www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2014 жылы халықтың көші-қоны

Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.
Көшіп-қонушы – тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.
Келушілер саны – есеп беру кезеңінде сырттан осы аумаққа көшіп келген адамдар саны.
Кетушілер саны – есеп беру кезеңінде сыртқа осы аумақтан көшіп кеткен адамдар саны.
Көшіп кету аумағы – көшіп-қонушы кететін аумақ.
Көшіп келу аумағы – көшіп-қонушы келетін аумақ.
Республика өңірлеріне келгендер мен олардан кеткендер саны ішкі істер органдарының көші-қон полицияларынан (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар)  келіп түсетін халықты тұрғын орынға есепке алған кезде мекенжай парақшаларымен бір мезгілде толтырылатын келгендер мен кеткендердің статистикалық есеп талондарын өңдеу нәтижесінде анықталады. Деректер қала мен ауылдық мекендер, жынысы мен жасы, келген және кеткен өңірілері мен көші-қон ағынының бағыттары бойынша жіктеледі.
Көші-қон айырымы – есеп беру мерзімінде аумаққа көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.
Еңбекке жарамды жастағы көші-қонға жататындар 16-62 жастағы еркектер және 16-57 жастағы әйелдер.
Көші-қонның негізгі көрсеткіштері болып табылады:
келгендер саны (келу);
кеткендер саны (кету);
көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон  сальдосы, таза көші-қон.
Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері тұтастай халықтың белгілі бір кезеңде тұратын орнын ауыстыру жағдайының жиілігін сипаттайды. Көбінесе бір жылға есептегенде 1000 тұрғынға шаққандағы көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенті пайдаланылады.


Размещение информации: 29.08.2016 17:35

Последнее изменение информации: 31.08.2016 15:28

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 20°C , ылғал 44%, қысым 712, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.91
Euro 428.81
Рубль 5.79

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары