www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қала (аудан) әкімдігі және ЖШС (АҚ, ЖК) директоры арасында кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын көтеру және жұмыскерлер санының төмендеуін болдырмау жөніндегі өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМ

Шахтинск қаласы                                                                          «____»________2018 жыл

 

Қала (аудан) әкімдігі арасында кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын көтеру және жұмыскерлер санының төмендеуін болдырмау жөніндегі өзара түсіністік туралы осы Меморандум (әрі қарай мәтін бойынша-Меморандум)

- қала әкімдігі (әрі қарай мәтін бойынша-Әкімдік) қала  әкімі Сержан Жанабекович Аймаков тұлғасында, «__________________» ЖШС (АҚ, ЖК) (әрі қарай мәтін бойынша-Жұмыс беруші) директоры _________________________________ тұлғасында әрі қарай біргелікте «Тараптар» деп аталушы арасында жасалды.

Тараптар осы Меморандуммен төмендегі келесі жайттар жөнінде келісімге келеді:

 

1 бап. Меморандум мақсаттары

Осы Меморандумның мақсаты өндірістік кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, компанияларда еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, жалақыны ___% көтеру, еңбекке ақы төлеу берешектерін және кәсіпорын жұмыскерлері санының төмендеуін болдырмау болып табылады.

 

2 бап. Санаттары бойынша жұмыскерлердің жалақысын көтеру жөніндегі шаралар

 

Кәсіпорынның міндеттемелері:

 

1. Жұмыскерлерінің жалақысын __% көтеру;

2. Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысына қайта есептеулерді жүргізу;

3. Кәсіпорын жұмыскерлері санының төмендеуін болдырмау;

4. Жұмыскерлердің жалақысын өз уақытында төленуін қамтамасыз ету;

5. Ешқандай кемсітушіліксіз тең еңбек үшін тең төлеу қағидаттарын сақтау;

6. Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының шешімдерін, әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттың бас, салалық, аймақтық келісімдерінің міндеттерін орындау.

7. Жалпы алаңдаушылық тудырушы басқа да міндеттемелер.

 

Әкімдіктің  міндеттемелері:

 

1. Осы меморандумды іске асыру бойынша біріккен жұмыстарды үйлестіру.

2. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің проблемалық мәселелерін шешуге, инвестициялар тартуға және инновацияларды енгізуге жағымды орта қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдау.

3. Аймақтық еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойыша жұмыскерлерді кәсіби оқыту және қайта оқытуға жәрдемдесу.    

4. Жұмыс беруші және кәсіподақпен бірге еңбек ұжымында өндірістік жұмыстарды тұрақтандыру және әлеуметтік-еңбек жанжалдарының орын алу тәуекелділіктерін ескерту бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

5. Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия шешімдерін, әлеуметтік әріптестік жөніндегі бас, салалық, аумақтық келісімдердің міндеттемелерін орындау.

6. Осы меморандумға сәйкес сараптамалық көмекті, міндеттерді жұмыс беруші үшін кеңес берулерді өткізуді қамтамасыз ету.

 

3. Ынтымақтастықты қамтамасыз ету

1. 2 бапта айтылған 2 бағыт бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша Тараптар:

1) осы Меморандумның шарттарына сәйкес бір-біріне қажетті ақпараттарды, құжаттарды, мәліметтерді қағаз және электронды тасымалдау құралдары арқылы беретін болады;

2)                 Осы меморандумның шарттары бойынша біріккен міндеттер мен іс-шараларды іске асыру кезінде оларға белгілі болған ақпараттардың құпиялылығына бір-біріне кепілдеме береді және қандайда бір ақпаратты бөтен біреулерге бермеуге (келесі тараппен алдын ала келіспей) міндеттеледі.

 

4 бап. Қорытынды ережелер

1. Осы меморандумға қол қойған тараптардың әрқайсысы өзінің құзіреттілігі шегінде өздерінің жауапкершілігін мойындайды және өзара келісім және жасалған уағдаластықтар қағидаттарына сай орын алған проблеманы шешуде ынтымақтасуға міндеттеледі.

2. Осы Меморандумды түсінуде және ережелерін қолдану кезіндегі даулар және пікірлер қарама‑қайшылықтары орын алған жағдайларда Тараптар оларды кеңес берулер (консультация) және келіссөздер жолымен шешеді.

3. Осы меморандум бірдей заңдық күшке ие ___ нұсқада жасалды, яғни, әр тарапқа бір нұсқадан беріледі.

4. Меморандумға енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар барлық тараптардың келісімдерімен кеңес берулер (консультация) және келіссөздер жолымен енгізіледі.

5. Осы меморандум тараптар арасында қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді.

 

Осы меморандумға қол қойғандар:

 

Қала әкімі:________________________________________________________С. Аймаков                                                                

 

ЖШС (АҚ, ЖК) директоры___________________________________________________


Размещение информации: 06.12.2018 13:38

Последнее изменение информации: 06.12.2018 13:39

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 3°C , ылғал 29%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.81
Euro 429.01
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары