www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММ

«Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1. Мекеменің атауы: Шахтинск қаласы әкімдігі, Шахтинск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік     мекемесі
1. Директоры: м.а. Даулбаева Бибуль Садуовна,  8(72156)5-66-92
2. Заңды мекенжайы: 101605, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Московская к-сі, 30 үй.
3. Телефон-факс: 8(72156) 5-61-60;
4. Сенім телефоны: 8(72156 5-61-60;
5. Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі, жұма сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
2010 жылғы 27 мамырдағы Қарағанды облысы әкімінің №15/01 қаулысының 3 тармағын орындау мақсатында  2011 жылдың 1 қазанында Шахтинск әкімдігінің жанынан «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы болып құрылды, бөлек ғимараты жоқ, №7кәсіптік-лицей ғимаратының 3 бөлмесін жалға алып отыр. Мемлекеттік мекеме болып есептеледі, заңды тұлға құқығы бар, Шахтинск қаласының  Әділет министрлігінде тіркеуден өткен.
Толық штатпен қамтылған: Әдіскері Қайырбекова Мейрамгүл Қабдрашевна, қазақ тілі мұғалімі Аширбекова Раушан Ишановна, ағылшын тілі мұғалімі Балмағамбетова Жадыра Жамбуловна, бухгалтер мен іс жүргізуші.
Жыл сайын  мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйренем деушілердің саны өсуде.
Орталықтың материалдық-техникалық базасы жақсы, оқу кабинеттері барлық қажетті жиһаздармен, оргтехникамен, оқу құралдарымен  жабдықталған.  Шахтинск қаласы тұрғындарын мемлекеттік тілге, ағылшын тіліне  үйретеді.. 2013 жылы мультимедиалық  кабинетпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.
Орталықтың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілер мен ересектерге, жеке тілді үйренушілерге жеделдете деңгейлік оқыту арқылы қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу құзыретін қалыптастыруға көмектесу және тіл саясаты бойынша ісшаралар өткізу және басқа да тілдерді оқыту болып табылады.
Тілдерді оқыту мен мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарына 2012 жылы  жергілікті бюджеттен 6896,0м.т. бөлінген. Бұл бөлінген қаржының 6836,0 м.т. тілдерді оқыту жұмысына арналған. 2013 жылы 8019,00м.т. бөлінді, оның 342м.т. мемлекеттік тілді насихаттау үшін ісшаралар өткізуге арналған.
2012 жылы 158 адам қамтылды, оның 19 мемлекеттік қызметші, 110 азаматтық қызметші, 29 заңды және жеке тұлғалар. 2013 жылы 160 адам  оқытылады деп жоспарланып отыр:  мемлекеттік  тіл  (3 топ) мен  ағылшын тілі  (1 топ) оқытылып жатыр.
Оқытылған  тыңдаушылардың арасында зейнеткерлер,  кәсіпкерлер, сатушылар мен   азаматтық    қызметшілер,  мемлекетттік  қызметшілер  бар.
Орталық мемлекеттік тілді насихаттауда да түрлі ісшаралар өткізуде. Мысалы:
2012 жылы мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандар мен аудармашыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру және өкімдік құжаттарды ресімдеу мәселелері» атты семинар өткізілді.  Тілді үйреніп жатқан тыңдаушылар  арасында  «Тіл білу-өнер»,  «Наурыз келді»   атты сайыс ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары орталықта тегін оқытылады, ол үшін басшының атына өтініш жазу керек. Оқу үш деңгей бойынша 3 ай оқытылады, аптасына 5 рет. Сенбі, жексенбі-демалыс күндер.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 18.10.2016 11:35

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары