www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Оқиғалар

Мәдениет

2013 жыл бойғы мәдениеттің дамуы

Шахтинск КМС-ның ұжымы 2013 жылға бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеді. Шахтинск қаласының КМС – қала бойынша жалғыз мәдениет мекемесі болғандықтан, ұйымдар, мекемелер, оқу орындарына әдістемелік көмек көрсетеді. Қала мекемелерінің арасында, талантты жастарды тауып, олармен бірлесе мәдени-бұқаралық жұмыс атқару мақсатында әр түрлі жұмыстар ұйымдастырды.
Семинарлар, ақпараттық-әдістемелік конференциялар, мастер-класс, шығармашылық зертханалар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Әдеби, музыкалық және ойын сағаттары мен әр түрлі демалыс кешьері өткізіліп, қаланың ұйымдары мен мекемелерінде ұйымдастырылды.  Сарайда қолөнершілер ұжымымен жұмыс жүргізіледі.
2013 жылы Шахтинск КМС-ның шығармашылық ұжымдары төмендегі облыстық сайыстар мен фестивальдерге қатысты: «Жас қанат -2012» жас орындаушылар облыстық фестиваліне қатысты Камиев Асет, «Новые имена» облыстық  жастар мен жасөспірімдер шығармашылығы конкурсы «Нұржасар» 3 орын,  Ұлы Отан соғысына арналған, еңбек және соғыс ардагерлері хор ұйымының ХХІІІ  облыстық фестивалі – «Алая гвоздика» ардагерлер хоры,  Татар халқының ұлттық мереесі «Сабантуй» - «Алсу» ф/к. «Чак-чак parti» «Алсу» ф/к., «Поиск внедрение нестандартных моделей досуга» облыстық семинар – көркемөнер бөлімінің жетекшісі Культасов А.Е., бұқаралық бөлім жетекшісі Дыбаль Л.Р. Ұлттық және мемлекеттік мерекелер қарсаңында жүйелі түрде салт-дәстүрді жандандыруға бағытталған іс-шаралар өткізіліп тұрады. «Мәдени мұра» бағдарламасы  бойынша барлық жұмыстар көптеген бағытта жүргізілді. Осы жұмыстар әр түрлі формадағы ұлттық бірлестіктер жұмысы арқылы жүзеге асады.
Ұлттық және мемлекеттік мерекелер қарсаңында жүйелі түрде салт-дәстүрді жандандыруға бағытталған іс-шаралар өткізіліп тұрады. «Мәдени мұра» бағдарламасы  бойынша барлық жұмыстар көптеген бағытта жүргізілді. Осы жұмыстар әр түрлі формадағы ұлттық бірлестіктер жұмысы арқылы жүзеге асады.     
Шахтинск аймағында 5 ұлттық-мәдени бірлестік жұмыс істейді.     Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау және жаңғырту бойынша орталықта жаңа жетекші келгелі жұмыс жанданды. Қазақтың әдет-ғұрпын, салт-санасын жаңғыртатын көптеген ісшаралар өткізілді, «қара жорға» биі насихатталады. Орталықтың жетекшісі Жексенбаева Н.К. екі жыл жұмыс істейді, білімі орта.
Татар-башқұрт ұлттық-мәдени этнобірлестігі өте ұйымшыл ұжым, құрамындағы мүшелері жасы егде адамдар болғанымен өте ширақ көңілді адамдар, қала мен облыс деңгейінде өтетін кез келген ісшараны әрлендіріп жібереді. Үнемі репртуарларын жаңартып отырады, жетекшісі Евстигнеева Н. 7 жыл еңбек өтілі бар. Татар-башқұрт ҰМБ –де «Алсу» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді.
Неміс  ұлттық-мәдени бірлестігі, «Поколение» – ерте кезден басталған неміс халқының әдет-ғұрпын, мәдениетін  насихаттайды. «Folksshak» фолклорлық ансамблі Қазақстан халқы тілдері күніне арналған фестивальға қатысып, лауреат атанды, жетекшісі Рахматулина М.Р. 3 жыл еңбек өтілі және кәсіби емес арнайы орта білімі бар. Неміс ҰМБ –де «Фольксшатц» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді.
Корей  ұлттық-мәдени бірлестігі, корей этнобірлестігінде жасы ұлғайған кәрістер, олар өз естеліктерімен бөлісіп, ұмытылып кеткен өздерінің ескі әндерін тыңдайды, бабаларының мәдениеті мен тарихымен танысады.  Олар да облыстық фестивальге қатысып лауреат болды, кез-келген ісшараға белсене қатысады, жетекшісі Пак Г.Д. Корей  ҰМБ –де «Коре Сарам» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді.
Славян  ұлттық-мәдени бірлестігі, «Родничок» құрамында 6 жастан 85 жасқа дейінгі адамдар. Барлық ісшаралар «Околица» фолклорлық ансамблімен бірлесе жүргізіледі. Қалалық және облыстық ісшараларға белсене араласады. «Родничок» клубы славян бірлестігінің «Околица» ф/а -мен бірлесе отырып жылда керемет  «Святая троица – земля травой покроется», «Коляда, коляда...» «Кузминки» сияқты іс-шаралар өткізеді.
Әрбір бірлестік өз этникалық топтарының өкілін, оның мәдениетін, өнерін, тіршілігін дәріптейді. Біздің аймақта тұратын ұлттар мәдениетінің фестивалі жыл сайын өткізіліп тұрады. Осы күндері сахнада оннан астам ұлттардың тілінде әндер, өлеңдер естіледі. Ұлттық бірлестіктер ұлттық қолөнерін арнайы жабдықталған кабинетте ұстайды. Театрландырылған көріністерде Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері кеңінен қолданылады.

Шахан кентінің МҮ-де  2013 жылы ісшаралар бірнеше бағытта жүргізіледі.  Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында Елбасы бекіткен мемлекетіміздің даму жолдарына, бірінші кезекте тұрған міндеттерге, халықты бейбітшілік пен келісімге шақыратын басты басымдықтарға бағытталған әртүрлі ісшаралар ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні көңіл ерекше еліміздің тарихына, мемлекетке бөлінеді. Іс шаралардың барлығы «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жүреді..
«Еліміздің болашағы жастар» деп Елбасымыз айтқандай ісшаралардың көпшілігі жастарымыздың дені сау, күшті, жан-жақты болып тәрбиеленуіне бағытталған, үнемі салауатты өмір салты насихатталады. Арнайы спорт залы бар, әр түрлі спорт секциялары жұмыс істейді.
Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары кентте орналасқан қарттар үйіне мереке сайын барып қызықты бағдарламалар өткізеді, кіші-гірім сый-сыяпаттар жасайды. Сондай-ақ кент аумағында орналасқан «Шахтинская» «Тентекская» шахталарына барып та концерттер береді.
Шахан МҮ-де қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау және жаңғырту бойынша орталық бар. Орталық жетекшісі Нұрмағанбетов Серғазы Бекенович. Орталықта екі шығармашылық ұжым -домбыра ансамблі мен халық әні студиясы бар, Орталық  «Мәдени мұра» бағдарламасын дамыту бағыты бойынша жұмыс істейді.
Новодолинский МҮ- ісшаралар әртүрлі бағытта жүреді: Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қызықты өткізу: Бұлар жаңа жылдық барлық ісшаралар, спорттық-ойындық бағдарламалар және конкурстар әртүрлі. Зейнеткерлермен, ардагерлермен жұмыс: Бұл бағытта көрмелер, әртүрлі кездесулер, дастархан басында отырыфстар, әдеби кештер ұйымдастырылады. Әлеуметтік аз қорғалған балалар мен жасөспірімдермен жұмыс: олармен театрланған ойындар, қызықтыру ойындары ұйымдастырылады, Жазда Қара,ғанды қаласына музыкалық комедия теарына ертегілерге апарды. Желтоқсан айында ол балалар үшін арнайы сыйлықтар алынып, жаңажылдық сый-сияпат жасалады.  Арнайы әкім шыршасына шақырылады. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша әртүрлі спорттық ісшаралар өткізіледі. Темекі шегу туралы  «Суд над сигаретой» атты танымдық бағдарлама өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «СӨС жеті ережесі» атты танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.  Қалған мемлекеттік және халықаралық мерекелерге байланысты да әртүрлі ісшаралар ұйымдастырылды. Мерекелерді тұрғындар үшін өткізу Мәдениет үйінің жұмыс түрлерінің бірі. Халқымыз бірлікте, түсіністікте  тату өмір сүреді. Сондықтан өткізілетін іс шаралардың барлығында  бұл басшылыққа алынады. Мысалы Наурыз мерекесінде, Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күні, ҚР мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні, Конституция күні, тәуелсіздік күні.  Бұл атаулы күндер Шахтинск аймағында тұратын барлық халықтың мерекесі. кент мәдениет үйінің көркемөнерпаздары басқа жерлерге шығып та концерттер береді. Новодолинский МҮ көркемөнерпаздары есепті кезең мерзімінде келесі ісшараларға қатысты: «Жұлдыз» вокалды топтың солисті Д. Молдакаримова «Шоқжұлдыз» қалалық (Қарағанды» конкурсына қатысып, конкурс лаурета атанып 3 орынды иеленді. «Веселые нотки» вокалды топ солисттері К. Дементьев пен У. Илиева ХІІІ қалалық (Шахтинск) «Аналардың алдында бас иіп, әкелерге тағзым ет» конкурсына қатысып, 3 орын алды.Облыстық VІ «Жаңа есімдер» атты конкурсқа «Орион» хореографиялық ұжымы қатысты
Долинка кентінің клубында есепті жылы әртүрлі ісшаралар  перспективті жоспарға сәйкес жүргізілді. Кент балалары үшін ақысыз жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді. Рождество мейрамына арналған «Святочные вечера» атты шара ұйымдастырылды.         8 наурыз халықаралық әйелдер күніне  және 22 наурыз мейрамына орай бірнеше ісшаралар топтамасы ұйымдастырылды. «Көктем лебі» , «Қош келдің, Наурыз» атты.
«Караганда – космичесая гавань» атты адамзаттың ғарышқа ұшуының 50 жылдығчына орай, Чернобыль апатының 25 жылдығына орай «Под яростным небом Чернобыля», атты экологиялық-танымдық сағат және «Зарево над Припятью»  атты слайд- шоу көрсету арқылы саяхат сабақтар ұйымдастырылды. 
СПИД-ке қарсы күрес күніне орай, «Дороги ведущие в ад» атты тақырыптық бағдарлама, Конституция күніне орайластыра бірнеше ісшаралар өтті. 
Сонымен қатар «Ты не один в этом мире» атты кинокөрсетілім, ток-шоу, құқықтық жалпы оқулар өткізілді. Есірткі мен есірткібизнесімен күрес бағдарламасын орындауда  да әртүрлі жастардың көңілін бөлетін спорттық іс-шаралар өткізілді. Долинка кентінде бірінші рет Елбасы күні тойланды, Жасөспірімдер мен жастар үшін Елбасының жастық шағы , жүріп өткен өмір жолы туралы слайдтар көрсетілді, мағлұматтар берілді. 
Қазіргі уақытта аймағымызда 4 көше атауын өзгертеміз және 2 мектепке атау береміз деп жоспарлап отырмыз.
ОЛАР: Шахан кентіндегі Добровольский көшесін ҚР Мәжілісі депутаттарының ұсынысы бойынша Мұстафа Шоқайдың  атымен,
Долинка кентіндегі Школьная көшесін Алматы қаласынан келген Дина Мұхамедханның өтініші бойынша Қайым Мұхамедханов көшесі деп,
Шахтинск қаласындағы Индустриальная көшесін НОММ заводының ұжымы ұсынысы бойынша Мұхтар Баймановтың атымен,
Қала әкімі А.Аглиулиннің ұсынысы бойынша 40 лет Победы көшесін  Жеңіс көшесі деп өзгерту.
№16 қазақ орта мектебіне Алихан Бөкейхановтың атын беру туралы №5 мектеп-гимназия ұстазы М.Қайсарованың ұсыныс-өтініші.
Шахтинск қаласының көркемсурет мектебіне атақты суретші Аубакир Исмаиловтың атын беру туралы  Білімберу, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Онсовичтің ұсынысы.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 20°C , ылғал 36%, қысым 721, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 340.95
Euro 408.73
Рубль 5.87

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары