www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Құрметті Шахтинск тұрғындары!

 

Баршаңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Айтулы күннің халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Қазақстан Республикасында 1991 жылуын 1 желтоқсанында өткен Тұңғыш Президент сайлауы осының дәлелі. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы  - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды.   Содан бері Қазақстан тәуелсіз  жылдар ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең  деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туы көкке көтерілді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, өзінің қазақстандық даму жолын таңдады.

Тұңғыш Президентіміз қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді.  Бұның өзі Елбасының ерлікке парапар істерінің нәтижесі болатын. «Алдымен – экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы артты. 

Елбасымыз Қазақстан халқына үндеуінде "Біз барлық батыл армандарымызды бірге жүзеге асырып, Қазақстанды гүлденген мемлекетке айналдыра аламыз",– деген. Сондықтан мен бүгін Қазақстанның әрбір азаматы Елбасының тәуелсіз, дамыған мемлекет құру жолындағы қызметін терең ұғынып, шынайы ықыласпен қолдайтынына сенімдімін.

Құрметті жерлестер! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бұл барша халықтың ортақ мерекесі. Айтулы мереке қарсаңында баршаңызға бақыт, әрбір шаңыраққа береке, шаттық, бейбітшілік пен ынтымақ тілейміз!

 Халқымыз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз Мәңгілік болсын!

 

Дорогие шахтинцы!

 

       День Первого Президента Республики Казахстан - знаковый день в истории Независимого Казахстана.   Известно, что особый статус государства во многом определяется личностью его Лидера, который на протяжении всего периода становления определяет направления развития страны. Осуществляемая под руководством Главы государства последовательная политика коренных преобразований и модернизации, продуманная система мер по обеспечению устойчивого и сбалансированного развития экономики страны находит признание во всем мире, и Нурсултан Назарбаев заслуженно считается архитектором интеграционных процессов на евразийском пространстве. Многогранная деятельность Главы государства Н.А.Назарбаева, его неустанный труд во имя процветания страны достойны самой высокой оценки.
Сегодня Казахстан стал государством с прочно установившимся межнациональным согласием , с постоянно развивающейся экономикой, наукой и культурой. Благодаря конструктивной политике нашего Президента страна достигла социально-экономического развития. Казахстан стал эталоном устойчивого роста, а формула Нурсултана Абишевича Назарбаева «сначала - экономика, затем - политика» стала классическим выражением методологии успешных реформ на постсоветском пространстве.

Обращаясь к народу, Глава государства подчеркивает:  «Мы вместе смогли сделать Казахстан преуспевающим, и вместе мы сможем сделать его процветающим». Мы верим своему Президенту и уверены, что поставленные задачи будут выполнены.

 

Уважаемые земляки!

 

   От всей души поздравляем вас с государственным праздником - Днем Первого Президента Республики Казахстан!

Пусть над нашей страной  всегда будет светлое небо, пусть в мире, дружбе и согласии живут все народы.
Желаем всем здоровья, благополучия, успехов во всех начинаниях, взаимопонимания и уверенности в будущем!

 

С.Аймаков, аким г.Шахтинска

С.Мамерханова, секретарь городского маслихата

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары