www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының төменгі болып табылатын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 02.07.2018

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санатына:  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

   мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

-                     Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы
10 мамырдағы №98 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-4

73266

99103

Е-G-3

69 957

94 109

«Шахтинск қаласы әкімінің  аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары, факс:  8(72156) 5-34-12, электрондық пошта:  Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. 1.                      «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4,  №02-02).

Функционалдық міндеттері: Заң актілеріне сәйкес коммуналдық меншікті басқаруын ұйымдастыру, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру,халық үшін тұрғын үйлердекоммуналдық қызметтерді  есепке алу құрылғыларын орнату бойынша жұмысты ұйымдастыру,инженерлік желілердің және тұрғын үй қорының техникалық жағдайына комиссиялық тексеру жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі  – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, жылу, газ жабдықтау және вентиляция, электр жабдықтау және электрификация, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «энергетика» (электр энергетикасы (салалары бойынша), электр энергиясы (салалары бойынша), электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша),  жылу-техникалық жылу жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) мамандықтары бойынша, «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі, ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді пайдалану (түрлері бойынша) мамандықтары бойынша немесе «өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша (тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2.«Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы  (1 бірлік, санаты E-R-4, №02-1).

Функционалдық міндеттері: Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуына бағытталған іс-шараларды өткізеді. Біріңғай тіл саясатын жүргізеді. Барлық ұлттардың, ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын тіл дамыту қалалық бағдарламаларды әзірлеуінде және іске асыруында қатысады.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.                                                                                   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «өнер» мамандықтары бойынша (өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау), немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология), немесе «қызмет көрсету мамандықтары бойынша» (кітапхана ісі), немесе «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «мәдениет және өнер» мамандықтары бойынша (өнертану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, кітапхана ісі), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша(филология) немесе «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі)  білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.                                                               

3.«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ агроөнеркәсіп кешенін және ауыл шаруашылығын дамыту секторының бас маманы  (1 бірлік, санаты E-R-4, № 02-2).

Функционалдық міндеттері: Агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.Ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу. Ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады.Аймақта азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізу және есеп береді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия, зоотехния), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша  (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (агрономия, зоотехния) немесе «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), маркетинг, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін,  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ   кәсіпкерлік және өнеркәсіп секторының бас маманы (1 бірлік, санаты E-R-4, № 01-2).

Функционалдық міндеттері:Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, шағын бизнес пен инновацияны қолдау үшін аймақтағы инфрақұрылымды құру және дамыту. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жанар-жағармай материалдарына күнделікті мониторинг жүргізу. Аймақтағы шағын және орта бизнес субъектілерінің есептік көрсеткіштерін орындау бойынша айлық есепті құру. Негізгі кредиттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру. Шағын және орта бизнестегі меморандумдар, келісімдер, келісімшарттар жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), маркетинг, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару,  статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін,  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5. «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс секторының бас маманы(1 бірлік, санаты E-R-4, № 02-2).

Функционалдық міндеттері:Ғимараттар мен инженерлік желілердің құрылысын енгізу. Құрылыс жобаларына рұқсат беру. Сырттай жұмыс істеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша орнына барумен жұмыс істеу. Облыстық құрылыс басқармасына есептер дайындау. Жергілікті маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау жұмыстарын жүргізу. Құрылыс объектілерін салу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға арналған конкурстық құжаттаманы дайындауға қатысу. Инвестициялық жобаларға арналған бюджеттік өтінімді дайындауға қатысу. Қалалық жоспарлау, қала инфрақұрылымын қайта құру және қайта құру мәселелерін қарауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6.«Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ бас маман-бухгалтері  (1 бірлік, санаты E-R-4, №03-1).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті және есеп беруді жүргізу, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік қаражатты игеру, бөлім жұмыскерлеріне жалақыларын есептеу және төлеу, штаттық кестені құру, қаржылық есептерді уақтылы жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

7.«Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ бас маман-заң кеңесшісі  (1 бірлік, санаты E-R-4, №04-1).

Функционалдық міндеттері:  Сотта, төрелік сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде ұйымның мүддесінқорғайды, мекеменің қызметінде туындайтын, сонымен қатар мекеменің кері қайтарып алуға түсетін нормативтік актілердің жобалары бойынша құқытық мәселелері жөніндегі қорытындылардың әзірлеуін ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-R-4,  №04-03, 08.07.2020ж. дейін негізгі қызметкердің баласына күтім жасау демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстарын болжау, талдау және бұл туралы халықты, орталық және жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыру. Жұмыс берушілерден кадрлар қажеттілігінің болжаулары туралы ақпаратты сұрату. Жұмыс орындарынан босату және жұмыс орындарын қысқарту қауіптері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыру. Шахтинск аймағында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі  – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика)  немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлеуметтік жұмыс)  білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

9.«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, санаты  E-G-3,  № 5).

Функционалдық міндеттері: Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және оның ауыл шаруашылық көрсеткіштерін дамыту жоспарын жасау. Тұрмыстық кітаптарды жүргізу, электрондық статистикалық деректер базасы, жануарлар мен құстардың тізілімі және қосалқы шаруашылық. Ауылдағы ауыл шаруашылық мәселелерін реттеу; Шаруа, фермер қожалықтарын қалыптастыру, дамыту және қолдау, олардың қызметін бақылау және есепке алу; Ауылдағы жерлерде мал жайылымдарын анықтау. Халық санағының мәселелері бойынша статистика басқармасының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу; Ауылдағы жер қатынастарының мәселелерін қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

10.«Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, санаты  E-G-3,  № 6).

Функционалдық міндеттері: Кентте коммуналдық қызметтерді беру мәселелерін бақылау және үйлестіру, жылу беру маусымына дайындық және оның өтуін қамтамасыз ету. Инженерлік желілердің, тұрғын үй қорының техникалық жағдайын және кент аумағының санитарлық жағдайын тексеру үшін комиссиялық тексерулерге қатысу.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар»  мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі;  Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

11. «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы                   (1 бірлік, санаты Е-G-3,  №2).

Функционалдық міндеттері:

Әкімнің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қала әкімі өткізетін мәжілістердің дайындығын үйлестіреді, әкімнің барлық қажетті ақпараттарын жинайды, әкімнің тапсырмаларын әзірлейді және таратады, отырыс хаттамаларын ұсынады. Әкімінің есеп беру кездесулерін халықпен бөлісуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері бойынша іс жүргізуді жүргізеді, оларды тіркеуді жүзеге асырады.

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Құқықтық актілер туралы», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

12.«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы                   (1 бірлік, санаты Е-G-3,  №7 21.06.2020ж. дейін негізгі қызметкердің баласына күтім жасау демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Кенттегі әскери міндетті  азаматтарды есепке қою және есептен шығару. Әскери есепке алудан жалтарған азаматтырды анықтау мақсатында үйлерді аралап шығуды жүзеге асыру. Кенттегі орта және шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.                                                                                   

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

13.«Новодолинский кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы                    (1 бірлік, санаты Е-G-3,  №8, 04.04.2020ж. дейін негізгі қызметкердің баласына күтім жасау демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу. Бюджеттік өтінімдерді әзірлеу. Тоқсандық есептерді, мемлекеттік сатып алуларды өткізу бойынша ақпаратты әзірлеу. Штаттық, қаржылық, кассалық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық сметалардың және басқа да шығындарды, бухгалтерлік құжаттардың, олардың нөмірлерін сақталуын қатаң сақтауды ұйымдастыру және бекітілген тәртіпте мұрағатқа тапсыру.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»  мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

14. «Долинка кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-G-3,  № 2).

Функционалдық міндеттері: Кенттегі электр, сумен жабдықтауын қамтамассыз ету, жолдар және инженерлік желілерін тұрақты жұмыс істеуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау.  Абантандыру және көгаландыру шаралары, жол жабынының жөндеу жұмыстары, көше жарығын қалпына келтіру, кенттің санитарлық тазалауы және автомобиль жолдары жағдайы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар»  мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша)  білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

15. «Долинка кенті әкімінің аппараты»ММ бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-G-3,  № 3, 25.03.2021ж. дейін негізгі қызметкердің баласына күтім жасау демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Әкім қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Заңды және жеке тұлғалардың хататры бойынша іс жүргізу, олардың тіркелуін қамтамасыз ету. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша тоқсандық жылдық, статистикалық есептерін құрастырады. Кент әкімінің жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді.әкімнің тапсырмалары бойынша ақпаратты жинақтайды.  Жер қатынастарын реттеу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Кентте жер қатынастары сұрақтарына жетекшілік жасайды.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»  мамандықтары бойынша, немесе «құқық»  мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» MM,101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.                                                                                                            

Құжаттар электронды түрде «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» MM электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Нысан

__________________________________ 
                                                (мемлекеттiк орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені бос тұрған мынадай _____________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

қызмет орнына тағайындалуым үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын. 

«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен 
келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілетін құжаттар:

________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

________________________________________________________________

 

Мекенжайы және анықтама телефоны _______________________________

________________________________________________________________

 

__________________                                                 _______________________ 
          Қолы                                                                     Аты-жөні, әкесінің аты

                                                                                    (бар болған жағдайда)

 

   « ___» _____________ 20__ ж.

 

Нысан

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

 


Размещение информации: 02.07.2018 17:09

Последнее изменение информации: 02.07.2018 17:13

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 10°C , ылғал 83%, қысым 708, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары