www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Шахтинск қаласының әкімінің аппараты» ММ-ның хабарламасы 15.04.2019

Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін:  жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санатына: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Категория

Должностей оклад в зависимости от выслуги лет

min

max

E-R-4

73265

99103

E-G-3

69903

94148

 

  «Шахтинск қаласы әкімінің  аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары, факс:  8(72156) 5-34-12, электрондық пошта:  Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ агроөнеркәсіп кешенін және ауыл шаруашылығын дамыту секторының бас маманы  (1 бірлік, санаты E-R-4, № 02-2).

Функционалдық міндеттері: Агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу. Ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады.Аймақта азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізу және есеп береді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия, зоотехния), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша  (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (агрономия, зоотехния) немесе «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), маркетинг, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін,  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ бас маман-бухгалтері  (1 бірлік, санаты E-R-4, №03-1).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті және есеп беруді жүргізу, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік қаражатты игеру, бөлім жұмыскерлеріне жалақыларын есептеу және төлеу, штаттық кестені құру, қаржылық есептерді уақтылы жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ бас маман-ветеринарлық дәрігер  (1 бірлік, санаты E-R-4, №02-3).

Функционалдық міндеттері: Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру. Адасқан иттер мен мысықтарды ұстауды және жоюды ұйымдастыру. Мал зираттарының (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес қамтамасыз ету. Халық арасында ветеринария мәселелері бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу. Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретің жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып тастамастан бейтараптандыру (залалсыздандыру) және өңдеу. Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатсыз жоюға (залалсыздандыруға) және өңделмеген жануарлар құнының иелеріне өтемақы төлеу. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «ветеринария» мамандықтары бойынша (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (ветеринария: ветеринарлық фельдшер-инспектор, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Новодолинский кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-G- 3,  № 4).

Функционалдық міндеттері: Ішкі саяси салада мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, ауылдағы демократиялық институттарды қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру. Ол табысы төмен азаматтарды анықтайды, жұмысқа орналасу үшін жоғары тұрған органдарға ұсыныс жасайды, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсетеді, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді; Қылмыстық атқару жүйедегі мекемелерден босатылған адамдарды пробация қызметі арқылы тіркеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік, құқықтық және өзге де көмекпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс),  «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша  білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5. «Новодолинский кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы                    (1 бірлік, санаты Е-G-3,  №8, 04.04.2020ж. дейін негізгі қызметкердің баласына күтім жасау демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Кентке арналған даму жоспарын жасау және оны уәкілетті органмен келісу. Кент бойынша экономикалық саласындағы мәселелерді шешу; Бюджетті жоспарлауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының есеп айырысу шотына ақша қаражатын алу мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыру; Штаттық кестені жасау; Бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттік бағдарламаларға арналған өтінімдерді жасау; Өтпелі тапсырыстарды әзірлеу арқылы бюджеттік бағдарламаларға түзетулер енгізу; Сатып алынатын қор, жұмыстар, қызметтер, тауарларға арналған бюджеттік өтінімдер бойынша есеп айырысу; Бюджеттік сыныптау бойынша шығыстар туралы ай сайынғы жиынтық есеп.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»  мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6. «Долинка кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-G-3,  № 3, 25.03.2021ж. дейін негізгі қызметкердің баласына күтім жасау демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Әкім қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Заңды және жеке тұлғалардың хататры бойынша іс жүргізу, олардың тіркелуін қамтамасыз ету. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша тоқсандық жылдық, статистикалық есептерін құрастырады. Кент әкімінің жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді.әкімнің тапсырмалары бойынша ақпаратты жинақтайды.  Жер қатынастарын реттеу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Кентте жер қатынастары сұрақтарына жетекшілік жасайды.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»  мамандықтары бойынша, немесе «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Жер кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

   Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап                 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шахтинск қаласының әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде ««Шахтинск қаласының әкімінің аппараты» MM электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шахтинск қаласының әкімінің аппараты» MM MM-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларының 53 тармағына сәйкес (Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________                                             (қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

             

 

 

 


Размещение информации: 15.04.2019 13:45

Последнее изменение информации: 16.04.2019 09:11

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 22°C , ылғал 35%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 382.38
Euro 428.30
Рубль 5.97

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары