www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Әдеп жөніндегі өкілдің рөлі мен қызметі туралы

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі  12 - қадамын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілді және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.  

Әдеп кодексінің талаптары лауазым деңгейіне және жұмыс өтіліне қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілерге бірдей міндетті. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің қызметі барысында туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларды ескере отырып, мінез-құлық стандарттарын реттейді. Қоршаған ортамен өзара қарым – қатынас мүдделері шиеленісі туындау барысындағы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы жүйеге келтірілген.

Әдеп кодексін іске асыру үшін әдеп жөніндегі өкіл тиімді көмек көрсетеді, оның қызметі Әдеп жөніндегі өкіл туралы ережемен реттеледі. Ережеге сәйкес әдеп жөніндегі өкілдің рөлі мен қызметі қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызметшілердің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын, олардың жауапкершілігін арттыруға,  ұжымда және қоғамда жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.  Мүдделер шиеленісі туындаған жағдайда, әдеп сипатындағы жағдайларды шешу үшін мемлекеттік қызметшілер және азаматтар әдеп жөніндегі өкілге жүгіне алады.

Осылайша, әдеп жөніндегі өкіл өз құзырлығы шегінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарының сақталу мәселесі бойынша, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды.

Ұжымдағы жағымды моральдық- психологиялық климат, ұжым арасындағы жақсы қарым-қатынас әр мемлекеттік қызметшінің жұмысына оң әсерін беретіндігі құпия емес, ал ол нәтижесінде мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін арттырады. Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жағдайына және мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік этика нормаларын ұстануына мониторингін жүргізу мақсатында жасырын сауаланама жүргізіледі.

Әдеп жөніндегі өкілдің функциялары азаматтарға кеңес беру, мемлекеттік органның қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

Мінез-құлық стандарттары жаңа сапалы деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өту керек, ол мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілікті және мінез – құлықты  өздігінен бақылауды талап етеді, ал ол өз кезегінде мемлекеттік қызметтің имиджіне оң әсерін береді.

 

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің

басшысы, әдеп жөніндегі өкіл                                                 

Майдина Асия Исмагуловна


Размещение информации: 03.04.2018 10:57

Последнее изменение информации: 04.04.2018 08:49

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары