www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Төлқұжат

Шахтинск қаласы


Қала 1961 жылы құрылған.
Қала аумағы 0,2 мың шаршы километрге тең.
Қалалық әкімшілігінде 3 кент бар: Шахан, Долинка, Новодолинский.
Шахтинск қаласының халық саны 2018 жылдың 1 желтоқсанында  57 140 адамды құрады, оның ішінде: Шахтинск қаласында- 37 595 адам,  кенттерде: Шахан – 8 314 адам, Долинка – 5 025 адам және  Новодолинский – 6 206 адам.
Қала Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 45 км жерде, Нұра – Тентек өзенінің бір ағымының жағалауында орналасқан.
Қаланың құрылуы жоғары сапалы кокстелетін көмірді игеру Тентек кен орнынмен байланысты.

Шахтинск қаласы- Қарағанды облысының өнеркәсіптік ауданы.
«Шахтинская», «Қазақстан», «Тентек», Ленин атындағы шахталары, зауыттары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері - көмір өнеркәсібіндегі аумақтың көмір өндіруші кәсіпорындары және қаланы дамытудың экономикалық тірегі болып табылады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бөлімшелерінің бірі «Құрылысмет» ЖШС кәсіпорны № 2 өндіріс шахтыларда көмір өндіру кезінде пайдаланылатын барлық ұңғыма техникасына жөндеу жүргізілетін стандартты емес жабдықтар және шағын механизация зауыты (НОММ зауыты).

«Апрель - Құлагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - ет және ет өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және консервілеу бойынша ірі кәсіпорын. Қаланы жылумен, сумен, электрқуатымен жабдықтауды: «Шахтинстеплоэнерго» жауапкершілігі шектелген серіктестік, «Шахтинскводоканал» жауапкершілігі шектелген серіктестік жүзеге асырады.
2019 жылғы 1 қаңтардың жағдай бойынша қалада 382 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 14 орта, 340 шағын объектілер.

Қаланың ірі және орта кәсіпорындары, сондай ақ, кәсіпкерлік қызметімен айналыспайтын шағын кәсіпорындарының жұмыскерлер саны 2018 жылы 3 382 адамды құрады. орташа номиналды еңбекақы – 115 578  теңге.

2018 жылы қалада 18 млрд. 321,1 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2017 жылдың көлемінен 30,1% - ға немесе 4238,7 млн. теңгеге артық.
Негізгі капиталға инвестиция 24 216,9 млн.теңге сомасында игерілді, бұл  2017 жылдың көлеміне 259% құраған.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылы 2 594,6 млн.теңгені немесе 2017 жылдың көлеміне 178,1% құрады.

2018 жылы бөлшек сауда көлемі 11 582,2 млн.теңге немесе 2017 жылғы көлемнен 6,8% артық.

2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымы 2 764,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 2 080,3 млн. теңге, мал шаруашылығы – 683,2 млн. теңге.

2018/2019 оқу жылының басынан бастап қалада 12 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 7 189 мың оқушы білім алуда, 1 колледж  жұмыс істейді – 1068 оқушы білім алуда, 8 балабақша және 3 шағын орталық жұмыс істейді.

Қалада 9 кітапхана, 4 мәдени мекеме, 1 мұражай, 1 мәдени демалыс паркі жұмыс істейді.
70-тен астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатқан қалада 7 ұлттық мәдени орталық бар. Олар көптеген мәдени және қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болып табылады.

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 10.09.2019 17:46

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -7°C , ылғал 73%, қысым 713, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 387.14
Euro 428.18
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары