Демография, миграция  


ID вопроса: 408
06.11.2015
Вопрос от: ахметов жубаныш сералыевич

Вопрос:

Салеметсизбе отинишим бар еди менин кызым вид на жительствосын срогы битип жатыр улкен молшерде штаф басады екен удостоверение личности жасатуга акшасы жок жагдайы жок соны жасатып берсениз отиниш

Ответ:

Құрметті Ахметов Жұбаныш Сералыұлы!

Қызыңыз-Анарова Асем Нурлановна Қазақстанға 2012 жылы келген, ол тұрақты тіркеліп, ҚР шетел азаматының ықтиярхатын алған. Оның шетел азаматының ықтиярхаты мерзімі 12.03.2016 жылы бітеді.
Қазақстан Республикасындағы шетел ықтиярхаты ұлттьқ шетел төлқұжатының негізінде дайындалады. Өзбекстан Республикасының елшілігінен келген нотасына сәйкес және ҚР ІІМ № 8-8-4-37/1408 21.08.2014
ж. нұсқаулығын орындау барысында Өзбекстан Республикасының азаматтары ecкі төлқұжатын жаңа биометриялық төлқұжатқа 31 желтоқсанға
дейін ауыстыруы керек, ceбeбi ecкі төлқұжаттар 2015жылғы 31 желтоқсаннан
кейін жарамсыз болып саналады, яғни Өзбекстан Республикасында 2014 жылдан бастап биометриялық төлқұжат енгізілген. Осыған байланысты А.Н.Анароваға шетел ықтиярхатын ауыстыру үшін өзінің Өзбекстан Республикасының ecкі төлқұжатын жаңа биометриялык төлқұжатқа ауыстыру керек.
Сонымен қатар, ҚР «ҚР азаматтығы туралы» Заңының 16-1бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар заң негізіде 4 (төрт)жыл тұру керек, әлде Қазақстан Республикасының азаматымен некеде 3(үш)жыл болу керек, сонда ғана, ол ҚР азаматтығын алуға өтініш бере алады.


Құрметпен, С.Аймаков

Вернутся назад