www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Ардагер алғысын білдірді (мақала «Шахтинский вестник» газетінде №51 2014ж.26.12. жарияланған)

Ардагер алғысын білдірді

Ұлы Отан соғысына он сегіз жасында аттанып, отты жылдарда талай рет ажал аранынан аман қалған Петр Константинович Передерий 92 жасқа қадам басып отыр. Бұрнағы күні қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қанат Әбілханов ардагердің отбасына бас сұғып, оның жағдайын сұрап, Жаңа жыл мерекесімен, сондай–ақ, алда келе жатқан Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, сыйлық табыс етті.
Описание: http://www.shahtinsk.gov.kz/files/userfiles/29_12_2014/novyy_risunok_2_.pngҚанды майданда бірнеше рет ерлік танытып, үш рет жарақат алған қарт майдангер соғыс жылдарында атқыштар полкының 98 - ші дивизиясында қызмет етіпті. Сонымен қатар саперлық және барлаушылық қызметтерді де ыждақаттылықпен атқарып, совет армиясының жеңіске жетуіне салмақты үлес  қосқан. Ленинград облыстарын, Эстония, Литва, сонымен бірге Москвадан Кенигсберг аралығындағы қалаларды жау қолынан азат етуге белсене қатысып, қаншама қашықтықты жаяулатып,  ауыр жолдарды басып өткенін естігенімізде оның қиындыққа төтеп берген мықтылығы мен батырлығына дән ырза болдық.
Шайқаста төсін оққа тосқан ол осындай ерліктері үшін сан мәрте ордендермен марапатталған. Украинаның азат етілгеніне алпыс жыл толу және Ұлы Жеңістің мерейтойлары құрметіне омырауына дүркін – дүркін медальдар тағылған. 2010 жылы Елбасымыз Н.Назарбаев Петр Константиновичке ерекше алғыс білдіріп, кеудесіне «Құрмет» орденін тақты. Соғыстан кейін де ардагер Ленин атындағы шахтада шахтер және тау жынысын жарушы міндеттерін жауапкершілікпен атқарды. Одан кейін де нан зауытында механик лауазымында еңбек еткен қария ризашылыққа кенеледі.       
Әңгіме барысында ардагер құттықтап келген қаламыздың әскери комиссариатына және өзі жасап жатқан көшенің су құбырын жаңартып, күрделі жөндеп берген қала әкімі Александр Аглиулин мен жеке кәсіпкер Григорян Нельсонге рахметін жаудырды.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 16.03.2015 14:11

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 4°C , ылғал 67%, қысым 716, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.81
Euro 430.27
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары