www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Қарағанды облысының түзету мекемелерінде өз ққызметін ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттар

Облыстың түзет мекемелері  өздерінің бизнесіне арналған жаңа перспективалар ашқысы келетін барлық кәсіпкерлерді шақырады.

  • Барлық инфрақұрылымдары бар өндірістік жайларды тегін жалға алу;
  • Сіздің өнімдеріңізді тегін қорғау.
  • Мекемелерде өз қызметін іске асырушы кәсіпкерлер үшін түзет мекемелеріне кіру‑шығудың оңайлатылған тәртібі (тексеру және рұқсат қағазын жазып беру бойынша бөлек жауапты тұлға көзделген, тұрақты қолданыстағы рұқсат қағазын беру мүмкіндігі бар, кәсіпкерлер үшін рұқсат беру қағазының уақыты сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін артты).
  • «Еңбек‑Қарағанды» РМК-мен өнімдерді сату бойынша шарттар жасалған жағдайда мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде басымдық беріледі (шарттарды тікелей жасау жолымен бір жерден мемлекеттік сатып алулар әдісі).
  • Тәртіпті жұмыскерлер.

Құрметті кәсіпкерлер, Қарағанды облысының түзету мекемелері Сіздерді  өндірістің кез келген түрін ашу үшін барлық тартылған коммуникацияларына ие бос жайлары бар ұзақ мерзімді өзара қолайлы және пайдалы ынтымақтастық құру үшін шақырады.

Аталмыш өндірістік жайлар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығының 2 тарауы, 5 тармағы, 6 тармақшасына сәйкес  сенімді басқаруға нөлдік жалға беру мөлшерлемесі бойынша берілуі мүмкін (өндірістік жайлар баланс ұстаушының коммуналдық шығындарын өтеу шартымен беріледі).

Сіздерде еңбек тәртібімен проблемалық мәселе туындамайды, Сіздің өнімдеріңізді тегін қорғауға кепілдеме беріледі.Еңбекке ақы төлеуді минималды түрде жүзеге асыру арқылы өндірісті ұйымдастыру Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес іске асырылады. Коммуникациялар тартылған бос өндірістік жайлары бар түзету мекемелері бар орындар:

-Абай ауданында:39-филиал,Қараған кенті, АК-159/5, филиал-43 Коксун кенті, АК-159/9, филиал-91 Қарабас кенті АК-159/18;

-Шахтинск қаласында:Долинка кенті,филиал-40 АК-159/6  жәнефилиал-41 АК-159/7.

 

Облыс мекемелерінде өндірісті ашу тәртібі:

1 нұсқа

Бизнес құрылымдармен сенімді басқаруға бермеу, келесі схема бойынша жалға беруді ресімдемей ынытмақтастық қызметін ұйымдастыру:

 

РГП «Еңбек-Қарағанды» РМКбизнесмен

- өндірістік алаңдар - өндірістік құрылғылар

- жұмысшы күші             - бастапқы материал, шикізат

- инфрақұрылым  - дайын өнімді сату

         Ынтымақтастық қызмет аясында ұйымдастырылған учаскені немесе цехты ұстау және пайдалану бойынша барлық шығындар (коммуналдық қызметтер, жұмыскерлердің жалақылары, жайлар мен құрылғыларды жөндеу және т.б.) «Еңбек‑Қарағанды» РМК өз міндетіне алады, бизнесмен құрылғы, шикізатты әкеледі және өнімнің сатылуын қамтамасыз етеді. Тараптардың шығындары өндірілген өнімнің өзіндік құнына салынады. «Еңбек-Қарағанды» РМК үшін басты мақсат- сотталған тұлғаларды мейлінше жұмыспен қамту және шығындарды болдырмау, ынтымақтастық қызмет аясында өндірілген өнімдерді сатудан түскен табыс тараптар арасында шамамен келесі жағдайларда бөлінеді: «Еңбек‑Қарағанды» РМК үшін: шығындардың құны+5-10% рентабелділік, қалған бөлігі бизнес серіктестің үлесінде.

2 нұсқа

Түзету мекемесінің балансындағы өндірістік жайларды бизнесменге сенімді басқаруға тапсыру терком арқылы ресімделеді. Жалға алу төлемі көзделмеген,бизнесмен  сенімді басқаруға берілген өндірістік жайды ұстау бойынша барлық шығынды өзіне алады, шикізатпен, құрылғылар, аспаптармен қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекақысын төлейді, дайын өнімді сатумен айналысады. Мекеме әкімшілігі жұмыс күшін береді.Тәртібі:

1. Мекемеге жұмыс беруші, яғни ЖК немесе ЖШС түзету мекемесінің аумағында өзінің өндірісін ұйымдастыру және орналастыру ұсынысымен жүгінеді.

2. МЕҰБ қызметкерлерімен (әрі қарай мәтін бойынша- мекеменің еңбекті ұйымдастыру бөлімі) және «Еңбек‑Қарағанды» филиалымен бірге ЖК, ЖШС ерекшелігін ескерген қалде өндірісті ашу үшін қажетті жай таңдау мақсатында бос тұрған ғимараттар мен жайларды аралау іске асырылады.

3. Мекеме басшылығы, «Еңбек‑Қарағанды» филиалының басшылығымен келісілгеннен соң терком және кәсіпкер арасында нысанды сенімді басқарудың шарты жасалады.

4. «ЖК немесе ЖШС» арнайы құрам есебінен жұмыс күшін беруге мекемемен шарт жасайды.

5. МЕҰБ қызметкерлерімен бірге жұмыс беруші «ЖК немесе ЖШС» өзінің нысанында жұмыстарды атқару үшін арнайы құрам (спецконтингент) есебінен қажетті мамандарды таңдайды және олармен минималды түрде немесе атқарған еңбегіне қарай төленетін еңбекақы төлеу жөнінде 2 жақты еңбек шарты жасалады.

6. Жұмыс басталардың алдында жұмыскерлермен нұсқаулық өткізіледі, осы жөнінде сәйкесінше журналға жазылады.

7. Жұмыс беруші «ЖК немесе ЖШС» арнайы құраммен жасалған еңбек шартына сай жалақыны мекеменің есепшотына аударады. Мекеме тарапынан жалақыдан талап арыздар, алименттер (егер болса) ұсталынады әне қалған қаржы сотталушы тұлғаның есепшотына аударылады.

3 нұсқа

Сотталғандардың жеке еңбек қызметін ұйымдастыру.

Осы нұсқаны егер де өндірістік жайлар қажет болмаған жағдайда қолдануға болады.Осы жағдайда бизнесмен (кәсіпкер) делдал ретінде өнім өндіру үшін жұмысшыларды (сотталғандарды) барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекақысын төлейді, дайын өнімді сатумен айналысады. Мекеме әкімшілігі жұмыс күшін ұсынады.

Өздеріңізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 17 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Еңбек-Қарағанды» РМК-на немесе 8/7212/30-02-12; 8/7212/30-00-16; 8/7212/30-00-32; 8/7212/30-00-24 телефондарына хабарласуларыңызға болады.


Размещение информации: 11.01.2019 16:58

Последнее изменение информации: 11.01.2019 16:59

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 23°C , ылғал 45%, қысым 717, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.80
Euro 429.27
Рубль 5.78

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары