www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға Шахтинск қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама 15.08.208

 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға Шахтинск қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
      E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;
      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-3

96607

129920

«Шахтинск қаласы әкімінің  аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары:  8(72156) 5-34-12, факс: 8(72156)5-32-52, электрондық пошта:  Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz)  мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс өткізу жариялайды:
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі  (1 бірлік, №03-01, санаты Е-R-3).
Функционалдық міндеттері: Сектордың жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Сектордың жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды әзірлеу. Тұрғын үй жәрдемақыларын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, мемлекеттік емес атаулы әлеуметтік көмекті, балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақысын тағайындау және төлеу, өтемақы төлеміне сұранысты қалыптастыру, тұрғын үйді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақыларды, АӘК, ҰОСҚ, жалғызбастыларға, мүгедектерге, қарттарға біржолғы және тұрақты төлемдер мәселелері бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға заңнамалық актілерді орындау, мемлекеттік қызметтерді жинау және жедел ақпарат жинау бойынша есеп беру. Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, статистика) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күнтізбелік күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралдыақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шахтинск қаласыәкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарының депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________            ____________________________________
(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 


Размещение информации: 15.08.2018 15:30

Последнее изменение информации: 15.08.2018 15:35

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары