www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Жиі қойылатын сауалдара жауап

Сұрақ: Тұрғын үй  алу кезегіне тұру үшін қаңдай  құжаттар қажет?

Жауап: Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын; тұрғын үйге тіркелген құқықтары туралы құжаттар туралы мәліметтер; мекенжай анықтамасы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынатын табыстар; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыстар; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түрiндегi табыстар; азаматтың жұмыссыз мәртебесін растайтын құжат қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» арқылы беріледі.

Сұрақ: Жалға алуға жер учаскесiн ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап: Жер учаскелерiне жер пайдалану (немесе) және жеке меншiк құқығына оларға берілуіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскелерi орналасқан жер бойынша облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда жергілікті атқарушы органға, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық,  ауылдық округтің әкіміне өтініш береді. Өтініште:

  • жер учаскесiн пайдалану мақсатын (осы жер учаскесi қандай мақсат үшін қажет екенін көрсету. Жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосымша шаруашылық жүргізу (үй жанындағы, дала егіні), бақша өсіру, саяжай құрылысы және шаруа қожалығын жүргізу, басқа мақсаттар үшін);
  • оның ұйғарылған мөлшерін;
  • орналасқан жерін (сұралған жер учаскесiнің шамамен орналасқан жері);
  • сұралған пайдалану құқығын (жер учаскесiне жеке меншiк құқығы, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану құқығы (жалға алу), уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы);
  • басқа жер учаскесiнің бар (жоқ) екендігін (жеке қосымша шаруашылық жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бақша өсіру және саяжай құрылысы үшін) көрсету қажет;

     Өтінішке келесі құжаттар пакеті қоса беріледі:

  • жеке куәлік, сенімхат (сенімді тұлға бар болғанында);
  • заңды тұлға құрылтай құжаттардың көшірмелерін (ереже немесе жарғының көшірмесін), басшының тағайындалғанын растайтын құжаттың көшірмесін береді;
  • жерге (объектіге) құқығын бекітетін құжаттар;
  • меншік иесі (құқық иесі) туралы мәлімет;
  • жылжымайтын мүліктің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама (ХҚКО);
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы (ауыртпалығы) және оған техникалық сипаттама туралы анықтама (ХҚКО);
  • жер учаскесiнің тиесілігі туралы ақпарат (ХҚКО);
  • салықтық берешегі бар (жоқ) екендігі туралы мемлекеттік кірістер басқармасынан анықтама;
  • пайдалы қазбалар әзірлеу жағдайында өтінішке жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт көшірмесі қоса беріледі.

Сұрақ: Қалай мен жұмыссыз азаматтардың есебіне тұра аламын?

Жауап: Жұмыс іздеп жүрген, жұмысы жоқ адам халықты жұмыспен қамту орталығына келеді және жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркеледі. Өтініш түсірген кезде мынадай құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат;
  •  білімі туралы құжат.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
         Жұмыс іздеп жүрген адам үш жұмыс күні ішінде кемінде бір рет халықты жұмыспен қамту орталығына бару арқылы жұмыс іздеуге мүдделілік білдіруге тиіс.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.
       Тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күні iшiнде кемінде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында белгiленiп тұруға тиiс.
Жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығынан
лайықты жұмыс іздестіру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу,
консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтерді және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді,
(егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.
            Жұмыссыздар:
- Халықты жұмыспен қамту туралы заңның талаптарын сақтауға;
- халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
- халықты жұмыспен қамту орталығы берген жұмысқа
жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге жүгінуге; 
- халықты жұмыспен қамту орталығына (тұрғылықты жерiн ауыстыруды, тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмысқа шарттар бойынша орналасуды, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды, мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн, зейнетақы төлемдерін тағайындау) жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi бес жұмыс күнi iшiнде ұсынуға мiндеттi.
            Жұмыссызды есептен шығару
      1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:
      1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен бас тартқанда;
      2) дәлелсiз себептермен:
- жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;
- шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде келмегенде;
- халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;
      3) жұмыссыз халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
      4) бас бостандығынан айыру түрiндегi заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша немесе мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
      5) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
      2. Жоғарыда көрсетілген себептер негізінде есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тiркеле алады.


Размещение информации: 17.08.2016 13:35

Последнее изменение информации: 17.08.2016 13:41

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -10°C , ылғал 62%, қысым 728, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 374.20
Euro 420.34
Рубль 5.52

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары