www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Оқиғалар

Кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Новодолинский кентінің 2014 жылдың 6  ай ішіндегі
әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы
ЕСЕБІ

ЭКОНОМИКА

  • НАҚТЫ ЭКОНОМИКА СЕКТОРЫ

Кентте экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламасын орындау аясында 6 жауапкершілігі шектелген серіктестік қызмет етеді:
«Придолинские ВКС» ЖШС – сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметін көрсету; «Ремстройсервис» ЖШС - байланыс қызметі; «Жезказган Энергосбыт» ЖШС – энергиямен қамсыздандыру; «Связь Телеком Сервис» ЖШС – қалааралық байланыс қызметі; «Умай» ЖШС – жалпытамақтандыру қызметі; «Альтаир – 2007» - кабельдік телевизия қызметі.

2.   ШАҒЫН  БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

 2014 жылы кентте жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субьектілері 6 бірліктен 88ден 94ке дейін өсті.  Шағын бизнесте жұмыспен қамтылған адамдардың саны 572 ні құрайды. Келлер Е.В. ЖК өндірістік тауарлар дүкені, «Шанс» азық-түлік дүкені, «Престиж» шаштаразы ашылды, 22  сәуірден бастап  Новодолинский  кентінде «Жанар» ЖК шағын-наубайханасы қызмет істейді, мамырда  ЖК Филимончеваның өндірістік тауарлар дүкені мен ЖК Дорофееваның көкөністер бөлімі ашылды.
2014 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілерін ашу жоспарлануда:
Торговая көшесі бойында өндірістік тауарлар  дүкені, сонымен бірге , кент кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық өнімдерін және бақша өндірістік кооперативі өнімдерін саудалау бойынша бөлім ашылады.
«Бизнес -Кеңесші» жобасы аясында шағын бизнесті дамыту үшін, ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, қалалық  кәсіпкерлік пен өнеркәсіп бөлімінің  қатысуымен жаңа бастап келе жатқан кәсіперлер үшін тегін курстар ұйымдастырылды. 5 кәсіпкер оқуды тәмамдап, қолдарына сертификат алды.
2014 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» Жол картасы бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша экономиканың басым секторын дамытуға 7 адам, оның ішінде мал өсіруді дамытуға – 5 адам (13 млн. 500 мың тенгеге өтінілген сома) шағын несие алғысы келеді. Бірінші кезең осы бағыт бойынша іске асырылды.
2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту  Бағдарламасы аясында , кентте жалпы сомасы 5,400 млн.тг. болатын Кропачев ЖК ҚТҚ шығару үшін қажет техниканы (тиегіш) алу туралы жоба іске асты. Берілген жоба субсидиялық пайыздық мөлшерлеме механизмі бойынша іске асты. Тиегіш өз жұмысын 16.04.2014 жылдан бастады.
Біздің жұмысымызда құнсыздану үрдістерін ауыздықтау маңызды орын алады.
Басты сұрақтардың бірі– 27 түрлі  азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру.
Кірісі төмен деңгейдегі азаматтар үшін ,әсіресе, ең алдымен зейнеткер, мүгедек, көпбалалы отбасылар үшін әлеуметтік қатерді төмендетуге бағытталған бірнеше шаралар қабылданды.
Бұл үшін кенттің әкім аппараты 17 кәсіпкермен азық-түлік өнімдерінің бағасын бір қалыпта ұстап тұру бойынша меморандум жасасты.
Күн сайын 17 азық-түлік дүкендерінің сөрелеріне 38-42 тенге бағасымен 1 сортты 350(2013 ж.-300) нан түсіп тұрады.
Кентте  жергілікті тұрғындардың -  көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдерін саудалайтын  тегін базар жұмыс істейді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

      01.07.2014 ж. алғанда  Новодолинский  кентіндегі  адам саны  6211ді құрайды.
Оның ішінде:
. зейнетақы алушылар - 1420,
. ҰОС қатысушылар -  2 адам
. оқушылар - 637 адам
 . мектепке дейінгі балалар саны  - 355 адам

 Осал топтағы адамдар өмірінің әлеуметтік деңгейін көтеру , жұмыспен қамтуды қамтамасыздандыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, сонымен бірге аз қамтылған және мұқтаж отбасылары мен мүгедектерге көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті көрсету мақсатында әкім аппаратында  2014 жылға арналған Жұмыспен қамту картасы, кентті дамытудың 2015-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленді.  

-   аталған іс-шараларды  орындау аппарат отырысында 2 рет тыңдалынды.
-  «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламсы Бөлімі» ММ мен кент аппарат әкімі және Мәдениет үйі бюджеттік ұйым, «Аленка» б/б  арасында жұмысқа тұрғызу мен 2014 жылға қоғамдық жұмыстарға қолдану туралы келісім шарт жасалынды.
-   6 ай ішінде елді мекеннен 34 адам, соның ішінде 11 адам – жастар, жұмыспен қамту бөліміне есепке тұруға өтініш жасады.
- 27 адам, оның ішінде жастар-11 адам жұмысқа орналастырылды.
-  4 адам, оның ішінде жастардың 1-еуі қоғамдық жұмысқа жіберілді, яғни бұл 2013 жылдың 6 ай ішімен салыстырғанда 33% төмендеген.
- 2014 жылы жұмыспен қамту бөліміне жолдама алған 2 жұмыссыз  оқыту мен қайта оқытуға қатысты, ал  2013 жылы осындай жағдайда  4 адам болған,  33,3 % құраған, оның ішінде  жастар санынан алғанда  оқу мен қайта оқуға ешкім өтініш жасамаған.
Республикамыздың Президенті : «Барлығы әр азаматтың өзіне,яғни тілегі мен жауапкершілігіне байланысты» дегендей, кент тұрғындары білім алуға, жұмысқа тұруға, тұрғын үй алуға, өз ісін ашуға  мүмкіндік беретін «Жол картасы «Жұмыспен қамту -2020»» республикалық бағдарламасына белсене қатысуда.  
2014 жылы 7 адам мына бағыттарға қатысты : ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға  құзырлы ұйымдарға өз ісін ашу үшін несие алуға , оның ішінде мал өсіруді дамытуға-5 адам, елді мекенге қызмет көрсету саласына – 2 адам, яғни  барлығы - 7 құжат  тапсырылды.
Мал өсіруді дамытуға 8 млн. тенге сомасында 3 несие берілді.
1 өтініш берушінің өтініші қабылданбады (Рахметова Б), енді 1 өтініш беруші өз өтінішімен Бағдарламаға қатысушылар тізімінен өзін шығарып тастауды сұрады. (Генш А.)

     01.07.2014 жылға алғанда қалалық жұмыспен қамту бөлімінде есепте 6  жұмыссыз, оның ішінде жастар саны – 2 адам.

Атаулы мемлекеттік  әлеуметтік көмек алушылар
2014 жылы төленді  – 12 алушыға  158,4 мың тенгеден
2013 жылы төленді – 9  алушыға  93,7 мың  тенгеден

 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін балалар жәрдемақысын алушылар

2014 жылы төленді  – 19 алушыға  103,7 мың тенгеден
2013 жылы төленді –  14 алушыға  88,6  мың  тенгеден

Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар

 2014 жылы төленді  –   9 алушыға  206,5 мың тенгеден

     Сонымен бірге жеке кәсіпкерлер кенттегі аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді,  сол сияқты кентте өтетін мәдени, спорттық іс-шаралардың демеушісі болып табылады
Мемлекеттік емес көздер тарапынан 310 отбасына (1149 адам) 651,5 мың тенгеге, яғни  бір адамға қайталану  коэффициентімен 81,438 мың тенгені құрайтын  қайырымдылық әлеуметтік көмек көрсетілді.
         Барлығы -  қайырымдылық көмектің 13 түрі көрсетілді , ал жоспарланғаны – 10. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінде есепте 2 аз қамтылған отбасы тұр (8 адам)

Кент бойынша тіркелген кедейшілік деңгейі  0,13%.

  2014 жылдың 6 айы ішінде аз қамтылған отбасы тарапынан АМӘК рәсімдеуге  өтініш берушілер саны азайған, керісінше 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақыны тағайындауға берілген өтініштер саны өскен.
Кенттің аппарат әкімімен бірлескен қалалық жұмыспен қамту бөлімі және жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыру, аз қамтылған отбасыларға  жергілікті бюджеттен, тағы да мемлекеттік емес көздерден әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кент аумағында 2013 жылдың ақпан айынан бастап   «Қамқорлық» атты аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша Қайырымдылық қор» Жеке қоры өз қызметін іске асыруда. Қордың құрылтайшысы -  Игнатович А.Н.
Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасылардың балалары мәдени-сауықтыру шараларымен қамтылған. Балалар үшін Қарағандыға цирк, саябақ, хайуанаттар бағы, Топар кентіне демалыс орындарына апару ұйымдастырылған. Қатысушы балалар үшін күнделікті түскі ас пен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Кентте ардагерлер Кеңесі жұмыс істейді.
Ардагерлер Кеңесінің жұмысы  жергілікті билік орындарымен, кенттің мкеме-ұйымдарымен тығыз байланыста орнатылған.
Ардагерлер Кеңесінің мүшелері кентте ұйымдастырылатын барлық іс-шаралардың белсенді қатысушылары, сонымен бірге жыл сайын болатын «Жақсылық» акциясының бастаушысы, бұл кезде Ардагерлер Кеңесінің мүшелері кент мерейтой иегерлерінің үйлеріне, жалғызбасты көмекке мұқтаж мүгедектер мен зейнеткерлердің үйлеріне барады.
Мәдениет сарайында «Завалинка» деп аталатын әрбір концерттік бағдарламалардың қатысушылары бар ансамбль ұйымдастырылған. Ұйымдар мен мекемелерде мерекелік концерттер ұйымдастырады, сонымен қатар Шахан , Ақтас, Абай кентіндегі  қарттарға  арналған интернат Үйіне және  кенттің құрметті тұрғындарымен кездесулер өтетін «Надежда» әуесқойлық бірлестігіне концерттік бағдарламалармен шығады, зейнеткерлер үшін мәдени- көпшілік  іс-шаралар ұйымдастырылады.

БІЛІМ БЕРУ

       № 11 ЖББМ қызметкерлерінің жалпы саны 105 адам.  
Мұғалімдердің педагогикалық құрамы – 72 адам, техникалық жұмыскерлер құрамы – 33 адам.
Оқушылардың жалпы саны 637 адамды құрайды, 2014 жылы мектепті 39 түлек бітіріп шықты, оның 9 оқушысы ҰБТ тапсырды. Оқушылардың ҰБТ тапсыру нәтижесі бойынша түлек Ильюхина Софья қызыл аттестат және «Алтын белгі» алу болжамын растады.
Балалардың лайықты дамуы және білім алуы үшін мектепте қажетті материалдық база жасақталған. Оқыту 33 кабинетте жүргізіледі, оның 29-ы жабдықталған. 3 кабинет жаңа заман технологияларымен және компьютерлік техникамен (мультимедиялық, лингафондық) жабдықталған, 3 кабинетте Интернетке шығу мүмкіндігі бар. 1 оқушыға 6,5 оқушыдан келеді.
Дене шынықтырумен айналысу үшін 2 зал (үлкен және кіші) бөлінген, онда оқушылар грек-рим күресі, футбол, волейбол, баскетбол үйірмелеріне қатысады. Кешкі бос уақытта кенттің жастары мен тұрғындары дене шынықтырумен (футбол, волейбол) айналысады. Қазіргі уақытта жаттықтырулар ашық спорт алаңдарында жүргізілуде.
«KazNetServise» ЖШС-мен санитарлық тораптарды, кәріздер мен су құбырларын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатқа арнап жергілікті бюджеттен 2 млн. 192 мың теңге қаражат бөлінген.
Кенттегі мектепке дейінгі балалар саны 355 адамды құрайды, оның ішінде 234 бала «Аленка» б/бақшасына ресімделген және барады. Қазіргі уақытта 2011-2012 жылдары туған балаларды 100 пайыз қамтыған 2 топ жасақталған (76 бала мектепке шығарылса, 78 бала қабылданған).
      Мектеп жасына дейінгі балалардың 77,1 пайызы мектепалды тәрбиемен және біліммен қамтылған.
Кентте Шахтинск қаласының № 1 музыка мектебінің филиалы жұмыс істейді. Музыкалық біліммен 21 бала қамтылған. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

«Шахтинск қаласының емханасы» КМҚК бөлімшесінің ұжымы 2,85 бірлікті құрайды, оның 4,25 бірлігі – дәрігерлер, 10,75 бірлігі – орташа медқызметкерлер, 3,35 бірлігі – кіші медқызметкерлер, басқалары – 2,5 бірлік
Емхана бөлімшесі 100 пайыз медқызметкерлермен жиынтықталған. Медициналық ұжым кент тұрғындары арасында емдеу-сақтандыру және ағарту жұмыстарын жүргізеді.
       «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімдік жаңғырту аясында Мемлекет Басшысы медицина алдына жаһандық міндеттер белгіледі – бұл медициналық қызметтер сапасының жаңа стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын жетілдіру.
     Ұлттық медициналық бағдарламаның кезең-кезеңмен енгізілуін біз өзіміздің бөлімшенің өмірінен байқай аламыз:

  • Штатқа отбасылық дәрігердің жаңа бірлігі енгізілді, 2014 жылдың ІІ

жартысында тағы 1 бірлік отбасылық дәрігер енгізу жоспарланған.
    - белгілі жастағы топтардың, ересектердің, сол сияқты балалардың профилактикалық медициналық байқаудан өтуіне бақылау жүргізіледі.
- жергілікті жерлерде науқастардың қанындағы холестерин мен қанттың құрамын анықтау үшін қажетті препараттар алынған.

Кенттің денсаулық сақтау саласындағы негізгі сапалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

  2013 жылдың
6 айы

2013 жылдың
6 айы

Жалпы өлім – жітім

39

35

Сәбилердің өлім-жітімі

-

-

Балалардың өлім-жітімі

-

-

Аналардың өлім-жітімі

-

-

Туберкулезбен ауыру  (алғашқы)

2

1

Туберкулезге тексерілу  (ККФ)

1599

1728

Бала туу

38

   42                                                             

Есепке алынған қант диабеті

154

160

Онкологиялық аурулар

3

2

Балаларды иммундық сақтандыру шараларымен қамту, %

99.8%

99%

Тері ауруларына тексерілгендер  (МРВ)

930

1019

Жалпы ауырушылық

768

753

       
     Денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі тұрғындар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты белсенді түрде насихаттау болып табылады. № 11 ЖББМ спортзалында Шахтинск қ. Балалар спорт мектебінің футболдан спорт үйірмесі, Қарағанды қаласының «Дәулет» балалар олимпиядалық резерв спорт мектебінің грек-рим күресінің үйірмесі жұмыс істейді.
Жаттықтырушылар А.Н. Семендяев пен С.Н. Назировтың тәрбиеленушілері бірнеше рет облыстық және республикалық турнирлердің жүлдегерлері аталды. 2014 жылы Назиров Рамазан грек-рим күресінен республика және облыс жүлдегері атанды. Республикалық жасөспірімдер арасындағы футбол біріншілігі аясындағы қалалық жарыстарда кенттің 2 жасөспірімдер командасы жүлделі орындарды иеленді. Футболшылардың жасөспірімдер командасы облыстық жарыста жүлделі орыннан көрінді.  Новодолинский  кентінің 60-жылдық мерейтойы құрметіне кентімізде грек-рим күресінен, шағын футболдан қалалық біріншілік, Долинка және Новодолинский кенттері арасында веложарыстан сайыстар өткізілді.       

МӘДЕНИЕТ

        Новодолинский кентінде 2 мемлекеттік мәдениет нысаны орналасқан, олар: Орталық кітапхананың 1 филиалы, 1 Мәдениет үйі.
Новодолинский кенті кітапханасы филиалының штаттық кестесі 3,5 адамнан тұрады. Кітапхананың кітап қоры 31 мың дана кітапты құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны 9886.
- барлық оқырмандар саны – 1489 адам, оның ішіндегі балалар – 708;
- 19 489 дана кітап қолға берумен қамтылған, оның ішінде балаларға берілетіні – 9 294 дана;
- келушілер 7 598 адам, оның ішінде балалар - 3 980 адам.
Кітапхана ұжымымен кенттің ересек және бала тұрғындары арасында ағартушылық, көрнекілік, мәдени-көпшілік жұмыстары жүргізіледі.
Барлығы  118 іс-шаралар өткізілген.
Кент тұрғындары арасындағы мәдени тәрбие саласындағы жұмыстармен Мәдениет үйі ұжымы айналысады.
       Ұжым жұмысы қызығушылықтарын, қабілеттерін және мүмкіншіліктерін дамытуға бағытталған. Жұмыстағы бағыттардың бірі болып мүдделеріне қарай клубтар ұйымдастыру табылады. Клубтарда адамдар өздерінің ортақ мүдделері негізінде жақындасады. Бірлестік тұлғаны белсенді түрде қалыптасуға әсер етеді. Осы клубтардың сабақтары мен отырыстарында оның мүшелерінің жеке мүмкіншіліктерін, білімдері мен қабілеттеріән ашып көрсетуге жағдайлар туындайды.
МҮ-де 244 ересектер мен балаларды топтастырған 15 клубтық құрылым жұмыс істейді, оның ішіндегі 7-і балалардікі.
Кент МҮ-де 2014 ж. өткен кезеңінде 102 шара өткізілген, қамту – 9102 адам. ПАталған кезеңде 374 мың теңгеге ақылы қызметтер көрсетілген. 6 айдағы жалпы қаржыландыру көлемі 5 млн. 814 мың теңгені құрайды.
МҮ ғимаратында Шахтинск қаласының Ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Жастар орталығы Жастар ресурстық орталығы болып қайта құрылған және оған 90 астам жастар барады. Кент жастары қалада және кентте өткізілетін салауатты өмір салты, кентті абаттандыру және көгалдандыру бойынша акциялардың бастамашылары болып табылады. Жастар кентте және қалада өткізілетін мәдени-көпшілік және спорттық шараларға белсене қатысады. Кенттің ЖРО базасында жастарға арналған семинар-жаттықтырулар, психологтармен кездесулер, конкурстар, аймақтың ЖРО арасындағы жарыстар өткізіледі және біздің жастар осы шараларда бірнеше мәрте жүлдегер атанды.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ

Кенттегі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Шахтинск қ. ІІБ-ден екі бірлік полиция учаскелік инспекторы және бір бірлік криминалдық полицияның жедел уәкілі бекітілген.
2014 жылдың алты айы ішінде кент аумағында тіркелгені:

  • Қылмыстар - 26  (2013 ж. - 22);

Оның ішінде:

  • Кісі өлтіру - 0 (2013 ж.-0);
  • Жеке мүлікті ұрлау – 19 (2013 ж.- 17);
  • Қарақшылық -0  (2013 ж. -0);
  • Бұзақылық   – 0 (2013ж.- 2 );
  • Тонау - 2 (2013 ж.-3 );
  • Біреудің мүлкін өртеу арқылы қасақана жою немесе зақымдау – 3

(2013 ж. – 0);

  • Кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты біле тұра сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер  – 2 (2013 ж.- 0);
  • ЕСМ-ге ресімделгені - 12 адам. (2013 ж.- 10 адам);
  • Маскүнемдер  – 11адам  (2013 ж.- 5 адам);
  • Нашақорлар -   1 адам (2013 ж. – 5 адам);
  • Есепке қойылғандар - 27 адам (2013 ж.-  23 адам)
  • Есепке қойылған маскүнемдер -  22 адам (2013 ж.-11 адам.);
  • Есепке қойылған нашақорлар -  5  адам (2013 ж.- 4 адам);
  • Бұрын сотталғандар -  0 адам (2013 ж.  –  1адам);
  • Отбасылық жанжалқорлар  – 0 адам (2013 ж. – 7);
  • Ресімделген әкімшілік материалдар-258 адамға (2013 ж.-  195 адам).

     Кенттегі қылмыстармен күресу үшін осы мәселемен айналысатын КПБ қызметкері қажет.

Кентте ерікті халық жасақтары жұмысының оң тәжірибелерін енгізу бойынша ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізілуде. ЕХЖ мүшелерімен бірінші отырыс өткізілді,  ЕХЖ мүшелерімен ІІБ-ге түсіндірме беру үшін жіберілген түйінді мәселелердің негізгілері белгіленді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

      
2013 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2014 бірінші тоқсанында елді мекеннің үй шаруашылығында мал басы санының өскендігін байқауға болады:
-    ІММ басы  39 % -ға өскен,  269 тан 374 бас;
-   оның ішінде сиыр 35%

    •  Қой, ешкі  60% -ға өскен,132 ден 211ге;
    •  Шошқа  473 %-ға,  128ден 606 басқа;
    •  Құс   12 %-ға өскен,  1453 тен 1630 данаға;
    •  Жылқы малы   27 %ға өскен, 11ден 14бас.

 2014  жылдың 6 айы ішінде ауыл шаруашылығы аумағында 21 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Берілді: 6 ветеринарлық анықтама, малға 1 төлқұжат (ҰММ), ( аталған қызмет 2014 жылдың маусым айынан бастап әкім аппараты тарапынан  көрсетілмейді), жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы 3 анықтама, ҰММ ауылшаруашылық малдарын сәйкестендіру  бойынша 11 қызмет көрсетілді. Мамыр айының соңында МКМ  «Шахтинск қ. Ветеринарлық станциясы» ВШМ  және  «Новодолинский әкім аппараты»ММ бірігіуімен ветеринарлық өңдеу басталды.
Новодолинский кентінде 8 шаруа қожалығы  (Корсак Ю.А.,  Лим А.С., Тарасюк Е.А., Тулинов В.И. «Наурыз», Абасов М.И., Демидов А.Л.,  Шаяхметов А.Ш. (КШ  «Пчелка» бұрынғы жері), Макаров С.Н. -  егіншілік шаруашылығы) және ЖК Черич – мал шаруашылығы
Кент аумағында 3 бақ шаруашылығы  қоғамы қызмет істейді:  

    • ПК «Автомобилист» - 36 га. – 600  бақ  телімі
    • ПК «Геолог» 18 га. – 200 бақ телімі
    • ПК «  Цветущий сад» - 56 га. – 600  бақ телімі

АБАТТАНДЫРУ

       2014 жылдың 6 айы ішінде кентте абаттандыру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
2014 жылы  «Елді менкендердің автомобиль жолдарының  қызмет етуі» бағдарламасы бойынша  Новодолинский кентінің автомобильдік жолдарын жөндеуге 15 750,0 тенге бөлінді.
Байқау қорытындысы бойынша Новодолинский кентінің ( жалпы ауданы-  5 372 м2) Торговая және Магистральная  көшелері бойындағы автожолын орташа жөндеуге 2014 жылдың 19.05 айында «ГУКАС-А»ЖШС мен 13 967,2 мың тенге сомасында келісім шарт жасалды.
Жұмысты өткізу  барысында «Касимова» ЖК (29.05.2014 ж. 78 мың 393 тенге сомасында жасалған келісім шарт) тарапынан техникалық бақылау  жасалып отырды. 
Энгельс, Магистральная, Садовая көшелерінің автожолдарының шұңқырларын жөндеуге 26.06.2014 ж. «Акунк» ЖШС-мен  келісім шарт жасалды. Барлығы - 150 м2  300 мың тенгесомасында.
Автожолды орташа және  жол шұңқырларын  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылға  автомобиль жолдарын қыста және жазда  күтіп ұстау бойынша   17.04.2014 жылдан  «Умерханов» ЖК-мен 1 430 319 тенге (266 сағ.) сомасына келісім шарт жасалды.
Жолды қыста күтіа ұстау бойынша 804 мың тенге сомасында 150 сағат өтелінді(асфальт жолдарды қардан тазарту, жол жиектерін грейдерлеу, кент көшелерінің асфальтталған жолдарын мұздан арылту, қарды кент аумағынан шығару және жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстары жүргізілді.), жазғы күтум бойынша  107 мың 140 тенге сомасында 20 сағат өтелді(орталық көшелер жиектерін грейдерлеу, арам шөптерді шабу, жол жиектерін топырақтан тазарту жүргізілді, жолдың асфальт жабындысын тазарту және дымқылдау үшін су шашыратқыш машина іске қосылды)
«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 3млн. 529 мың теңге алдын ала қарастырылды..
Осы бағдарлама аясында «Жезказган энергосбыт» ЖШС-не 20,62 көрсеткіші бойынша көше жарықтарының электр энергиясына 1221 мың тенге төленді.
Көше жарықтары желісін жөндеуге, оны күтіп ұстауға 1232 мың тенге сомасына «Энергоинженеринг» ЖШС-мен  келісім шарт жасалды.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 9655 мың теңгенің қаражатын  игеру жоспарлануда.
АЛИ ЖК 104 мың тенге сомасына жаңажылдық шыршаны бөлшектеу жұмысы  орындалды, Костин Е.Д. ЖК 70 мың тенге сомасына баннер дайындалып, қондырылды.
Кент саябағына 60 мың тенге қаражатына гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді («Поздеева» ЖК)
«Авто Дом Строй» ЖШС жүргізуімен Центральная көшесінде орамішілік  аллеялар мен талдарды кесу бойынша  ағаштардың 600 данасын кесу жұмыстары жүргізілді(07.04.2014 ж. 1495 795,84 тенге қаражатына есептелген келісім шарт ).
Баннерлерді құрастыру, дайындау бойынша 08.04.2014 ж. 400 мың тенге сомасында «Ерышев» ЖК-мен келісім шарт жасалды.
Билбордты  орнату бойынша 12.06.2014 ж. 400 мың тенге сомасында «РЕКФО» ЖШС-мен келісім шарт жасалды.
01.04.2014ж. дан 30.05.2014 ж. аралығында елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша кентте екі ай бойы айлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Екіайлық аясында 6 сенбілік және 13 таза бейсенбілік өткізілді. Осы аралықта қылқанды және жапырақты тұқымды 80 тал көшірілді. Кенттің орталық көшелерінде, алаң аумақтарында және ұйымдар мен мекемелерге бекітілген аумақтарда  талдарды кесу және  оларды ақтау жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыр ережесін бұзуды анықтау үшін мобильді топтың жүргізуімен 5 рейд өткізіліп,  соның негізінде 26 ескерту жасалып, 3 АЕК көлемінде 1 айыппұл салынды.
ҚТҚ шығару бойынша қызметкөрсетуші «Кропачев» ЖК тарапынан 2 464 м3 ҚТҚ шығарылды.
Новодолинский кентінде 7 қызмет көрсетуші коммуналдық қызмет көрсетеді: -  «Придолинские ВКС» ЖШС – сумен жабдықтау және  суды бұру;
-   «Жезказган энергосбыт» ЖШС
- «Ремстройсервис» ЖШС  - телефондық байланыс;
-  «Связь телеком сервис»  ЖШС – қалааралық байланыс;
- «Казактелеком» АҚ  - телефондық байланыс;
- Кропачев ЖК  – ҚТҚ шығару;
- «Альтаир 2007» ЖШС – кабельді  телевидение


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -1°C , ылғал 36%, қысым 720, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.22
Euro 388.07
Рубль 5.60

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары