www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Инвесторларды қолдау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестицияларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.
         2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген зиянды инвестордың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар. 
       3. Тараптардың келiсiмi бойынша шарттарға өзгерiстер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Бұл кепілдіктер:
1) акцизделетiн тауарлар импортының, өндiрiсінiң, оларды өткiзудің тәртiбi мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуіне және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
        2) ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.

"KAZNEX INVEST" АҚ базасында омбудсмен инвестициялық кеңсесі (инвесторларды қолдау орталығы) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер бойынша және оларды шешу бойынша ұсынымдар, оның ішінде мемлекеттік органдармен байланыса отырып инвесторлардың өтiнiштердiн қарастырады; инвесторларға соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен туындайтын мәселелерді шешуге жәрдем көрсетеді; Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдарды әзiрлейдi және енгiзедi
Investors Service Centre қызмет көрсету орталығы басым инвестициялық жобаларды іске асыру, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы жұмыс істейді. Инвестор үшін бір терезе негізгі міндеттері: қабылдау және инвестициялық мүмкіндіктері туралы және қолданыстағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес; мемлекеттік қызметтер алу үшін қажетті құжаттарды дайындау және ұсыну кезінде көмек көрсету; басқа да қызметтер алу үшін қажетті құжаттар дайындауға көмек көрсету.
Қазақстан Республикасының инвестициялар және дамыту Министрлігі инвестиция бойынша комитетінің Сall-center инвесторлар жүгінген кезде ақпараттар мен консультациялық қолдау ала алады. Сall-center телефоны: 8 (7172) 75-45-40.


Размещение информации: 25.08.2016 16:54

Последнее изменение информации: 29.08.2016 08:51

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 23°C , ылғал 45%, қысым 717, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.80
Euro 429.27
Рубль 5.78

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары