www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарламасы 31.01.2019

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты үшін: жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

   

min

max

E-R-4

73288

99105

«Шахтинск қаласы әкімінің  аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары, факс:  8(72156) 5-34-12, электрондық пошта:  Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1.  «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4,  №02-02).
Функционалдық міндеттері: заң актілеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқаруын ұйымдастыру, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, халық үшін тұрғын үйлерде коммуналдық қызметтерді  есепке алу құрылғыларын орнату бойынша жұмысты ұйымдастыру, инженерлік желілердің және тұрғын үй қорының техникалық жағдайына комиссиялық тексеру жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі  – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, жылу, газ жабдықтау және вентиляция, электр жабдықтау және электрификация, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «энергетика» мамандықтары бойынша (электр энергетикасы (салалары бойынша), электр энергиясы (салалары бойынша), электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша),  жылу-техникалық жылу жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) мамандықтары бойынша, «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі, ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді пайдалану (түрлері бойынша) немесе «өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу мамандықтары бойынша (салалар бойынша) көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша (тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2.  «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй қоры секторының бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4,  №03-02).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік тұрғын үй қорының түгендеуін өткізу. Берілген пәтерледі жалдау шарттары, түгендеуге жататын пәтерлер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізімі бойынша жаңартуларды және мәліметтер базасын толтыру, сондай-ақ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу және олардың рейтингі» мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету. Меншіктің барлық түрлерінің болуы мен орналасуы, сандық және сапалық құрамы, техникалық жағдайы, жетілдіру деңгейі және құны туралы мәліметтерді жинау және осы көрсеткіштердің өзгеруі бойынша ақпарат дайындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі  – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) немесе «құқық» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
3. «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы  (1 бірлік, санаты E-R-4, №02-1).
Функционалдық міндеттері: Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуына бағытталған іс-шараларды өткізеді. Біріңғай тіл саясатын жүргізеді. Барлық ұлттардың, ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын тіл дамыту қалалық бағдарламаларды әзірлеуінде және іске асыруында қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.                                                                                   
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – жоғары «өнер» мамандықтары бойынша (өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау), немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология), немесе «қызмет көрсету мамандықтары бойынша» (кітапхана ісі), немесе «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «мәдениет және өнер» мамандықтары бойынша (өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, кітапхана ісі), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология) немесе «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі)  білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.                                                               
4.«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ   кәсіпкерлік және өнеркәсіп секторының бас маманы (1 бірлік, санаты E-R-4, № 01-2).
Функционалдық міндеттері:Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, шағын бизнес пен инновацияны қолдау үшін аймақтағы инфрақұрылымды құру және дамыту. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жанар-жағармай материалдарына күнделікті мониторинг жүргізу. Аймақтағы шағын және орта бизнес субъектілерінің есептік көрсеткіштерін орындау бойынша айлық есепті құру. Негізгі несиелік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру. Шағын және орта бизнестегі меморандумдар, келісімдер, келісімшарттар жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), маркетинг, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару,  статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін,  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
5. «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-R-4, №03-02): 
Функционалдық міндеттері: Азаматтарды әлеуметтік көмек алу бойынша құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде кеңес беру. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін олардың құжаттарын қабылдау.  Мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер тағайындау. Деректер қорын жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «қызметтер» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару,  статистика, әлеуметтік жұмыс) білімі барларға рұқсат етіледі;    Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы»  Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді. Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММқұжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.
Құжаттар электронды түрде  «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ декандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайдамемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелгенбұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдықбірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттіорганның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Нысан

Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________            ____________________________________
(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

 


Размещение информации: 01.02.2019 08:45

Последнее изменение информации: 01.02.2019 08:48

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 3°C , ылғал 29%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.81
Euro 429.01
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары