www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қарағанды облысының түзету мекемелерінде өзінің қызметін ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлер үшін тиімді шарттар

Облыстың түзеу мекемелері өзінің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ниет білдірген  барлық кәсіпкерлерді шақырады.
• Инфрақұрылымы жүргізілген  өндірістік үй-жайларды тегін жалға алу.
• Сіздің өнімдеріңізді тегін қорғау.
• Мекемеде  өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін түзеу мекемелеріне кіру-шығудыңоңайлатылған режимі (қарау жәнерұқсаттама беру бойынша жеке жауапты көзделген, үнемі қолданыста болатын рұқсаттама беру мүмкіндігі бар, кәсіпкерлер үшін өткізу уақыты сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін ұлғайтылған).
• "Еңбек-Қарағанды" РМК өнімді сату бойынша шарт жасалған жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі артықшылықтары (тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу).
• Тәртіпті жұмысшылар.

Құрметті кәсіпкерлер облыстың түзету мекемелері Сіздерді өзара тиімді ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа шақырады. Мекемелердің аумақтарында  өндірістің кез келген түрін ашу үшін барлық коммуникациялары жүргізілген  бос үй-жайлар бар.
Аталған үй-жайлар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің  2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығының 2-тарауының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес   сенімгерлік басқаруға нөлдік жалдау ставкасы бойынша берілуі мүмкін (үй-жайларбаланс ұстаушының коммуналдық шығындарын өтеу шарттарында беріледі).
Сізде еңбек тәртібімен проблемалық мәселелер болмайды, Сіздің өнімді тегін қорғау кепілдігі бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төменгі еңбекақымен өндірісті ұйымдастыру.
Бос өндірістік үй-жайларымен және коммуникациялары өткізілген түзету мекемелері:
- Абай ауданында: 39-филиалҚараған кенті АК-159/5, 43-филиал Көксун кенті АК-159/9 мекемесі,91-филиалҚарабас кенті АК-159/18;
- Шахтинск қаласында Долинка к. 40-филиал АК-159/6 41-филиалАК-159/7 бар.

Облыс мекемелерінде өндірістерді ашу тәртібі:

1-нұсқа
Сенімгерлік басқаруға берусіз, схема бойынша жалға алуды ресімдеусіз бизнес-құрылымдармен ынтымақтастық қызметті ұйымдастыру:
«Еңбек-Қарағанды»РМК                                                          бизнесмен
-өндірістік алаңдар                                                   - өндірістік жабдықтар
- жұмыс күші                                                               - бастапқы материал, шикізат
- инфрақұрылым                                                       - дайын өнімді өткізу

Ынтымақтастық қызметі шеңберінде ұйымдастырылған учаскені немесе цехті(коммуналдық қызметтер, жұмысшылардың жалақысы, үй-жайлар мен жабдықтардыжөндеу жұмыстары және т. б.) ұстау және пайдалану бойынша барлық шығындарды  "Еңбек-Қарағанды" РМК өз мойнына алады, бизнесмен жабдықтарды, шикізаттыұсынады және өнім өткізуді қамтамасыз етеді. Тараптардың шығындары өндірілетін өнімнің өзіндік құнына салынады. "Еңбек-Қарағанды" РМК үшін негізгі мақсат - сотталғандардыбарынша жұмыспен қамту және шығындарға жол бермеу, осыған байланысты,ынтымақтастық қызметі шеңберінде өндірілген өнімді сатудан түскен табыс тараптар арасында шамамен келесі үлгі бойынша бөлінеді: "Еңбек-Қарағанды" РМК - шығындар құны + тиімділіктің 5-10%, қалған бөлігі бизнес-серіктеске.

2-нұсқа
Түзету мекемесінің балансындағы үй-жайды бизнесменге сенімгерлік басқаруға беру. Аумақтық комитет арқылы ресімделеді. Жалдау ақысы көзделмеген, бизнесмен сенімгерлік басқаруға берілген үй-жайларды ұстау бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, шикізатпен, құрал-жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз етеді, жұмысшылардың жалақысынтөлейді, дайын өнімді сатумен айналысады. Мекеме әкімшілігі жұмыс күшін ұсынады.
Тәртібі:
1. Мекемеге жұмыс беруші, яғни ЖК немесе ЖШСтүзету мекемесінің аумағынаөзінің өндірісін   ұйымдастыру немесе орналастыру ұсынсымен жүгінеді.
2.Мекеме еңбегін ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі — МЕҰБ) мен"Еңбек-Қарағанды" филиалының қызметкерлерімен бірлесіп өндіріс ашуға  қажетті үй-жайларды іріктеу үшін ЖК, ЖШС ерекшелігін ескере отырып, қолда бар бос тұрған ғимараттар мен үй-жайлардыаралау жүргізіледі.
3.Мекеменің, "Еңбек-Қарағанды"филиалының басшылығымен келіскеннен кейін аумақтық комитеттер мен кәсіпкерлер арасында нысанды сенімгерлік басқару шарты жасалады.
4. "ЖК немесе ЖШС" арнайы контингенттер ішінен жұмыс күшін ұсынуға  мекемемен шарт жасайды.
5. "ЖК немесе ЖШС" мекеменің МЕҰБ қызметкерлерімен бірлесіп өзінің нысанында жұмыс істеу үшін арнайы контингенттер  ішінен қажетті мамандардытаңдайды, олармен  ең төменгі немесе кесімді еңбекақыға 2-жақты еңбек  шарты жасалады.
6. Жұмыс басталар алдында жұмысшылармен нұсқау жүргізіледі, ол туралы жазбатиісті журналға тіркеледі.
7. Жұмыс беруші "ЖК немесе ЖШС" олардың арасында жасалған еңбек шартына сәйкес арнайы контингенттің жалақысын мекеменің шотынааударады. Мекеме жалақыдан талаптарды, алименттерді (егер олар бар болса)ұстап қалады және қалған ақша қаражаттарды сотталғанның шотына аударады.  

3-нұсқа
Сотталғандардың жеке еңбек қызметін ұйымдастыру. Бұл нұсқа егер өндірістік үй-жай талап етілмеген жағдайдақолайлы. Аталған жағдайда бизнесмен делдал ретіндежұмысшыларды (сотталғандарды) өнім өндірісі үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз ететін болады,жұмысшылардың жалақысын жүзеге асырады, дайынөнімдерді өткізумен айналысады.Мекеме әкімшілігі жұмыс күшінұсынады.

Барлықсұрақтарыңыз бойынша келесі мекенжайға хабарласыңыз: ҚАЖД еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы - Бекмұхамбетова Зәуре Берікбайқызы – 30-00-31, 8(775)782-27-29; "Еңбек-Қарағанды"РМК,Поспелов к-сі 17, 30-02-12, 30-00-16, 30-00-32, 30-00-24, директоры – Ералин Төлеутай Құтпанұлы, директордың орынбасары – Бендерская Валентина Андреевна.


Размещение информации: 30.09.2016 10:12

Последнее изменение информации: 30.09.2016 10:14

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары