www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Шахан кенті кенті тұрғындарының назарына!

28 маусымда сағат 10.00 – ден 13.00-ге дейін Шахан кентінің мәдениет үйінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі мен  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бір уақытта өтеді.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша Шахтинск қаласының әкімдігімен бірлесіп өткізілуде.

Бұл күні жәрмеңкелерге келушілерге 14 мемлекеттік мекеме мен ұйымдардың өкілдерінен мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кеңес алуға мүмкіндік туады.

Барлық тілек білдірушілерге электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға, сондай - ақ онлайн-режимде электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетіледі.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін Шахан қаласы әкімінің аппараты Шахтинск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Жұмыс іздеушілер өздерінің әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесіп, ұсынылған бос жұмыс орындарымен танысып, оларға өз түйіндемелерін қалдыра алады. Жәрмеңкенің әрбір қатысушысына 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу, жұмыспен қамту және еңбек заңнамасы, оқыту, жеке ісін ашу, грант алу мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігі туындайды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға өңірдің 20-дан астам жұмыс берушілері мен ұйымдары шақырылды.

 

Барлықтарыңызды мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінде және бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде күтеміз!

 

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 30°C , ылғал 19%, қысым 705, жел 11 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.70
Euro 427.15
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары