www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Құрметті аймақ тұрғындары, қадірлі мұсылман қауым!

Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандар қауымының ұлық  мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүзден астам ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақтың астында  берекелі ғұмыр кешіп жатқан Қазақстан секілді көпұлтты мемлекет үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Бұл күндi барша мұсылман бауырларымыз асыға күтеді. Ата-баба дәстүрімен үндестігін тауып келе жатқан бұл мейрам бүгінде мемлекеттік мереке.

Бұны Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясатының, кең байтақ жеріміздегі діни конфессиялардың сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі деп білеміз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің қарыштап дамуымыздың басты кепілі ішкі тұрақтылық екенін әрдайым айтып келеді. Ал ішкі тұрақтылықтың басты факторы діни ынтымақтастық екені баршамызға белгілі. Көптеген ұлыстардың мекені атанып отырған елімізде түрлі дін өкілдері татулық пен береке-бірлікте өмір сүріп, әдет-ғұрыптарын жандандырып, дамытып келеді. Еліміз барлық мұсылман елдерімен достық қарым-қатынаста болып, ислам бірлестігінде ерекше орын алып отыр.

Жарқын да, мейірімді мереке құтты болсын дей отырып, сіздерге ынтымақ-бірлік, шаттық пен береке, еліміздің тәуелсіздігі баянды болуын және әр шаңыраққа көңіл жарасымы мен бақыт тілейміз!

Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз  жарқын болсын!

 

С.Аймақов, Шахтинск қаласының әкімі

Ж.Мамерханова, қалалық мәслихаттың хатшысы

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 48%, қысым 717, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.07
Euro 427.54
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары