www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қазақстан Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кірді(ГРЕКО)

Қазақстан Еуропа Кеңесінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мемлекеттер тобына кірді

(ГРЕКО)

 

Біздің еліміз ГРЕКО-ға кіруүшін 10 жылдамастамуақытжұмысістеді. Бұл жұмыс сонау 2009 жылы басталған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдың 15 қазанында Страсбург қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлік Шпекбаев пен Еуропа Кеңесінің бас хатшысының орынбасары Габриэлла  Баттаини-Драгони тиісті келісімге қол қойды. Келісімді ратификациялау туралы заң жобасын парламенттің екі палатасы да мақұлдады және 2019 жылғы 30 желтоқсанда мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды. Қол қойылған сәттен бастап Қазақстан ГРЕКО-ның жаңадан кірген 50-ші мүшесі болды.

Еуропа Кеңесінің сарапшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға және жалпы біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың  әлемнің ең үздік тәжірибелеріне және халықаралық нормативті құқықтық актілерге сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізетін болады.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының озық тетіктері мен тәжірибелері осы ұйымға кірген өзге де елдерге таратылады.

Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы(ГРЕКО) озық еуропалық стандарттардың негізінде мүше-елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру мақсатында 1999 жылы құрылды. ГРЕКО 49 мемлекеттің, оның ішінде АҚШ, Великобритания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия сияқты және тағы басқа мемлекеттердің басын біріктірген. Посткеңестік мемлекеттердің ішінде ГРЕКО-ға Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Молдова, Беларусь мемлекеттері кірген. 

 

 

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

мемлекеттік-құқықтық жұмыс 

бөлімінің басшысы,

әдеп жөніндегі уәкілі

А. Майдина

 


Размещение информации: 03.02.2020 11:31

Последнее изменение информации: 03.02.2020 11:49

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 15°C , ылғал 42%, қысым 720, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 447.60
Euro 489.41
Рубль 5.71

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары