www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру 26.04.2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R- 3 санаты үшiн: Жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

         6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

         7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

      

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

E-R-3

96 607

129 920

       

 

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама үшін телефон, факс: 8(72156) 5-34-12; электрондық пошта: Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурс жариялайды:

«Шахтинск қаласыныңкәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығын дамыту секторының меңгерушісі-инженер техниг (1 бірлік, №02-1, Е-R-3 санаты).  

Функционалдық міндеттері:Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Көрме-жәрмеңке іс-шараларын ұйымдастырады. Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасуын мақұлдайды. Инфляцияға қарсы шараларды уақтылы қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Табысы төмен тұлғаларды микрокредит беру бағдарламаларына қатысу үшін  анықтау. Мал мен құстың сақталуы мен өсуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді бақылау. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру. Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізу; тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды жүргізу құқығын беретін куәліктер беру және экзамен қабылдауды жүргізу; тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi кепілін мемлекеттік тіркеуді жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету. Жалпы басшылықты жүзеге асыру және сектор жұмысын бақылау.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:    

Білімі –жоғары «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия, зоотехния, аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын механикаландыру) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар»мамандықтары бойынша(көлік, көліктік техника және технологиялар, біліктілігі инженер-механик);«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын,«Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын  электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде          «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ ММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген  бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтікемесұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттікқызметістеріжөніндегіуәкілеттіорганныңқызметкерлеріқатысаалады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.


Размещение информации: 26.04.2019 16:49

Последнее изменение информации: 26.04.2019 16:50

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 4°C , ылғал 67%, қысым 716, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.81
Euro 430.27
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары