www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Шахтинск аймағындағы діни ахуал туралы ақпарат

2015 жылдың 28 сәуіріндегі жағдайына Шахтинск өңірінде 20 діни бірлестік тіркелді.
Сонымен қатар Шахтинск қаласы, Калинин көшесі-4 мекен-жайында орналасқан 1 діни бірлестік (баптистер) тіркеусіз жұмыс жасайды.
Есеп беру мерзімінде діни бірлестіктердің арасында мемлекетіміздің тұтастығына қауіп төндіретін әлеуметтік, ұлттық, діни шыдамсыздық тудыратын діни экспансия идеяларын насихаттау, діни ұйымдар арасында ұрыс туғызу және діни арандатушылық фактілері байқалған жоқ.
Шахтинск өңірінде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында қала әкімдігінің жанында діни бірлестіктермен байланыс жасау жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды.
Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімімен жыл сайын діни бірлестіктермен байланыс жасау жөніндегі Кеңестің жұмыс жоспары әзірленеді және осы жоспар аясында үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жоғарыдағы жоспарға сәйкес тоқсан сайын діни бірлестіктермен байланыс жасау жөніндегі Кеңестің отырыстары жүргізіледі.
Шахтинск өңірінде жергілікті деңгейде ақпараттық-насихаттау тобының (құрамы 14 адамнан тұрады) жұмысы ұйымдастырылған, топтың мүшелері теріс пиғылды діни ағымдардың әсерін түсіндіру, сонымен қатар террористік істерге қатысу үшін Қазақстан азаматтарының шетелге баруына жол бермеу бойынша түсіндіру-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Шахтинск өңірінде 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі ісшаралар жоспары әзірленіп, бекітілді, осы жоспарға сәйкес жыл басынан 500-ден астам адам қамтылған 9 кездесу өткізілді.
Әр ісшараның соңында мұсылмандықтың атын жамылған әртүрлі ағымдардың теріс пиғылды әрекетін ашатын  («Западня», «Как маскируется зло», «Заблудившиеся», «Путь к истине») деректі фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып отырады.
Ақпараттық-насихаттау жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдары да өз үлесін қосуда, 2015 жылдың басынан 10 ақпараттық-анықтамалық мақала жарияланды.
Тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғындарға діни қарым-қатынастар саласында ақпараттық және кеңесшілік көмек көрсету бойынша «Қауырт желі»-нің жұмысы туралы жарияланып отырады.
Сонымен қатар Шахан жақтан қаланың кіре берісінде «Қауырт желі»-нің жұмысы туралы 3*6 көлемді баннер орнатылды.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 05.05.2015 16:27

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары