www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында шағын несиелер беру шарттары

Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмыс істеп тұрған және жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Қаржыландыру мақсаты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметін кеңейту және/немесе дамыту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.

      Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы мынадай құжаттарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;

      2) бар болса кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сертификат) туралы құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына консультация алу үшін жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.

      Микробизнес ашу немесе кеңейту/дамыту үшін кредиттер/микрокредиттер, оның ішінде бұдан бұрын "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының шеңберінде кредиттер/микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушыларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) құруға және Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Кредиттер/микрокредиттер:

      1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;

      2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

      Микробизнес ашу үшін кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне не Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өту шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін немесе кредит/микрокредит алуға жүгінген күннің алдында сертификат алған мерзімнен кейінгі соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.

      Кредиттер/микрокредиттер жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін дамыту үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.

      Кредиттер/микрокредиттер басым тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірлесіп аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді.

      Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/"АШҚҚҚ" АҚ-ға/ "ҚазАгроКепіл" АҚ-ға ұсынылады.

      Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашалар мен табысты бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (скрининг әдісі бойынша) "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін бұдан бұрын бекітілген аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталары қолданады.

      Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда, қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.

      Қалаларда және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер қорландыру "Даму" КДҚ АҚ арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары арқылы беріледі.

      Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен бюджеттік кредит беріледі:

      1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;

      2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру;

      3) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен артық емес мерзімді құрайды;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органға аударған кезден бастап есептеледі.

      Кредитор жергілікті атқарушы органмен жасалатын қарыз шарты сомасының кемінде 20 %-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.

      Кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берілмейді.

      Бағдарламаның екінші бағытының операторлары кредиттік шартта жергілікті атқарушы органдар үшін жеңілдікті кезең белгілейді, бұл ретте жеңілдікті кезең ұзақтығы кредит мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс.

      Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуына жол беріледі.

      Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

      Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:

      1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;

      3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары үшін – 6 ай, "АШҚҚ" АҚ - 12 ай;

      4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

      МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

      1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады. Микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты қаржылық тұрақты микроқаржы ұйымдарын қоспағанда, қамтамасыз етумен беріледі;

      2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

      3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;

      4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 6 ай;

      5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.

      Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

      Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:

      1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

      2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;

      4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

      5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;

      6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

      7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кредит/микрокредит беру туралы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;

      8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;

      9) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының және Бағдарлама шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттар есебінен аудандардың және шағын мамандандыру картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді мынадай тәртіппен іске асырады:

      2018 жыл аяқталғанға дейін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен;

      осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы ішінде және жергілікті атқарушы органдармен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебінен.

      Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі Микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:

      1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

      2) микробизнес ашуды жоспарлайтын, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және қызығушылық танытқан үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-да тексеру нәтижелері бойынша оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жіберіледі;

      4) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/ микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

      5) МҚҰ/КС ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

      6) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ кредит/микрокредит берілген күннен бастап тоқсан күн ішінде кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Кредиттердің/ микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп МҚҰ/КС/микрокредит беру ұйымына тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ұсынылады;

      7) микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп (портал арқылы электрондық түрде/ қолма-қол) береді.

      Шағын қалалардан басқа моноқалаларда, қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:

      1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдіктеріне кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

      2) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ қызығушылық танытқан үміткерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерді "Еңбек нарығы" ААЖ-де тексеру нәтижелері бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттарымен (бар болса) МҚҰ/ЕДБ-ға жібереді;

      4) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредит/ микрокредит алу үшін өтініммен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;

      5) ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

      6) ЕДБ/МҚҰ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Бағдарлама шеңберінде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша микрокредит беру ұйымына ақпарат ұсынады;

      7) микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/ микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады;


Размещение информации: 25.04.2018 14:25

Последнее изменение информации: 25.04.2018 14:25

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары