www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Мәлімет үшін қабылдау!

Цифрландыруды дамыту жөніндегі

А Қ П А Р А Т

         «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Smart City» концепциясы аясында сауда және туризм саласында цифрлық технологияларды енгізу жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде.

         Қазіргі күнде Шахтинск аймағының жеті супермаркетінде тауарларды нақты ақшасыз төлеу технологиясы енгізілген. «Табыс» қонақүйінің бөлмелерінде  микроклиматты жеке жасау, бейне бақылау, дабыл түймешелері бар.

        Бұдан басқа,  қонақүй бөлмелерін (номерлерді) брондау, бөлмелердің мәртебесін бақылау ( бос/бос еместігін) мүмкіндіктерін беретін қонақүйдің сайтын жасау жоспарлануда. Саяси репрессия құрбандарын еске алу мұражайында 10 кітап және 75 газет, оның ішінде қазақ тіліндегі «Жаңа Жол» газеті (латын тілінде) цифрлық үлгіге көшірілген.

          Саяси репрессия құрбандарын еске алу мұражайында   негізгі қордың (құжаттардың түпнұсқалары, фотосуреттер, кітаптар, жеке заттар) эспонаттарын істеп шығу, инвентаризауиялау және каталогтарға бөлу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

   Тұрақты түрде сақталуға мұражайға түскен барлық заттар акттеліп рәсімделген соң бір ай ішінде негізгі немесе ғылыми-көмекші қорлың инвентарлық кітабына енгізіледі. Материалдардың (сирек кездесетін кітаптар, газет маериалдары) цифрлық көшірмелерін жасау саласында «Шахтинск қаласының ОКЖ»КММ-мен шарт жасалды.

         «Ашаршылық» залында ақпараттық киоскілер жұмыс істейді, сондай-ақ, және 4 ақпараттық киоск орнату жоспарлануда.

          «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Smart City» концепциясы аясында  технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар тұрақты бақылауға алынған.


Размещение информации: 24.04.2018 15:02

Последнее изменение информации: 24.04.2018 15:03

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары