www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат

2016 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында Шахтинск өңірінде мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша жұмыстар өз жалғасын тапты.
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылғы 19 сәуірде қала әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның отырысы болып өтті.  Отырыста келесі 2 мәселе қарастырылды:
1. Шахтинск өңіріндегі білім беру мекемелерінде, «Шахтинск
қаласының білім беру бөлімі» ММ мемлекеттік рәміздерді қолдану жөніндегі талдауының қортындысы туралы;
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін
өткізудің әзірлігі туралы.
Сонымен қатар отырыста комиссия төрағасы комиссия мүшелеріне стандарттардың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік Туын сатып алудың қажеттілігі туралы ескертті.
Отырыста 2016 жылы Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу жөніндегі іс шаралар жоспарының жобасы қаралды.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау негізінде бұқаралық ақпарат құралдары және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму», «Болашағы біртұтас ел» Қазақстан халқына Президент Жолдауларын насихаттайтын баннерлер сияқты сыртқы көрнекі жарнама, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай орнатылған баннер, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық логотипін қолданумен рәсімделген баннерлер арқылы жасалады.
Аймақта құрамына құқық қорғау органдары, мәдениет, білім беру, әділет саласының қызметкерлері, депутаттар кіретін ақпараттық топтардың жұмысы белсендірілген.
Өңірдегі білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған семинарлар, суреттер, дәрістер, шығармалар байқаулары өткізіледі. 
Ай сайын білім беру мекемелерінде «ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы», «История возникновения гимна», «Что мы знаем о государственных символах», «Казахстан в современном мире», «Роль семьи в развитии моральных качеств» тақырыбында сынып сағаттары өткізіледі, оқушылар өздерінің мемлекеттік рәміздер бойынша білімдерін көрсетеді.
Білім беру мекемелерінде оқу жылының басынан бастап жиындарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны тыңдалады. Жалпы білім беретін орта мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасы әзірленген, осы бағдарламаның бір бөлімі біздің мемлекетіміздің мемлекеттік рәміздерін зерделеуге және насихаттауға арналған. «Символы открытости, мира и надежда» жылжымалы көрмесі рәсімделіп және «Флаг, Герб, Гимн – символы нашего будущего мира» викторинасы өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Орталық кітапхана жүйесінің барлық филиалдарында Тәуелсіз Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктері туралы газет қиындылары, кітаптар орналастырылған «Наш Флаг, Герб и Гимн», «ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы», «Символы Казахстана – история страны» тақырыптарымен тақырыптық сөрелер рәсімделді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Күнін мерекелеудің дайындығы аясында қалалық ісшаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Жоспарға сәйкес Шахтинск өңірінде 2 баннер, 2 керме және 26 жалаушалар конструкциясы орнатылды.
2016 жылғы 4 маусымда Шахтинск қаласы әкімінің құттықтау мәтінімен басталған мерекелік концерт болып өтті.
Мерекелік концертте қаланың өнерлі жастары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнер көрсетті.
Осындай мерекелік іс шаралар қаланың жанындағы кенттерде де болып өтті.
2016 жылғы 3 маусымда Новодолинский кентінің мәдениет үйінде «Символы новой эпохи» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Іс шараға қатысушылар әр адамның өзінің туған ғасыры, ол ғасырдың өзіндік рәміздері болатыны туралы айтты. Сонымен қатар іс шара барысында жасөспірімдер мен балалар арасында «Знаешь ли ты символику Республики?» тақырыбымен сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 100 адам қатысты. Сауалнаманың нәтижесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы респоденттердің 95 пайызы білетінін көрсетті.
2016 жылғы 4 маусымда Шахан кентінің халыққа қызмет көрсету орталығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында семинар өткізілді, семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының елтаңбасының СТ РК 989-2008 стандартынан СТ РК 989-2014 стандартына ауыстырылу себептері туралы түсініктеме берілді.
Өткізіліп жатқан барлық іс шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы ұранымен өткізілді. Іс шаралардың өткізілгендігі туралы материалдар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы айдарымен «Шахтинский вестник» газетінде жарияланды.
Шахтинск қаласында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау аясында өңірдегі жастардың белсенді қатысуымен қайтыс болған ардагерлердің ескерткіштерін абаттандыру, жастар мен ардагерлердің тақырыптық кездесуі ұйымдастырылды.
Жастар арасында балалар-жасөспірімдер орталығының көркемөнер үйірмесі Долинка кентіндегі саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында танымдық ісшаралар өткізуде.
Жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуді үйрету мақсатында жалпы білім беретін орта мектептің ұстаздары «Мәңгілік Ел» - национальная идея нашего общеказахстанского дома» тақырыбымен сынып сағаттары топтамасын ұйымдастырды.
Шахтинск өңірінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 08.09.2016 17:45

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары