www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

1-инвест және 1-АЖ нысандары бойынша негізгі капиталға инвестициялар туралы есепті тапсыру бойынша жадынама

Құрметті ауыл шаруашылығы өндірушілері!

 

Егер сіз, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілердің құрылысын жүзеге асырсаңыз, сондай-ақ өз қызметіңіз үшін жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алсаңыз, төлдерді жұмыс машина, өнімді табынға ауыстырсаңыз, жеміс бақтарын ексеңіз, онда Сіз аумақтық статистика органдарына 1-инвест «Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп» немесе 1-ИС «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» нысаны бойынша есеп беруі қажет.

            Статистикалық нысандар бойынша есеп қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынылады. Статистикалық нысанды электронды түрде толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылған «on-line режимінде деректерді жинау» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

            Статистикалық нысандағы шығындар тек есепті кезеңде (ай, жыл) қосылған құн салығынсыз, оларды жүзеге асыру сәтінде нақты бағаларда (мың теңгеде) көрсетіледі.

 

            Есепті толтыру кезінде мынадай анықтамалар мен ұғымдарды басшылыққа алыңыз:

 

Негізгі құралдар-өндіріс процесінде бір жылдан астам пайдалануға арналған активтер.

 

Негізгі капиталға инвестициялар бұрын басқа ұйымдарда (бұрын пайдалануда болған) есепте тұрған негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың оларды ұстауға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін ағымдағы шығыстарын қамтымайды.

 

Объектілерді салу кезінде есепті құрылыс жөніндегі жобаны іске асыратын тапсырыс беруші ұсынады.  Объектілерді жеке құрылыс салушылар салған жағдайда объектіні пайдалануға берген сәтте 1-ИС нысаны бойынша есеп (Объектіні іске қосуды қабылдау актісі негізінде) ұсынылады.

 

Машиналарға, жабдыққа, көлік құралдарына, құрал-саймандарға инвестициялар жаңа негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалған шығындарды, ал импорттық жабдықты сатып алған жағдайда - меншік иесі ауысқан сәттен кейін (келісім-шарт талаптары бойынша) ескеріледі.

Лизинг мүлкінің құны лизинг алушы бұл мүлікті өз балансында ескерген жағдайда, негізгі капиталға салынған инвестицияларда көрсетіледі.

 

Шаруашылықта өнімді төлді және жұмыс малын өсіруге жұмсалған шығындары төлді негізгі табынға ауыстыру кезінде есепте көрсетіледі. Ересек жұмыс малын, өнімді және асыл тұқымды табынды сатып алуға жұмсалған шығындар импорт бойынша түсімдер болған жағдайда көрсетіледі.

 

Екпелер мен көпжылдық дақылдарды өсіру жөніндегі шығындарда тұрақты негізде өнім әкелетін, табиғи өсуі тікелей бақылаудағы, жауапкершіліктегі және басқарудағы барлық түрдегі жеміс-жидек екпелерін өсіруге арналған шығындар ескеріледі.

 

Қаржыландыру көздері бойынша есептік деректерді толтыру кезінде:

- банк беретін ақшалай қаражат  «Банктердің кредиттері" бағаны бойынша көрсетіледі»;

- шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі емес, бірақ оның иелігінде уақытша болатын және өзінің иелігімен тең дәрежеде пайдаланылатын ақшалай қаражат «Басқада қарыз қаражаттары» ретінде көрсетіледі. Оларға отандық және шетелдік банктік емес мекемелер, заңды және жеке тұлғалар беретін қарыздар жатады;

 

Негізгі капиталға инвестицияларды пайдалану бағыттары бойынша деректерді толтыру кезінде шығындар салымдардың бағыттылығын сипаттайтын (түпкілікті пайдалану) экономикалық қызмет түрлері бойынша ескеріледі.


Размещение информации: 14.05.2019 07:44

Последнее изменение информации: 14.05.2019 07:45

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 41%, қысым 715, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.38
Euro 431.05
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары