www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2012 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау бағдарламасын іске асыру

2012  жылы Шахтинск аймағындағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы ақпарат

Үкіметтік емес секторды одан әрі дамыту мақсатында, мемлекеттік органдармен конструктивті  әрекет жасауға, 2012 жылы Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімімен Шахтинск аймағындағы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті бюджеттен 4 100 мың тенге қаражат бөлінді.
Бұл бағдарламада қоғамдағы әлеуметті-мағыналы проблемаларды шешу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды тарту, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың байланыс жасауы, аймақта оқытатын семинарлар, тренингтер өткізу қарастырылған.
2012 жылдың 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша Шахтинск аймағында 18 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, оның ішінде  11   белсенді  жұмыс істейді. Шахтинск аймағында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы мүгедектерге, әлеуметті жағдайы нашар азаматтарға қолдау көрсетуге, балалар мен жасөспірімдерге білім және тәрбие беруге, мәдениетті сақтап, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған.
Аймақтағы белсенді жұмыс істейтін - «Взгляд молодых» жастар қоғамдық бірлестігі, «Қазақтың зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер Кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Білім +» қоғамдық қоры.
2012 жылы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы аясында 4 лот қалыптастырылған, оның 3 – жылдық, 1- қысқа мерзімді жобалар.
1. «Шахтинск аймағындағы ардагерлерге кеңес беру және  бірінші заңдық көмек көрсету жөніндегі қоғамдық қабылдаудың жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. (Жобаның жеңімпазы «ҚР ардагерлер Кеңесі» ҚБ Шахтинск қалалық филиалы)
2. «Шахтинск аймағындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гендерлік саясат және отбасы-демографиялық саясат бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы. (Жобаның жеңімпазы «Взгляд молодых» ЖҚБ)
3. «Әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер» әлеуметтік жобасы. (Жобаның жеңімпазы «Взгляд молодых» ЖҚБ)
4. «Лаңкестік және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы. (Жобаның жеңімпазы «Ангел Мой» ҚБ)
1. 2012 жылы «Шахтинск аймағындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гендерлік саясат және отбасы-демографиялық саясат бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы іске асырылды (Жобаның жеңімпазы «Взгляд молодых» ЖҚБ).
Жобаның мақсаты – гендерлік саясат және психология саласында отбасының қарым-қатынасын қалыптастыру, халықты сауықтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, аймақтағы әйелдерді салауатты өмір салтын жүргізу мәселелеріне белсенді қатыстыру болып табылады.
Жобаның есептері:
Тұрғындардың өз денсаулығына жауапты қарауын қалыптастыру;
Жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауы, тұрғындардың денсаулығын қалыптастыру деңгейін көтеру;
Сау балалардың тууы және отбасыларды құру деңгейін көтеру;
Салауатты өмір салтын насихаттау;
Жанұядағы зорлық-зомбылықтың және ажырасудың алдын алу шаралары;
Отбасындағы өзара қарым-қатынастың жағдайын жасау және жақсарту;
Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде және жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау;
Гендерлік теңдікті насихаттау.

2012 жылдың 1 наурызынан бастап күн сайын сейсенбіден
сенбіге дейін (14:00-ден 20:00-ге ) Шахтинск аймағының тұрғындары үшін 8 (72156) 56070 телефоны бойынша «жедел телефон желісі» типіндегі кеңес беру Қызметі жұмыс  істеуде. Өткен мерзім бойынша мұнда 105 қоңырау соғылған. Оның ішінде психологтан 81 адам, заңгерден 24 адам кеңес алды.

Өткен есеп беру мерзімінде келесі іс-шаралар өткізілді:

1. 2012 жылғы 15 наурызда аймақтағы тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және гендерлік теңдік бойынша акция өткізілді, іс-шара аясында Шахтинск ҚІІБ әйелдер құқығын қорғау жөніндегі инспектормен бірігіп парақшалар мен әдістемелік нұсқаулар таратылды.   
2. 2012 жылғы 20 сәуірде «Жыл отбасы» қалалық байқауы өткізілді, оған 4 жанұя қатысты.
Астафьевтар отбасы. Отағасы Денис Геннадьевич – жеке кәсіпкер, жұбайы – үй шаруасындағы әйел, жанұяда 3 бала тәрбиеленуде.
Мухамедиевтер отбасы. Отағасы Есен Сайдываевич - өрт құтқарушысы, жұбайы Жаналық Аманаевна - өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист, балалары Нурумхан мен Ерхан - №16 ҚОМ оқушылары.
Утегеновтар отбасы. Отағасы Канат Калдыбекович НОММ зауытында дәнекерлеуші, жұбайы Амиреева Лена Балхыбаевна №16 ҚОМ ұстазы.
Пауль отбасы. Отағасы Александр Владимирович «Ленин атындағы» шахтада тау-кен шебері, жұбайы Оксана Валерьевна - №15 ОМ директоры, қыз баласы Элина №15 ОМ оқушысы, ер баласы Михаэль «Салтанат» балалар бақшасында.
Іс-шара барысында  «Визитная карточка», «Отбасылық өнер», «Творческое решение нестандартных ситуаций», «Семейные узы», «Семейное творчество», «Асханалық өнер». Байқаудың қортындысы бойынша Пауль жанұясы жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға сыйлықтар, гүлдер және мақтау қағаздары табыс етілді. Іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, бірінші басшылар шақырылды. (Шахтинский вестник газетінде 27.04.2012ж. «Едина семья–едина держава» мақаласы жарияланды)
3. Шахтинск аймағындағы білім беру мекемелері мен жастар орталықтарында «Формула счастливой семьи» өзекті тақырыбына арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі семинар-тренингтер өткізу.
«Взгляд молодых» ЖҚБ волонтері В.Зиганшин Қазақстанда әрбір үшінші некенің бұзылуы, әрбір үшінші бала толық емес отбасында тәрбиленетіні, әрбір жетінші бала некесіз туатыны туралы мәселелерді көтерді, сонымен қатар отбасында қалай өзара түсінушілік пен сыйластықты дұрыс құру туралы айтты.
4. 2012 жылғы 5 мамырда Шахтинск қаласының жастар орталығында «дөңгелек үстел» өткізілді, онда келесі мәселелер қарастырылды: «Отбасы деген не, оның маған керегі бар ма?», «Отбасының негізі не?», «Отбасының құндылықтары қандай?», «Некеге қандай жаста отыру керек?». Осы сұрақтарға «сенім телефоны»-ның психологы Л. Гегель және психолог Т. Осадчая жауап беруге көмек берді және балаларға «Жанұя күнделігін» жүргізіп, оған отбасындағы қызықты сәттерді, балалардың тууы, бірінші қадамдары, алғашқы сөздері, бірінші тістерінің шығуы, әкесінің жұмыста көтерілуі, әжесінің зейнетке шығуы, басқа да құнды сәттерді жазып отыруға кеңес берді. (Шахтинский вестник газетінде 11.05.2012ж. «Сохранить семью» мақаласы жарияланды)
5. Ағымдағы жылдың 15 мамырында ХҚКО салтанаттты жиындар өткізетін залда Жанұя күніне арналған іс-шара болып өтті. Іс-шарада Обиночный, Абишевтар отбасына баланың туу туралы күәліктері, әскери қызметтегі Ахметовтар жанұясын, Мазанько көпбалалы жанұясына «Күміс алқа» марапатын табыстау болды. Іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, бірінші басшылар шақырылды.  
6. 2012 жылғы 06 маусымда Михайловский ауданының милиция бөлімінде «Взгляд молодых» ЖҚБ қызметкерлері қатысқан «Профилактика по противодействию торговле людьми» семинары өткізілді.
7. 2012 жылғы 12 маусымда қаланың жастар орталығында «Торговля людьми» тақырыбымен «дөңгелек үстел» өткізілді. «Адам саудасы деген не, құлдыққа қалай түспеу керек, неге құжатты алып, тегін жұмыс істеуге мәжбүрлейді?» деген балалардың сұрақтарына «Взгляд молодых» ЖҚБ және ҚІІБ өкілдері жауап берді. Сонымен қатар осы сұрақтарға «Взгляд молодых» ЖҚБ жобаларының жетекшісі В. Саранчукова жауап берді.
Шахтинск қаласының ҚІІБ әйелдер құқығын қорғау жөніндегі топтың инспекторы А. Жапарова адам саудасымен айналысатындар, оның алдын алу туралы айтты. «Взгляд молодых» ЖҚБ психологы Л. Гегель балаларға адам саудасымен айналысатындардың қақпанына түспес үшін пайдалы кеңестер берді.  Сонымен қатар балалармен «противодействие торговле людьми» тақырыбымен тренинг өткізілді. Балалар басқа елде Қазақстанның елшілігін қалай табуды, келісім-шарт жасауды үйренді. (2012 жылғы 16 маусымда «Шахтинский вестник» газетінде мақала).
8. 2012 жылдың 20 маусымында «БАРС» орталық стадионында 9 жанұя қатысқан «Спорттық отбасы» спорттық мерекесі өткізілді. Сайыстың қортындысы бойынша 1 орынды – Гориндер жанұясы, 2 орынды – Юрьевтар және Танабаевтар жанұялары, 3 орынды – Эш жанұясы иеленді. (2012 жылғы 27 шілдеде «Шахтинский вестник» газетінде мақала, 2012 жылғы 20 маусымда «5 канал» көрсетілім).
9. 6-8 тамыз аралығында «Тас бұлақ» қонақ үйінің базасында  «Здоровая семья» тақырыбымен шығу семинары өткізілді. Семинарға 28 адам қатысты (балаларымен 10 отбасы). Отбасылармен «Сау отбасы деген не?», «Сау балаларды қалай өсіру керек?» тақырыптарымен тренингтік жұмыстар өткізілді.
«Взгляд молодых» ЖҚБ  волонтерлері отбасыларға арнап велосипедтен жарыс, тауға өрмелеу, қайық тебу сияқты спорттық сайыстар ұйымдастырды.
10. Ағымдағы жылдың 7 тамызында жастар орталығында «Опасности Интернета: безопасный виртуальный климат для ребенка» тақырыбымен тренинг болып өтті. Мұнда ғаламтордың зияны, онда көп отыру балаға зиян екені айтылды.
11. 2012 жылғы 11 қыркүйекте қаланың көшелерінде «Семья без насилия» акциясы өткізілді. Акция барысында ЖҚБ волонтерлері қаланың көшесінде балаларды қорғайтын Заңның негіздері туралы, республикамыздағы сенім телефондары туралы үгіт жұмыстарын жүргізді.
12. 2012 жылғы 30 қыркүйекте Шахтинск қаласының мәдениет үйінің сахнасында «Шахтинск аруы» байқауы болып өтті. Байқау өте қызықты өтті. Байқау нәтижесінде «Шахтинск аруы» атағын К. Коваленкожеңіп алды, 2 орынды – М. Филатова, 3 орынды – М. Будилова иеленді. (2012 жылғы 2 қарашада «Шахтинский вестник» газетінде мақала, 2012 жылғы 31 қазанда «5 канал» ТК көрсетілім).
13. 2012 жылғы 8 қарашада балалардың әлеуметтік мінез-қылығының өзгеруін қалыптастыруға бағытталған «Менің арманым» тақырыбымен суреттер байқауы өткізілді. (2012 жылғы 16 қарашада «Шахтинский вестник» газетінде мақала).
14. 2012 жылғы 13 қарашада жастар орталығына келуші балалардың ата-аналарымен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуы тақырыбымен семинар өткізілді. Сонымен қатар 20 қарашада «Противодействие суицидальному поведению среди подростков и детей» тақырыбымен «дөңгелек үстел» болып өтті. (2012 жылғы 16 қарашада «Шахтинский вестник» газетінде мақала).
15.  Ағымдағы жылдың 22 «Лучший папа 2012» байқауы болып өтті, байқауға 5 әке қатысты. (2012 жылғы 30 қарашада «Шахтинский вестник» газетінде мақала, 23 қарашада «5 канал» ТК бейнесюжет көрсетілді).
16. Ағымдағы жылдың 26 қарашасынан бастап қалада «16 дней против насилия» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына назар аударып, оның алдын алу. Акция аясында «Проблемы домашнего насилия. Механизмы противодействия» тақырыбымен «дөңгелек үстел» болып өтті. Қоғамдық көпшілік орындарда ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, парақшалар мен буклеттер таратылды. Аймақтағы білім беру мекемелеірнде тренингтер өткізілді. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау»АҚ КД кәсіпорындарында «16 дней без насилия» тақырыбымен семинарлар болып өтті, онда Шахтинск аймағында тұрмыстық керістің әсерінен болып жатқан қылмыстың алдын алу мәселелері көтерілді. Акция барысында жағдайы, тұрмысы нашар отбасыларға тексеру жүргізіліп, бала мен ана құқығын бұзу фактілері анықталып, материалдары Шахтинск қаласының ҚІІБ жіберілді. («Индустриальная Караганда» газетінде мақала, «5 канал» ТК сюжет).
Нәтижесі: жалпы 5031 адам қамтылған 16 кеңкөлемді іс-шара өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 14 жарияланым.

2. «Әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер» әлеуметтік жобасы. (Жобаның жеңімпазы «Взгляд молодых» ЖҚБ)
Жобаның мақсаты -  жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу және қалыптастыру.
Жобаның есептері
Шахтинск қаласы және Қарағанды облысын әлеуметті-экономикалық дамыту, Қазақстан және Шахтинск қаласының тәуелсіздігін дамыту тарихын тұрғындарға ақпараттандыру деңгейін көтеру;
Шахтинск аймағындағы тұрғындардың патриоттылық деңгейін дамыту;
Жоба жөнінде БАҚ жариялау;
Тәуелсіздікті насихаттау;
Шахтинск қаласының жаңа толықтырулары бойынша жұмыстар жүргізу;
Жастарды қаланың алғашқы құрылысшылары, кеншілері, ауғанстан және соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлерімен таныстыру;
Жастарды туған қаласына, туған елге деген сезімдерін әлеуметтік қалыптастыру;
Жастар санынан көшбасшыларды анықтау және қолдау көрсету;
Аймақтағы жас журналистерге қолдау көрсету;
Жас дарындарға қолдау көрсету;
Патриотизм тақырыбы бойынша жастармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін іздеу және енгізу;
Шахтинск аймағының имиджін көтеру.

Қазіргі уақытта мақсатты мәселелер аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
         1. 15 ақпанда мәдениет үйінде Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарудың 23-жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Жиналғандардың алдында қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық өкілдері сөз сөйлеп, мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.  «Взгляд молодых» жастар қоғамдық бірлестігімен қаза болған жауынгерлердің аналарына ақшалай материалдық көмек табыс етілді.  Интернационалист жауынгерлер «Уголек» мейрамханасына банкетке шақырылды. Концертке 500 адам, түстікке 80 адам қамтылды (Шахтинский вестник газетінде 24.02.2012ж. мақала жарияланды).
2. 23 ақпанда №3 орта мектептің базасында «Молодые ветра» вокалды байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және іс-шара Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 20-жылдығы, Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарудың 23-жылдығына арналды. Іс-шараға 200 адам қамтылды (Шахтинский вестник газетінде 02.03.2012ж. «Вспоминай Афган» мақаласы жарияланды).
3. Қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақ хандарының тарихын, туған өлкесінің тарихы білу викторинасы Наурыз мерекесін тойлауға арналды. Мерекеге арналған іс-шара 16 наурыз күні Шахтинск қаласының жастар орталығында өткізілді, оған аймақтағы жастар орталықтарының балалары қатысты. Викторинада барлық сұрақтарға және жұмбақтарға мемлекеттік тілде жауаптар беру керек болды. Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің маңызды істеріне араласып, өз үлесін қосып, мемлекетіміздің одан әрі дамуына ат салысуға шақырады. Іс-шараға 50 адам қамтылды.
4. 29 наурызда №3 орта мектептің базасында «Казахстан на международной арене» тақырыбымен «Пусть голос молодости услышит весь мир!» жас журналистердің III аймақтық форумы өткізілді. Бұл форумды өткізу Шахтинск қаласының жыл сайынғы дәстүріне айналды. Форумға Шахтинск қаласы, Новодолинский кенті, Теміртау қаласы, Қарағанды қаласының мектептерінен 70 адам жиналды. Форумда №3 ОМ «Вести созвездия», №1 ОМ «Все включено», №15 МГ «The gymnasium times», Теміртау қаласының «Молодежный портал», Қарағанды қаласының №9 МГ «Алые паруса» сияқты мектеп және жастар басылымдары көрсетілді.
Форумның бірінші бөлігінде балалармен Қарағанды облысының журналистері және жаттықтырушылары мастер класс өткізді:
Братухина Елена – «Новый вестник» газетінің журналисті;
Офицына Елена Сергеевна – «Вести созвездия» мектеп газетінің бас редакторы;
Здельник Алена – «Ярмарка» газетінің журналисті;
Сыздыкова Алия – «7 канал» журналисті;
Волкова Ольга – «Медиалайф» қоғамдық бірлестігінің басшысы, 2009 жылдың қортындысы бойынша ең үздік заңгер, ҚР Президентінің жанындағы журналистер этикасы жөніндегі Кеңестің мүшесі.
Форумда Қазақстанның ХСҰ енуі, күшті экономикалық тұрақты мемлекет  құруда дамыған мемлекеттердің әлемдік тәжірибесін қолдану, ҚР азаматтарының құқығы мен міндеттері туралы талқылау, саяси жағдайларды және оларды шешу жолдары туралы талқылау сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Барлық жеңімпаздар  мен қатысушыларға алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Форумға 100 адам қамтылды.
5. Мамыр айының ағымында аймақтағы жастар орталықтары және «Взгляд молодых» ЖҚБ белсенді мүшелері «Ардагерге көмектес» акциясына қатысты. Акция жас ұрпақтың ардагерлерді ардақтап, оларды құрметтеп, сыйлауға, жастардың осы бағыттағы қозғалысына қолдау көрсетуге бағытталды. Жас адамдар ардагерлердің үйінің маңдарын жинап, шауарышылығына көмектесіп, материалдық көмек көрсетті.
6. Сәуір және қараша айларында Шахтинск аймағында «Таза қала» акциясы өткізіледі. Акцияға жалпы 50 адам қатысты. Акция Шахтинск аймағының әрбір кентінде – Шаханда, Новодолинский, Долинка және Шахтинск қаласында өткізілді. Сенбіліктің басталуының алдында «Найди метку» ойыны өткізілді.
7. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңісті мерекелеуде қалалық саябақта «У победы есть начало» спорттық-танымдық ойыны ұйымдастырылды. Ойынға Шахтинск аймағындағы барлық командалар шақырылды. Ойынды «Взгляд молодых» ЖҚБ волонтерлері жүргізді. Ойын бекеттерді өту түрінде жүргізілді, әрбір топ бекеттердегі тапсырмаларды орындап, өтуі керек болды. Барлық қатысушыларға Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімімен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың бірін-бірі түсініп,сыйласып, мақсатқа жетуде ұйымдасып, бірігіп әрекет жасау керек екендігін үйрету болып табылады.
8. 2012 жылғы 4 маусымда Шахтинск қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 20-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізілді.
Мерекелеу сағат 11:00-де аттылардың бастауымен, ту ұстаушылары бар авто және мото көліктердің сап түзеуімен, жастардың (жалаулар, шарлар ұстаған 500 адам) қатысуымен басталды.
Іс-шараға қала әкімі Е. Нагаспаев, қалалық мәслихаттың хатшысы А. Сатова, әкімнің орынбасарлары, кенттердің әкімдері, «Нұр Отан» ХДП ШҚФ төрағасының орынбасары Г. Каржасов, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі А. Культасов, аймақтағы ұйымдар мен мекемелердің бірініш басшылары және қызметкерлері, депутаттық корпус, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, №7 кәсіптік лицей, Шахтинск технологиялық колледжі, балалар – жасөспірімдер орталығы, «Болашақ» тобының мүшелері қатысты.
Іс-шарада Әнұранның және патриоттық әндердің көпшілікпен орындалуы, Ту және Елтаңбаны ұстаушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ұлықтау болды.
Үгіт парақшаларын таратумен «ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметте» акциясы болып өтті.
Іс-шараның негізгі бөлімінің соңында аспанға 500-ден астам шарлар ұшырылды.
Мемлекеттік рәміздер Күнін мерекелеу концерттік бағдарламамен ұласты.
9. 2012 жылдың 6 шілдесі қарсаңында «Жетімдерге пана» мекемесінде «Взгляд молодых» ЖҚБ волонтерлері «Астана менің жүрегімде» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында балалармен біздің астанамыздың даму тарихы бойынша викторина, соңынан балалар осы тақырыпта шығарма жазды. Акцияның жеңімпаздарына сыйлық ретінде Астана қаласына саяхатқа жолдама берілді.
10. Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде қалада креативті жастардың «Две стороны» фестивалі болып өтті. Іс-шараға қатысқан балалар фестивальды ұйымдастырушы «Взгляд молодых» ЖҚБ логотипі бар футболкалар мен мақтау қағаздарын алды. (2012 жылғы 3 тамыздағы «Шахтинский вестник» газетінде мақала).
11. 2012 жылғы 31 тамызда жастар орталығында «Конституция құрдастары» істік ойыны өткізілді. Ойынға аймақтағы барлық жастар орталықтары және №3 орта мектептің оқушылары қатысты. Ойын бірнеше этаптан тұрды: 1. Конституция қағидалары бойынша жалпы шолу; 2. «ҚР Конституциясы» викторинасы; 3. «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» өзін таныстыру; 4. «Если бы я был акимом...» тақырыбымен пікірталас.
12. 2012 жылғы 18 қыркүйекте Шахтинск қаласының жастар орталығында «Язык живая душа народа» викторинасы болып өтті.
13. Ағымдағы жылдың 20 қазанында №7 кәсіптік лицейде студенттер және «Кеншілер даңқы» төсбелгісінің 33 иегері және алғашқы құрылысшылары қатысқан «Шахтерская слава» фестивалі болып өтті. Іс-шара барысында қаланың алғашқы құрылыстары туралы айтылды. Жастар қаланың атақты адамдарының тағдыры мен өмірі туралы білді. Сонымен қатар аймақтағы шахталардағы жұмыстың ауырлығы, көмір өндірудің әдістері туралы айтылды. Кездесусоңынан асханада түстік ұйымдастырылды. (2012 жылғы 26 қазандағы «Шахтинский вестник» газетінде мақала, 2012 жылғы 28 қазанда «5 канал» ТК сюжет).
14. 2012 жылғы 7 қарашада №3 ОМ базасында аймақтағы жастар орталықтарының балалары және білім беру мекемелерінің 100 оқушылары қатысқан «Стать лидером может каждый» тақырыбымен көшбасшы байқауы өткізілді. Балалар көшбасшы болуда білім мен біліктілік, өз-өзіне сенімділік болуы қажеттілігін білді. (2012 жылғы 16 қарашада «Шахтинский вестник» газетінде мақала).
15. 2012 жылғы 23 желтоқсанда Шахтинск қаласының мәдениет үйінде «Екі жұлдыз» қалалық байқауы болып өтті.  Байқау әскери-патриоттық сипатта өткізілді. (2012 жылғы 1 желтоқсанда «Шахтинский вестник» газетінде мақала).
16. Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Новодолинский кентінің мәдениет үйінде «Лидер нации» тақырыбымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шара барысында Президент Н. Назарбаевтың өмірбаяны, оның еңбек жолы, елбасы болуы туралы айтылды. (2012 жылғы 1 желтоқсанда «Шахтинский вестник» газетінде мақала).
17. Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында 450 студент қатысқан флеш-моб болып өтті. Орталық алаңда студенттермен ЕЛБАСЫ сөзі жазылып тізіліп көрсетілді. Студенттер «Қазақстан! Нұрсұлтан! Нұр Отан!» сөздерін айқайлап ұлттық әуеннің ырғағымен қимыдар жасап тұрды.
18. 2012 жылғы 12 желтоқсанда Шахтинск қаласының мәдениет үйінде жыл сайынғы дәстүрлі Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» жүлдесін табыстау болды. Жүлделер 4 номинация бойынша: «Жылдың үздік жоғары сынып оқушысы», «Жастар көшбасшысы», «Жас маман» және «Жас спортсмен» табысталды.
Нәтижесі: жалпы 10038 адам қамтылған 19 кеңкөлемді іс-шара өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 17 жарияланым. Барлық ақпарат mc-shahtinsk.usoz.org сайтында жарияланды.

«Лаңкестік және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы. (Жобаның жеңімпазы «Ангел Мой» ҚБ)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2012 жылдың 19-20 қазаны аралығында Рухани келісім Күнінің 20-жылдығына арналған лаңкестік пен діни экстремизмнің алдын алу бойынша Теміртау қаласындағы «Самал» шипажайының аумағына шығу семинары ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі тобы – білім беру мекемелерінің ұстаздық құрамы.
Семинарға 30 адам қамтылды.

         «Шахтинск аймағындағы ардагерлерге кеңес беру және  бірінші заңдық көмек көрсету жөніндегі қоғамдық қабылдаудың жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. (Жобаның жеңімпазы «ҚР ардагерлер Кеңесі» ҚБ Шахтинск қалалық филиалы).
2012 жылдың ақпаны және желтоқсаны мерзімінде Шахтинск аймағында ардагерлердің қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді. Жыл ағымында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін туған күндерімен, мерекелермен құттықтаулар болды.
2012 жылдың есеп беру мерзімінде қоғамдық қабылдауға 129 өтініш түсті, оларға дер кезінде көмек көрсетілді.

 

 

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 44%, қысым 718, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.04
Euro 427.77
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары