www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру

Шахтинск аймағында соңғы бес жыл ішінде мемлекет 61 жобаны қолдады, жалпы сомасы 1 млрд. 043,9 млн. теңге. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында шамамен 400 жаңа жұмыс орны ашылды.
2015 жылда 11 адам қолдаумен пайдаланды, жобалардың жалпы сомасы 63,8 млн. теңге.
Бүгінгі күні "бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде 120 жаңа жұмыс орнын құрумен, 45 әлеуетті қатысушылардың тізімі жасалды, жалпы сомасы 267,5 млн. теңгені құрайды.
Пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау механизмі бойынша 34 жаңа жұмыс орнын құрумен 158,5 млн. теңгені құрайтын 11 жоба жоспарланған.
Жыл басынан бастап үш кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктер кредиттен бас тартылды (ЖК "Тұмар КЗ" Байгулаков Д. Т., ӘТӨ "Айзере" ЖК Сауханова К. Ж., ЖК Беляев А. Ж.).
Бүгінгі күні " ЖК Матюхин, ӘТӨ "Айзере" ЖК Сауханованың құжаттары екінші деңгейдегі банктердің қарауына бағытталған.
"Апрель Кулагер" ЖШС директоры Воленберг А. Э. субсидия алуға өтініш берді.
Мемлекеттік грант алуға өтінімдерді қабылдау кезенінде Шахтинск аймағының кәсіпкерлерінен 8 өтініш келіп түсті. Бүгінгі күні құжаттар Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының қарауында.
Шағын несиелеу механизмі бойынша жалпы сомасы 20,5 млн. теңгені құрайтын 7 жаңа жұмыс орнын құрумен кәсіпкерлердің тізімі "ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" ҚФ АҚ жолданды.
2016 жылға микроқаржы ұйымы болып Қарағанды филиалы "ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ анықталды.

Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру
Кепілдік тек өндірісті жаңғырту және кеңейту, сондай-ақ, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа несиелер қолданылады.
Ісін енді бастаған кәсіпкер үшін (жас) кәсіпкер:
1) кепілдік беру арқылы жүзеге асырылатын, жоба аясында кредит сомасы 20 млн. теңгеден асырылмайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер үшін есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасынан 85% (бұрын 70%) жоғары болуы мүмкін емес;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі  бес жылдан аспауы тиіс. 20 млн. теңге дейін кредиттер бойынша , 100 %, айналым қаражатын толықтыруға қаражатын бағытталған кепілдік мерзімі үш жыл.
            Қолданыстағы кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру арқылы жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден асырылмайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50% жоғары болмайды;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі бес жылдан аспауы тиіс.
Кредиттер бойынша кепілдік мерзімі, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған , сондай-ақ 60 млн. теңге несиелер бойынша, қаражатын 100 % айналым қаражатын толықтыруға жіберілген саны 3 (үш) жыл.
Жеке кәсіпкерлер үшін кепілдік ақылы негізде жүзеге асырылады. Кәсіпкер шартқа қол қойғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдік мерзімін беруіне байланысты кепілдіктер беру үшін комиссия төлейді: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда - кепілдік сомасының 0,05%;  2 (екі) жылдан астам - кепілдік сомасынан 0,1%.
Банктердің кредиттер бойынша кепілдік бері арқылы жүзеге асырылатын номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14% - дан жоғары юолуы мүмкін емес.
Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қаржыландыру бағдарламаны өңірлік үйлестірушілерге нысаналы трансферттер аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

          Толық ақпарат алу үшін және мемлекеттік кәсіпкерлік қолдау механизмі бойынша кеңес алу үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу үшін Шахтинск қ. Казахстанская көшесі 101, 11 каб. Мекен-жайы арқылы немесе 8/72156/50026, 872156/44845 телефоны арқылы ала аласыз.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 29.08.2016 16:16

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 4°C , ылғал 16%, қысым 724, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары