www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Долинка кентінің 2014 жылғы 1 шілде айына арналған
әлеуметтік–экономикалық дамуы

 

Долинка кенті тұрғындарының  жылғы есеп бойынша 5081 адам болды.
Оның ішінде:

  • экономикалық белсенді тұрғындар – 2781 адам;
  • зейнеткерлер – 807 адам;
  • оқушылар – 417 адам;
  • мектепке дейінгі жастағы балалар – 347 адам;
  • ҰОС қатысқандар – 2 адам.

Экономиканың нақты  секторы
Кентте өндірістік өнімдерді өндіру мына кәсіпорындармен көрінген: «Енбек - Караганда» РГП 41 филиалы. 2010 жылдың басынан бастап осы кәсіпорындар ірі  және орта кәсіпорындар тобынан, шағын кәсіпорындар тобына ауыстырылған.
Әлеуметтік сала
2014 жылдың 1 шілде айына жағдай бойынша кентте 5081 адам тұрады. 2014 жылдың 1 шілдесінде жұмыссыздар саны – 10 адамды құраған. Есеп беру кезеңінде жұмыспен қамту орталығымен жұмысқа тұрғызылғандар саны 38 адам. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 5 алушыға 55,7  мың теңге соммасында, балалар жәрдемақысы 11 адамға 45,1 мың теңге соммасында төленген.
Шағын  бизнес
Есеп беру кезеңінде  тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 61 бірлікті құраған, оның ішінде қолданыстағысы кәсіпорындар 59 бірлік.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылатын өнім көлемі 2014 жылдың қаңтар – маусым айларында 138,6  млн. теңгені құраған. Есеп беру кезеңінде шағын бизнесте жұмысқа қамтылғандар 346  адамды құраған.
Білім беру
Бүгінгі күні кентте 2 орта мектеп жұмыс істейді (417 оқушы). Компьютермен қамтылуы 100 % құрайды, 1 компьютерге 5 адамнан келеді. Балалар бақшасына 72 бала барады, осыған байланысты мектепке дейінгі біліммен балалардың қамтылуы 21,7% құрайды.
Денсаулық сақтау
Тұрғындарға медициналық қызметті:  Долинка кентіндегі алғашқы медико – санитарлық көмек көрсететін емхана және Северо – Западный кентіндегі алғашқы медико – санитарлық көмек көрсететін емхана көрсетеді. Қызмет көрсетілетін тұрғындар саны – 6102 адам, оның ішінде ересек тұрғындар – 5061 адам,  балалар және жасөспірімдер  – 1041 адам.
Тұрғын үй құрылысы
Кентте тұрғын үй пайдалануға берілмеген.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 15°C , ылғал 79%, қысым 710, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 326.17
Euro 401.25
Рубль 5.31

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары