www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жария ету науқаны жалғасуда(мақала Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Жаңалықтар» бөлімінде 2016ж.03.15. жарияланған)

Қазақстанда жария ету науқаны жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қабылданды және ол 2014 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді. 2015 жылғы қарашада жария ету мерзімі 2016 аяғына дейін ұзартылды. Мүлікті жария ету мәселесіне қатысты сұрақтарға Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Саят Бейсембек жауап берді.
- Жария ету мерзімін ұзартумен байланысты қандай өзгертулер мен толықтырулар пайда болды?
- Барлық талаптар бұрынғысынша қалды. Өзінің мүлкін жария етуге ниет білдірген тұлғалар комиссияға төрт құжаттан тұратын аз ғана құжаттар жиынтығын ұсынады: олар өтініш, түпнұсқасымен бірге жеке куәлігінің көшірмесі, ғимараттар мен имараттардың құрылыс нормасы мен қағидасына сәйкестігіне техникалық тексеріс өткізу жөніндегі аттестацияланған сарапшының қорытындысы, жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты.
- Қандай мүліктер жария етуге жатады?   
- Өзінің жер учаскесінде салынған ғимараттар, құрылыстар және имараттар (ол жеке меншікте болу керек және 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін салынған болу керек). Сондай-ақ, құрылыс пен имарат нысаналы мақсатына сәйкес келу керек. Демек, егер учаскені дүкен салуға  алсақ, ал оның орнына үй салған жағдайда өтініш беру керек емес, себебі комиссия мұндай жылжымайтын мүліктерді жария етуден бас тартады. Мұнымен Шахтинск қаласының әкімдігі айналысады.
- Кімдер жария ету субъектілері болып саналады?    
- Жария ету субъектілері - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Дәл осы адамдар үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 1 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы жұмыс істейді. Бізге заңды тұлғалар өтініш білдіреді, алайда біз оларға өтінішті қабылдай алмайтындығымызды, себебі заңнама нақты көрсетілген субъектілерге ғана жұмыс істейтіндігін түсіндіреміз.
- Өтініш білдірген адамдардың барлығында бірдей құжаттар түгел емес. Осындай жағдайда не істеу керек?
-  Ең бірінші заң бойынша Жер кодексіне сәйкес жер учаскесін рәсімдеп, содан кейін ТТБ (техникалық түгендеу бюросы) гаражға тиесілі құжаттарды алу туралы өтініш білдіру керек. Тағы бір жайды естен шығаруға болмайды: ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кейін салынған объектілер жария етуге жатпайды және ресімделмейді. Міне, техпаспорт не үшін керек, онда объектінің салынған жылы көрсетілген. Өтініштерге талдау жүргізе отырып, көп адамдар шарт бойынша немесе қорғаншылық шарты бойынша пәтерлерді немесе объектілер сияқты жылжымайтын мүліктерді жария ете аламын деп ойлайтындарын аңғардым. Бекер, себебі бұл объектілер коммуналдық меншіктегі объектілер. Олар туралы мәселелер тек сот арқылы шешіледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекет пайдасына түсуі қажет мүліктер де жария етуге жатпайды. Бұл мәселе Жария ету туралы заңда көрсетілген және ережеде айтылған. Жария ету көлеңкелі айналымдағы капиталды көлеңкеден шығаруға және  қандайда бір себептермен жасырылған кірістерді экономикаға тарту үшін жасалған дүние. Жария етудің арқасында әр азамат өзінің мүлкін ретке келтіре алады және ұзаққа созбай жылжымайтын мүлікті өз атына заң бойынша бекіте алады.
- Жария ету науқаны басталғаннан бері комиссияға жария ету мәселесімен келген және мүлкін жария еткендер қанша?
— Комиссияға келіп түскен өтініштер саны 8, оның ішінде 32 млн.100 мың  тенге сомаға 4 объект жария етілген. Қазақстан Республикасының «Жекешелендіру туралы» Заңын айналып өтіп, пәтерлерді жария еткісі келетіндер де өтініш білдіреді. Алайда бұл жерде пәтер мен жерді емес, тек ғимараттарды, құрылыстарды және имараттарды ғана жария етуге болады. Сондай-ақ, мүлікті сатуға тиым салынған немесе ғимарат бойынша іс сотта қаралып жатса, ондай мүліктерді де жария ете алмаймыз.
- Мүлікті жария ету жөніндегі комиссия құрамында кімдер бар?
- Жария ету үдерісін ұйымдастыру үшін Шахтинск қаласының әкімдігі мүлікті жария ету жөніндегі комиссия құрған болатын. Комиссия құрамында 9 адам. Оның ішінде комиссия төрағасы –  Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, салық қызметінің, әділет басқармасының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың өкілдері, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттары тұлғасындағы комиссия мүшелері.
- Мүлікті жария ету мәселесі бойынша тұрғындар қай жерге өтініш бере алады?
- Құжаттарды қабылдау үшін қажетті ұйымдастыру техникаларымен, жиһаздармен және ақпараттық – түсініктеме беру материалдарымен жасақталған жай берілген. Аталмыш жай Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 мекенжайындағы ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Құжаттар жұмыс күндері сағат. 9-00 ден 17-00 –ге дейін қабылданады, үзіліс сағат 13-00 ден 14-30-ға дейін; сенбіде сағат.  9-00 ден 13-00-ге дейін. Анықтама телефондары: 4-47-71. Мүлікті жария етуге құжаттарды қабылдау мерзімі жылдың аяғына дейін ұзартылғанын ескере жүріңіздер.

Шахтинск қаласы әкімінің аппараты


Размещение информации: 15.03.2016 17:50

Последнее изменение информации: 15.03.2016 17:59

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары