www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша нұсқаулар

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану
және насихаттау және облысымыздың үйымдарында
мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, өзіндік тарихы мен дәстүрі бар жас егеменді мемлекеттің бет бейнесін көрсетеді. Сондықтан әрбір адам үшін қасиетті болып саналатын елінің нышандарына кұрметпен және ерекше ыждахаттылықпен қарауды жеткіншек ұрпақтың санасына сіңіру қажет. Мемлекеттіліктің атрибуттары: Ту, Елтаңба, Гимнді зерделеу, олардың болмысы мен маңызына түсінік беру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарына тәрбие беру ісіндегі негізін қалаушы бағыттардың бірі болуы қажет.
Ұйымдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыста:
Қазақстан Республикасының Конституциясы; -  
Қазақстан Республикасы Президентінің  1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан   
Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» №2797 Жарғысы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі ҚР білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсыныстары басшылыққа алынсын
Жоғарыда баяндалғанға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау жөнінде ұсынылады:
1. Мемлекеттік рәміздердің бір деңгейде, сондай-ақ ретімен орналасуы сақталады: Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Білім беру мекемелерінде және әртүрлі ведомстволық ұйымдарда мемлекеттік рәміздердің, салтанатты шаралар, жиылыстар өтетін арнаулы жерде орналасқан көрнекі нұсқасы (немесе стационарлык бұрыш) болуы керек.
Келесісі сақталсын:
1. Мемлекеттік рәміздер толык пайдаланылуы қажет (яғни, бір атрибуттың болмауына жол берілмейді, Тудың матадан жасалған, Елтаңбаның - бедерленген түрі);
2. Салтанатты жиынға қатысушылар тұрған орталық қабырғаға мемлекеттік рәміздерді ілуге болмайды;
3.Жайда орналасқан көрнекі құралдардың жасалу сапасы жоғары және эстетикалық талғамға сай безендірілуі қажет;
4. Жай санитарлық гигиеналық нормаларға сай болуы қажет;
5. Стационарлық бұрыштар шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, көпшілік
жүретін жерден, киім ілгіштен аулақ орналасуы қажет;
6. Мемлекеттік рәміздер бұрышы жарықтандырылуы қажет.
Білім беру мекемесінде мемлекеттік рәміздер міндетті түрде:
1. Мектеп директорының кабинетінде: матадан жасалған Ту, бедерленген Елтаңба және ҚР Президентінің портреті (Ту директор үстелінің сол жағында орналастырылады).
2. Оқу кабинеттерінде (тарих, мемлекеттік күқық негіздері, алғашқы әскери дайындық, қазақ тілі), кітапханаларда баспада шығарылған түрі (лицензияланған).
Рәміздерді тақтаның сол жақ қабырғасына орналастыру кажет (жанына басқа қабырға газеттері ілінбейді).
Алғашқы әскери дайындык кабинеті «АӘД кабинетіне қойылатын талаптарға» сәйкес безендіріледі.
3. Басқа кабинеттерде үстелге койылатын Ту болуы қажет.
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік рәміздер (баспада шығарылған түрі)
ересектер және дайындық топтарында, казак тілі кабинетінде орналасуы қажет.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМАДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ





Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мемлекеттік рәміздерді ҚОЛДАНУ

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 06.05.2015 08:51

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары