5-34-12, факс: 8(72156)5-32-52, электрондық пошта:  Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға Шахтинск қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында конкурс жариялайды:
«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй қоры секторының меңгерушісі (1 бірлік, №03-01, Е-R-3 санаты): 
Функционалдық міндеттері: Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беруді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп тану сұрақтарын, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін  азаматтарды есепке алу және есептен шығару сұрақтарын қарастырады. Тұрғын үй комиссиясы жұмысын ұйымдастырады және тұрғын үй комиссиясы шешім шығару үшін қажетті құжаттардың әзірленуін қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, сондай ақ Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді азаматтарға беруді жүзеге асырады, тұрғын үй қоры объектілеріне жекешелендіру шарттарын әзірлейдіжәне береді. Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді. Әділет басқармасында иесі жоқ тұрғын үйлерді есепке қояды. Тұрғын үйді жалға алу бойынша төлемдердің төленуін қадағалайды. Тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады. .  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзіреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «техникалық ғылымдар және технологиялар»мамандықтары бойынша(құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану);«Әкімшілік рәсімдер туралы»,«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы" заңдарды,  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралыхабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына,почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылықабылдау мерзімінде жіберілген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Басшылық лауазымға үміткер кандидаттар конкурстық комиссиямен белгіленген тақырыптардың біріне эссе жазады. Эссе комиссиямен бағаланады. Эссе жазу уақыты 45 минуттан аспауы қажет.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері,мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_____________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_____________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________                   ____________________________________
(қолы)            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.


Размещение информации: 06.06.2019 16:44

Последнее изменение информации: 06.06.2019 16:48

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 17°C , ылғал 57%, қысым 712, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.05
Euro 428.25
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары