www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Әкімінің халық алдыңдағы есебі

Шахтинск қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 қантарда халық алдындағы есеп беру кездесуінде беретін есебі

Құрметті  Шахтинск қаласының тұрғындары!

Жыл сайын Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауымен шығады.
Ағымдағы жылы, 10 қаңтарда кезекті Жолдау жарияланды, бұл Жолдау төртінші өнеркәсіптік революция шарттарында елдің дамуына арналған. Қойылған мақсаттарға жету үшін қиындықтарды шешу жолдарын ұсына отырып, осы уақыттынжағдайын  Президент қорытындылады. 

           Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ерекшелігі, алдағы жетістіктерде жатыр,табысты навигацияға және жаңа әлемде бейімделуге бағытталған - Төртінші Индустриалды Революция әлемі.
 

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың жұмысы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға, Елбасымен айтылған мәселелерді шешуге  және біздің республиканың экономикасын дамытуға бағытталған.

          2017 жыл да ерекшеленбеді, әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан, Елбасы біздің елді әрі қарай дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүргізуде.  Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың  негізгі идеялары мен бағыттары жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында айтылған.  
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы  Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауындағы міндеттер мен бағыттарға нақты талдау жасауды есепке ала отырып,    алдымыздағы даму жоспарының жаңа басымдықтары анықталған, азаматтық бейбітшілікті, ұлтаралық келісімді, саяси және экономикалық тұрақтылықты  сақтау бойынша біздің ортақ мақсаттарға жетудің негізгі жолы анықталған. Президент осы жолғы Жолдауымен 10 негізгі міндетті атап өтті, төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде ол бізге кірудің шынайылығымен түсіндіріледі.  

Жана 2018 жылы қазақстандық индустрияда заманауи  технологияларды енгізу үшін қолданыстағы барлық әлеуетті іске асыру керек және барлық күш- жігерді салу керек, құрылыста және коммуналдық секторда заманауи технологияларды енгізу, қаржылық секторды «қайта жаңғырту», адамдық және басқа да  капиталды іске асыру керек.
«Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» - деп Президент атап өтті.   
Құрметті кездесуге қатысушылар!

2018 жылдың қарсанында мемлекет дамуының әр түрлі бағытында біздің еліміз  үлкен жетістіктерге жетті.  Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, бұл сыртқы саяси салада маңызды жетістік. 2017 жылы біздің республикада әлемдік деңгейдегі іс- шаралар өткізілген:

- Әлемдік қысқы Универсиада өтті, бұл шара Қазақстан тарихында әлемдегі мультиспорт оқиғасы болды: 

-Дүниежүзілік  мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты және жоғары деңгейде өтті, бұл шара ТМД және Орталық Азия елдерінде өткізілген ең алғашқы көрме;
-2017 жылдың басында Елбасының бастамасы бойынша парламентке және үкіметке биліктің 35 өкілеттігін беру бойынша конституциялық реформа қарауға берілген;
- 2017 жылы тұрғындар үшін тұрғын үй қолжетімділігін арттыру мақсатында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру басталды;
- бұл экономиканың жаңа деңгейіне шығуды көздейтін Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды;
- «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» - «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»  құнды және ауқымды бағдарламалық құжатын жандандыру бойынша жұмыстар жалғасуда, бұл құжатта қазақ тілінің біртіндеп латын әліпбиіне  көшу кезеңі ұсынылған.
Тәуелсіз Қазақстанға 26 жыл толды. Осы қысқа тарихи кезеңде әлемдік және қарқынды секіру бүгінгі буын 90-шы жылдардың басындағы экономикалық күйзелістен, саясикүйзеліске дейін қарқынды ілгерілеу жасаған. 
Біз бүгінгі күні тәуелсіздіктің 26 жылында, Қазақстан  тарихи дамуда ғана емес, әлеуметтік- экономикалық дамуда да  қарқынды шапшандықпен келуде.
Біздің аймақты мысалға ала отырып, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3 млрд. 78,8 млн. теңгені құраған, ол 2016 жылдың деңгейінен 26,3% (10 354,0 млн. теңге) көп.
2017 жылы негізгі капиталға 9 млрд. 474,2 млн. теңгенемесе 2016 жылдың деңгейіне 162,7% (5 822,1 млн. теңге)инвестиция игерілген.
Экономиканың маңызды элементтерінің бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. 2018 жылдың 1 қаңтарына Шахтинск аймағында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 198 бірлікті құраған, оның ішінде,  белсенді субъектілер саны - 2191бірлік.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 5 мың 914 адамға жеткен.
2016 жылмен салыстырғанда олармен шығарылатын өнім көлемі 0,1 %өскен және 5 млрд. 883,4 млн. теңгені(2016жыл – 5 млрд. 5876,0 млн. теңге) құраған.
Қазақстанның үшінші жаңғыруының маңызды бастамасы болып бизнес ортаны кеңейту және осы ортаны күрделі жақсарту болып табылады. Сондықтан, биліктің маңызды міндеті қолданыстағы бизнесті қолдау, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін ашуға жағдай жасау. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі - өңірде жаңа 12 шағын және орта бизнес объектілерін ашу болып табылады. 48 жаңа жұмыс орны құрылған.

Сонымен қатар, өткен жылы тау- кен саласында екі кәсіпорын өз жұмысын бастаған: «Ақжарықкөмір» ЖШС 70 жаңа жұмыс орны құрылған (Ленин атындағы шахтада вентиляциялық кеңістіктен жоғары Д6 пласт бойынша тас көмірді өндіру) және «ККК Бетон» ЖШС 20 жұмыс орны құрылған (Гидро эрозиясының қалқымалы «Земснеарайд» әдісімен құм-қиыршық қоспасын өндіру).
            Бүгінгі күні, «Ақжарықкөмір»  ЖШС – де кесу жұмыстары жүргізілуде(минералдарды жабатын тау жыныстарын жою),  «ККК Бетон» ЖШС  өткен жылы 111 мың куб. м жалпы 18,0 млн. теңге сомаға құм- қиыршық қоспасы шығарылған. 
 

Шағын және кәсіпкерлік субъектілерінің арасында оңтайлы тиімділік және қажеттілік туындаған бағдарламаның бірі «Бизнестің жол картасы - 2020». 2017 жылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі бойынша 3 жобаға, 82,0 млн. теңге сомаға несие мақұлданған, 5 жаңа жұмыс орны құрылған.
Есеп беру кезеңінде 2013-2014 жылдары мақұлданған жобалар бойынша (ЖК Омарбеков А.К., ЖК Зимницкий П.И., ЖК Филинский, ЖК Сон, ЖК Матюхин, ЖК Кропачева, ЖК Тишков, ЖК Умерханов). 8 кәсіпкермен субсидиялау шарттары ұзартылған. 
Жана өндірісті құруға мемлекеттік грантты ұсыну жолымен,ЖК Морозов Л.Н. жасанды тасты, гранитті және мраморды өңдеу бойынша шеберхана ашуды жанадан бастаған, 1 кәсіпкерге 2,9 млн. теңге көлемінде  қаржылық қолдау көрсетілген. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша 3 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 
2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын нәтижелі іске асыру мақсатында осы бағдарламаның механизімдерін түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі. 2017 жылдың үшінші тоқсан қорытындысы бойынша бағдарлама толық қанды іске асырылуына қарамастан, біздің кәсіпкерлер осы бағдарламаның  механизімін пайдаланған және жалпы 28,0  млн. теңге сомаға 3 жоба мақұлданған, 4 жаңа жұмыс орны құрылған. 
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесі біз үшін маңызды болып табылады, сондықтан да ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттік органдар алдында көрсетілген, кәсіпкерлікті жаппай дамыту бойынша Елбасымен алға қойылған міндет экономика дамуы үшін басым приоритет болып табылуда және біз бизнеспен бір бағытта жұмыс істейміз, қиындықтарды бірлесіп шешетін боламыз. 
Әсіресе  біздің қала моноқала бола отырып, «біз жағдайды нақты бағаладық, шағын және орта кәсіпкерлікті жаппай дамыту біздің аймақты әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.
        Олардың тікелей дамуының қорытындылары бойынша және аймақ дамуының оңтайлы тенденциясын бірқатар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері атап өте алады деп ойлаймын. 
2017 жылы қала бюджетіне 6 млрд.464,4мың  тенге түскен. Жеке табыстар бойынша жоспарды 106,6% орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың кешенді қабылданған шаралары әсер еткен. 
Шахтинск аймағында салық салу базасын кеңейту бойынша іс- шаралар осы көрсеткішке жетуге елеулі ықпал еткен, осы шаралардың қорытындысы бойынша қала бюджетіне қосымша 7 млн. 227 мың теңге салық түскен, ол 2017 жылға арналған жылдық жоспардан 21% (5 млн. 989,0мың теңге) көп.Көрсетілген нәтижеге жету үшін 142 салық төлеуші салық төлеуге тартылған.
Өткен жылы қуаттылығы жылына 14,7 тонна және жалпы ауданы 3100 ш. м. 4 жылыжайды (КХ Весна Аббасов М.И. – 3 жылыжай, Азимов К. – 1)ашу нәтижесінде өсімдік шаруашылығының өнімдерін өсіру есебінен Шахтинск аймағында ауыл шаруашылық өнімдерін жалпы өндіру көлемі3 млрд. 83,0 млн. теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне  122,1% құраған.
Шахтинск аймағында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша штаб өз жұмысын жалғастыруда.
- Шахтинск аймағының негізгі дүкендері бойынша әлеуметтік – маңызды азық – түлік өнімдеріне апта сайын баға  мониторингі жүргізіледі.   165 субъекті басшыларымен «Әлеуметтік – маңызды азық – түлік өнімдеріне шектеулі баға туралы» меморандумдар жасалған. 
Есеп беру жылында«Жасыл керуен» бағдарламасын іске асыру жалғасуда, осы бағдарлама шеңберінде қысқы мезгілде тауар интервенциясын жүргізу үшін, 1500 кг көлемінде жеміс өнімдерін іріктеу жүргізілген.
Тұрғындардың әлжуас санатын қолдау шеңберінде, Шахтинск аймағының 33 дүкенінде және «Лидер» гипермаркетінде  «әлеуметтік сөрелер»бар.
Базар бағасынан төмен бағада ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру үшін, Шахтинск аймағында апта сайынғы негізде ауыл шаруашылық  жәрмеңкелері өткізіледі.
2017 жылы 149 ауыл шаруашылық  жәрмеңкесі өткізілді. 2016 жылмен салыстырғанда өткізілген жәрмеңкелер саны 1,4 есеге өскен (2016жылы – 108 жәрмеңке, 2017жыл – 149жәрмеңке).
2017 жылдың қазан айында қысқы мезгілге қор жинау үшін, Қарқаралы, Абай, Нұра аудандарының ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілерінің қатысуымен «Ауыл Береке-2017» ауыл шаруашылық жәрмеңкесі екі рет өткізілген. Жәрменкелерді өткізу барысында, жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен  мерекелік іс-шара, бауырсақ фестивалі  өтті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Ұлт көшбасшысы өзінің бұрынғы Жолдауында «Урбанизация процессі құрылыс секторын дамытудың қажеттілігін негіздейді. Бұл экономиканың толыққанды драйвері болуы керектігін» айтып өтті. 2017 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды, республикалық және жергілікті бюджеттен Парковая көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйді салуға қаражат бөлінген.Жобаны іске асыру екі жылға есептелген және ағымдағы үйді салу жұмыстары (барлығы 520,4 млн. теңге, оның ішінде: 2017 жыл – 277,1 млн. теңге, 2018 жыл – 243,3 млн. теңге) аяқталатын болады.Құрылыс жұмыстары аяқталысымен 3 мың 84 шаршы  метр тұрғын үй пайдлануға берілетін болады. Жаңа тұрғын үй құрылысына қажеттілік, тұрғындар арасында негізгі және өзекті мәселе болып табылатынын атап өту керек.
Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, № 77 үй мекенжайы бойынша орналасқан 64 пәтерлі бос тұрған үйді қайта жөндеуге (қалпына келтіруге) жоба- сметалық құжатты әзірлеу  бойынша және Карл Маркс көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйді салуға, әрі қарай қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылы жүргізу жоспарланған.
Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды салу республикалық бюджеттен қаржыландырылатынын қарамастан, жеке тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскелерін ұсыну мәселесін шешу мақсатында, жеке тұрғын үй құрылыстың 80 учаскелеріне Шахтинск қаласының Сатпаев көшесінде инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды салу бойынша жобаны іске асыру үшін 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлінген.
Тұрғындар үшін тағы  бір маңызды мәселенің бірі коммуналдық сектордың жұмысы болып табылады.
Қаланың тұрғындары біз үшін, қаланы тұрақты жылумен қамту мәселесі маңызды болып табылады.
«Шағын қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету»бағдарламасының шеңберінде 2017 жылы тұрақты және сапалы жылумен қала тұрғындарын қамтамасыз ету үшін облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидиялар  есебінен 1 млрд. 83,4 млн.  теңге қаражат бөлінген, бұл қаражат жылу жолын ағымдық жөндеуге, жылу беру маусымына станцияны дайындауға, сонымен қатар, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС мұқтаждықтары үшін  көмір, мазут,су, электрэнергияны сатып алуға бағытталған.
Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық мәселелерін іске асырумен бірге, біздің аймақты абаттандыруға және көгалдандыруга басты назар аударылады.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасының шеңберінде, 2017 жылы 815 шаршы метр гүлзарлар 55 ш.м. газон, 425 жасыл желектер, оның ішінде  жапырақты және қылқан жапырақты талдар(85 ағаш жапырақты (оның ішінде40 түп терек, 42 - қылқан жапырақты 300 бұта (20 млн. 980,0 мың теңге сомаға) отырғызылды.  
Үш мектепке (№6,7 және Ә. Бөкейханов атындағы лицей)және Абай Құнанбаев даңғылы бойынша жаяу жүргіншілер жолы салынды (жалпы ауданы  1557 ш.м.).
«Тәуелсіздік» скверінде сәндік сағатты және Абай даңғылының бойында «Шахтинскіні сүйемін» шағын құрылыс нысанын орнату бойынша жұмыстар (Республика мен Абай даңғылдарының қиылысында Абай Құнанбаев және Парковая к-сі)жүргізілген.      Адамдар көп жиналатын жерлерде заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу және қауіпсіздік мақсатында қала бойынша (оның ішінде 64 –стационарлы және 10 куполді)74 видеобақылау камералары  орнатылған.
Автокөлік жолдарын және қаланың жол бойындағы инфрақұрылымын ұстау жұмыстарына бюджеттік қаражаттың үлкен сомасын бөлу мүмкіндігі соңғы 2-3 жылда туды. 2017 жылы бюджет қаражатының есебінен 373,5 млн.  теңге шығындалған,8,2 км жол жөнделген, 13 мың 299,5 ш.м., аула аумақтарын ағымдық жөндеу жүргізілген,  24мың616,35 ш.м. көлемінде жол жабындысы орташа жөнделген, жалпы білім беретін мектептердің кіре беріс жолдары жөнделген  (4906,6 кв.м.), сонымен қатар,  239 жана жарық шамдары орнатылған, 200 аса шамдар заманауи жарық диодты шамдарға ауыстырылған.
Қаланың автокөлік жолдарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін, 2017 жылы қалада және 3 жақын мандағы кенттерде 250 дана жол белгілері орнатылған (6615,7 мың теңге сомаға),қала бойынша 20 дана аялдама павильондарын ауыстыру жұмыстары (28084 мың теңге сомаға) жүргізілді.Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін 5 бағдаршам объектілерінде дыбыстық сүйемелдеу және кері санау таймерін орнату бойынша (6206,5 мың теңге сомаға)жұмыстар жүргізілген.
Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасын орындау үшін, Шахтинск қаласының және жақын мандағы кенттердің сыртқы келбетін жақсарту мақсатында 11 сәуірден 28 мамыр аралығында және 2017 жылдың 11 қыркүйегінен 9 қазаны аралығында еңбек ұжымдарын, кәсіпорынарды мен меншіктің барлық түрлерін тарта отырып санитарлық тазалау, абаттандыру және қаланы көгалдандыру бойынша іс- шаралар өткізілген.
Инфрақұрылым объектілерінің бұзылуын, жасыл желектердің жойылуын және зақымдануын болдырмау мақсатында, сонымен қатар жасыл желектерді ұстау және қорғау, Қарағанды облысының қала аумағын және кенттерді абаттандыру ережелерін сақтау үшін бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту және анықтау бойынша алдын- алу жұмыстары жүргізілген.                            48 ұйғарым жасалды, 48 хаттама толтырылды.
Қаланың жергілікті полиция қызметімен 1061 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 1057 ескерту жасалған, төрт хаттама бойынша 38,2 мың теңге сомасында айыппұл салынған.
Шахтинск аймағының кенттерінде де абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Шаханкентінде бөлінген бюджеттік қаражатқа көше жарығын қалпына келтіру бойынша (58 жарық шамы),автокөлік жолдарын орташа жөндеу 24 мың 572 ш.м, екі мектепті орташа жөндеу, «Березка» сәбилер- бақшасында жылу жабдықтарын ауыстыру бойынша, жаяу жүргіншілер жолын жайластыру(2091ш.м., 6 млн. 835,6 мың теңге сомаға) жұмыстары жүргізілген, 200,0 мың теңге сомаға баннерлік өнімдер сатып алынған.
Новодолинскийкентіндеавтомобиль жолдарының жұмыс істеуі, елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және санитария бағдарламасының шеңберінде автокөлік жолдарының орташа жөндеуі жұмыстары жүргізілген  (сомасы 30 млн. 096, мың теңге, ауданы 9919,9 ш.м.), шұңқырлы жолдарды жөндеу сомасы 308,0 мың теңге, саны 47 дана жарық диодты шамдарды көше жарығының бағандарын ағымдағы жөнделген(бетон тіректерді металлға ауыстыру),балаларға арналған ойын кешендеріабаттандырылған.
Долинкакентінде  есеп беру кезеңінде автомобиль жолдарын ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген(ауданы 3300 ш.м.),  жер асты жолдарынсебу жұмыстары жүргізілген(жалпы ауданы 6600 ш.м.), Долинка кентінің -Жартассовхозының автожолдарын ағымдық жөндеуі жұмыстары облыстық бюджет қаражатына  жүргізілген(ауданы 1027 ш.м.). Кентті абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілген (жол қиылысындағы  талдарды кесу, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердісанитарлық тазалау 396 куб.м.).Адамдар көп жиналатын орындарда 9 бейнебақылау камералары орнатылған.

Құрметті жерлестер!

Ұлт Көшбасшысы– Нурсултан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында негізгі міндет – адами капиталды дамытуды – білім берудің жаңа сапасын анықтап өтті.
Білім беруді дамыту, болашақтағы жетістіктің негізгі басты  факторы болып табылады. Ұлт басымдығының жүйесінде – білім беру бірінші орынды алуы керек. Білім беру сапасын арттыру, заманауи әдістемені енгізу, президентпен айтылған үш тілділік жүйесін іске асыру міндеттердің аса маңыздысы болып табылады. Осыған байланысты, 2016 жылдың наурызынан бастап біз Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға көштік, бұл бағдарламаның мақсаты білім және ғылым бәсекелестігін арттыру, экономика өсімінің тұрақты өсімі үшін адами капиталды дамыту.
Мемлекеттің  экономикалық жетістіктері-дамыған білім беру жүйесімен анықталады.Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан есеп беру жылында  білім беру жүйесін дамыту бойынша барлық қолайлы жағдайлар жасалған  және Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы қамтамасыз етілген.
2017 жылы білім беру объектілерін ағымдық жөндеу жұмыстарына 233,1 млн. теңге бөлінген, негізінен:
3 жалпы білім беру мектептерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген (3, 7, 11 қоршау орнату жүргізілген және мектеп аумағын асфальттау бойынша жұмыстар жүргізілген; 2 мектепте терезе жақтаулары ауыстырылған (№4,12), балалар- жасөспірімдер орталығында акт залы жөнделген), «Салтанат» және «Карлыгаш»сәбилер – бақшасында шатыр жөнделген (»Ботагоз» с/б ас ішетін орын жөнделген, балалар өнер мектебінде және  «Березка» және «Аленка» -сәбилер- бақшасында қазандықтар ағымдық жөнделген), №2 жалпы білім беретін мектепте еден ауыстырылған.
Білім беру қызметтерінің ұсыну сапасын жақсарту мақсатында, мектептер мен балалар – бақшасының материалдық- техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда. Есеп беру кезеңінде 4 дана жаңа модификациялы кабинеттер сатып алынған (4,6,9,12 мектептер үшін физика кабинеттері. Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 81,2% жеткен).Оқу процесіне  «жоба -интернет-компьютер» (ЖИК) енгізу үшін 12 мектеп үшін 120 бағдарлама – аппараттық кешен сатып алынған (барлығы 120 сынып, оның ішінде 1 мектепке 12- ден),аймақтың барлық жалпы білім беретін мектептері ЖИК кабинеттерімен қамтамасыз етілген. 1 компьютерге 8,1 - ден 6,4 дейін оқушылар санының көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 5 мектептің бастауыш сынып кабинеттері үшін 17 жиынтық жихаз сатып алынған.
Бүгінгі күні, бізге білім беру үдерісін жандандыру қажет, алған білім заман талабынан сәйкес келуі керек. Осыған байланысты, білім беру мектептеріне және балалар – бақшасына 10 «Робототехника» кабинеті сатып алынған.
Өткен жылдың ерекше маңызды оқиғасы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған № 7 жалпы білім беру мектебі жанында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашылуы болды, ол Қарағанды ​​облысы бойынша екінші орын алды. Кабинет заманауи оңалту жабдықтарымен жабдықталған. Жыл сайын 100-ге жуық бала, кабинет қызметін қолдана алады, сабақтар тәжірибелі психологтар, дефектологтар, логопедтер тегін жүргізіледі, медбике-массаж бар.
Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі - білім сапасы. Сонымен 2017 жылға ҰБТ орташа балл 75,67 баллды құрады. Бұрынғы оқу жылымен салыстырғанда, түлектердің ҰБТ-ға қатысу үлесі 0,9% артып, 103 оқушы құрады. Олардың ішінде 8 түлек «Алтын белгі» белгісіне ие болды. Балдардың ең көп саны (111 ұпай) Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің түлегі Ерланқызы Алуа жинады.
Сонымен қатар, облыстық және республикалық жарыстарда облысымыздың намысын қорғайтын және бағалы сыйлықтармен және құрметті орынға ие болған балаларымыздың, жетістіктерін атап өткім келеді. Кэтрин Заднепровская «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша облыстық олимпиадасына қатысып 1 орынға, Мария Пурясев пен Агджу Набиев «Орыс тілінде оқытатын мектептеріндегі қазақ тілі» пәні бойынша  облыстық олимпиадаға қатысып, 3 орынға,  ал Артем Солода, Иван Голубков, Валерия Навродская  «Биология» пәнінен облыстық олимпиадаға қатысып 3 орынға ие болды.

          Экономиканы жеңілдетілген технологиялық модернизациялау саласында балабақшаларды ақпараттандыру аясында «Электрондық кезек» жобасы іске қосылды. Бұл жоба балабақшаларда балаларды мектепке дейінгі жастағы балаларды тіркеу үдерісін толық автоматтандыруға бағытталған. Алғашқы кезден бастап түпкілікті нәтижеге дейін - жолдама алу. Ата-аналарға балабақшаны таңдағанда және кезекті әрі қарай есептеу кезінде ақпаратпен танысу мүмкіндігі беріледі. Жобаны іске асыру нәтижесінде жеке байланыстар толығымен алынып тасталды, бұл мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. 
Шахтинск өңірінде «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында компьютерлік сауаттылықты оқыту жүргізілуде. 2017 жылдың соңында 450 сертификат берілді. 

Мемлекет басшысы тұрақты жұмыспен қамту саласын жаңғыртуға ерекше назар аударады. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін есепті жылы 2021 жылға дейін Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай-кəсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның үш негізгі бағытын іске асыру үшін бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлінді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге өтініш білдіргендердің арасында жұмыспен қамтылғандардың үлесі 88,9% -ды құрады (1 933 адам, 1,718 адам жұмысқа орналастырылды).
2017 жылы қоғамдық жұмыстарға 212 адам, оның ішінде 29 жасқа дейінгі 83 адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстар қаланың 26 ұйымында ұйымдастырылған.
2017 жылы кәсіптік даярлау және қайта даярлау үшін 252 жұмыссыз (олардың 125-і жастар) жіберілді.
Қысқа мерзімді оқыту еңбек нарығында, шағын және орта бизнеске сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмыссыз азаматтардан 111 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар практикасына жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының 46 түлектері жіберілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек атаулы әлеуметтік көмек нысанында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолма-қол ақшамен төленетін, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы. Жылдың қорытындысы бойынша осы саладағы барлық әлеуметтік міндеттемелер мұқтаж жандар үшін толығымен орындалды.
Азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртібін қамтамасыз ету үшін қоғамдық тәртіпті сақтау, алдын – алу, қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау  бойынша кешенді шаралар қабылдануда.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, есеп беру кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 26% қысқарған. Аса ауыр қылмыстарды ашу 12,5% артқан. Тонау саны 8,6% және бұзақылық  41,5% азайған. Қала жолдарында жол – көлік оқиғаларының саны  9,1% қысқарған, сонымен қатар, зардап шеккендер саны 11,5% азайған.
Қоғам тарапынан ішкі істер органдарының жұмысын бақылауды  және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, Шахтинск аймағында «Қылмыстық құқықбұзушылық картасы» әзірленген. Картада қылмыстық құқық бұзушылықтың фабуласы көрсетіледі, оның сыныптамасы, орны және жасаған уақыты, сонымен қатар, басқа да статистикалық ақпарат көрсетіледі.
Бүгінгі күні, «Қылмыстық құқықбұзушылық картасы» Шахтинск ІІБ және жергілікті полиция қызметінде пайдаланылады.

                        Құрметті кездесуге қатысушылар!

        Мәдениетті дамыту саласындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, жалпы алғанда, мәдениет заманау адам мен қоғамның қалыптасуы және дамуына ықпал етуші әлеуметтік жаңғыртудың маңызды құрамы болып саналады.
2017 жылы барлық өткізілген іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, қазақтың атақты Қазыбек биінің 350-жылдығын және Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесін мерекелеу аясында жүзеге асты.
Қала күні және Кеншілер күні жыл бойына кезекпен - кезек әр түрлі іс-шаралармен толды.Атап айтқанда, ат спортының жарыстары, кеншілер даңқыныңкавалерлерінің шеруі,футболдан қала әкімінің кубогы және басқа да шаралар өткен.Мерекелі кештік шырқау шегі болып қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен (Роза Рымбаева, АйкынТөлепберген, «Спортлото» тобы) өткізілген мерекелік гала концерті өткізілді.Қызықты кеш мерекелік от шашумен аяқталды.
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «Болашақ энергиясы-ЭКСПО-2017» тақырыптық сөрелері, «ЭКСПО-2017» дөңгелек үстелі, «ЭКСПО-2017-болашақтың энергиясы» атты қолөнер көрмесі және басқа да қызықты және мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Қаламыздың 40% жуық тұрғындары көрмені барып тамашалады.Біздің аймақ халқының рухани және мәдени дамуында көркемөнерпаздар ұжымының жұмысы да маңызды орынға ие.
Есеп беру кезеңінде қалалық және облыстық деңгейдегі сайыстар мен фестивалдарға келесі тұлғалар белсенді түрде қатысты:
- Сагиндыкова Даяна жәнеАбдрахманова Айзада облыстық«Жаңа есімдер» сайысында жүлделі орындарды иеледі;
- би ұжымдары «Карамельки», «Рахатлукум», «Алтыншаш» би ұжымдары III республикалық«DIONIS» сайысының II, III дәрежелі лауреаттары және I, II, III дәрежелі дипломанттары аталды;
- «Жаңа есімдер» атты балалар шығармашылығының VII облыстық сайысындаІІ орынды «Айналайын» вокалды тобы иеленді.
Сондай-ақ, облыстық және аймақтық іс-шараларға аймақтың этно‑мәдени бірлестіктерінің өкілдері де белсенді қатысты.
«Ихлас» клубының татар‑башқұрт шығармашылық орталығы күндеріне арналған іс-шараларына «Алсу» татар-башқұрт» клубы «Чак-Чак», «Сабантой» облыстық фестивалдерінің тұрақты қатысушылары болып саналады.Қазақ клубының өкілдері «Арнадым саған» атты телевизиялық сайысына қатысып, дипломдармен марапатталды.
Бұдан басқа, кәріс халқын депортациялауға 80 жылдығын мерекелеу аясында «Коре сарам» кәріс клубы облыстық семинарға қатысты және алғыс хатпен марапатталды.

Құрметті  шахтинскіліктер!

Адами капиталдың сапасы көбінесе денсаулық сақтау жүйесі қаншалықты табысты жұмыс істейтініне байланысты. Осыған байланысты медицина алдына міндеттер қойылған  - өмірдің  үдемелі қарқынында денсаулықты сақтау,  артық жүктелуден және басқа да көптеген жағымсыз факторларды болдырмау.Аймақ емханасының басты назарында диспансерлеу және профилактикалық тексеріп-қарау, есірткімен күрес, маскүнемдік, АИТВ-жұқпасын анықтау, кәсіби ауруларды анықтау жатады. Бірінші орында, бұл халықты скринингтік тексеруден өткізу жұмыстары тұр,қауіпті аурудың ерте сатысындадиагностикалауғамүмкіндік береді. Шахтинск аймағында өткен жылы 6 түрлі онкоскрининг ("сүт безі,өңеш және асқазан, жатыр мойны, қуық асты безінің, тоқ ішектің, бауыр обырын ерте анықтау) жасалған.
Ұлт Көшбасшысы осы жолғы жолдауында отандық денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс деп айтып өтті.
Аймақ емханасына қаржылық лизинг бағдарламасы арқылы жалпы 62 млн. 530 мың теңге сомаға заманауи медициналық техникалар сатып алынған.
- ЛОР- комбайн 19 млн. 440 мың теңге сомаға;
- рентген аппарат 43 млн.90 мың теңге сомаға.
Аймаққа мамандарды тарту мақсатында, бірқатар шаралар жүргізілген, бұл шаралардың  нәтижесі бойынша емханаға 7 дәрігер келген, оның ішінде 3 жас маман (2 - учаскелік терапевт, 1 акушер-гинеколог) және  4 тәжірибесі бар маман (2 - учаскелік терапевт, 1 сарапшыдәрігер, 1 жалпы практика дәрігері).
Медициналық қызметкерлерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Шахтинск қаласының коммуналдық меншігінен, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының балансына  Абай Құнанбаев даңғылы № 77 үйдің екі кіре берісін (32 пәтер) беру бойынша жұмыстар жүргізілген. Биылғы жылы қалпына келтіру жұмыстары басталатын болады,бұл Шахтинск қаласына  маман – дәрігерлерді тартуға өте үлкен демеу  болады.
Бүгінгі таңда біздің міндетіміз бұрынғыдай медициналық қызмет деңгейін, қолжетімділігін, уақыттылығын, сапасын жақсарту. Мықты денсаулық және дені сау ұлт – негізгі міндеттердің бірі.
Денсаулық сақтау тақырыбын  жалғастыра отырып, бүгінгі күні біз барлығыміз түсінеміз, салауатты өмір салтын ұстану керек. Спорттың адам денсаулығына және мінезіне оң әсер ететіні ешқашан күмән туғызбаған.  Физикалық жаттығулар зат алмасуды жақсартады, жүректі және бұлшықеттерді нығайтады, бірқатар аурулардың алдын алады, иммунитетті арттырады, ұйқыны жақсартады, адам сергек жүреді және өмірге деген құлшынысын  арттырады, ақыл-ой, физикалық жұмыс қабілеттігі артады. Өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді.
Шахтинск аумағында  79 спорттық ғимарат жұмыс істейді -  оның ішінде аса ірі құрылыстар қалалық стадион  және 2 спорттық-сауықтыру кешені "Ягуар" және "Атлетик» бар. Негізгі көрсеткіштерінің бірі «Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламасын дамыту  және халық арасында  салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы бағытталған дамыту  қызметі.
Бүгінгі күні,  дене шынықтырумен айналысатындардың саны 16 мың 345 адам немесе    жалпы халықтың санының (2017 жылдың 1 қарашасында жағдай бойынша 57060 адам) 28,6%құрайды.
Шахтинск аймағында спорттың 29 түрі  дамытылуда, оның 12-сі Олимпиада бағдарламасына енгізілген.
Шахтинск қаласы әкімдігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, 639 бала   спорттың 7 түрімен айналысуда.
Сондай-ақ, өткен жылы біздің спортшылар өңірлік қоржынына 270 әр түрлі құндылықтағы медальдар толықтырды, оның ішінде: 107 әр түрлі  облыстық, республикалық деңгейдегі және халықаралық турнирлерге қатысып, 65 алтын, 98 күміс, 107 қола медалдар жеңіп алды.
Қала біздің  спортшылардың жетістіктерімен мақтана алады. Самчук Василий және СырымбетовТалғат республикалық және халықаралық бокс  жарыстарының чемпиондарын  ерекше атап өткіміз  келеді. Роман Василенков и Сергей Шатовкин –велоспорт чемпионаты бойынша командалық республикалық және халықаралық V-ші Азия ойындарында чемпиондары атанды.  Амоскин Никита –акробатика бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың чемпионы.Полянский Данил – сырықпемен секіру бойынша республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Давыдов Никита және Староверкин Игорь ауыр атлетика облыстық және республикалық чемпионы, сондай-ақ Қайыржанұлы Әділхан  қазақ күресі бойынша облыстық және республикалық жарыстардың чемпионы және жүлдегері атанды.
Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, оның негізін қалаған басты идея, біздің мемлекет, қоғам, ұлтты сақтау мен қоғамдық келісімді нығайтуға спортшыларымыздың жетістіктері ықпал етеді.
Халықтар арасында келісім мен өзара түсінушілікті нығайту туралы айтқанда аймақта Қазақстан халықтарының мәдениеті, дәстүрі мен тілдерінің дамулары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын айтып өту керек. 
Шахтинск аймағында  ұлттық-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді, соның ішінде 2  бірлестік қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау мен жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізеді, 2 славян бірлестігі, сондай-ақ, неміс, кәріс және татар-башқұрт бірлестіктері жұмыс істейді.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Бастау» оқу‑әдістемелік орталығында 2017 жылы мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бойынша жұмыстар өз жалғасын тапты. Мемлекеттік тілді 160 адам оқыды (2016 жылы - 160), ағылшын тілін - 79 адам(2016 жылы– 79 адам).

Құрметті қала тұрғындары!

Аймақтың мәселелері мен мақсаттарын орындағанда кенттердің дамуы жайлы ұмытпау керек, біздің кенттер бойынша  өзекті  мәселелер  менің тұрақты бақылауымда тұр. 
Өткен жылдың тамыз айында Шахтинск аймағы кенттері әкімдерін кезекті сайлауы өтті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихат депутаттарымен 10 кандидат ішінен Долинка, Новодолинский және Шахан кентерінің үш әкімі сайлап  алынған болатын, олар енді 4 жыл бойында оларға берілген аумақтарда өз өкілеттігін жүзеге асыратын болады.
Кенттердің даму тақырыбын жалғастыра отырып, бізбен жыл сайын кенттердің алғашқы кезектегі міндеттерін қарастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жолдарды жөндеу жүзеге асырылады, кент аудандары, балалар алаңы абаттандырылады, жарық шамдарын және ҚТҚ алаңын орнату   жұмыстары жүзеге асырылады.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 97 қадамын орындау үшін, қосымша міндеттер кенттердің әкімдеріне кезеңдеп беру қарастырылған.Осыған байланысты, өткен жылы қалалық бюджет шығыстарының құрамында жергілікті өзін- өзі басқару органдарына 21,4 млн. тенге көлемінде трансферттер қарастырылған.  Кент әкімдеріне осы трансферттер, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп алғашқы кезектегі мәселелерді және міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдан бастап Шахтинск аймағының кенттері бюджеттің төртінші деңгейіне көшті, бұл – жергілікті өзін- өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, жергілікті өзін- өзі басқару органдары арқылы шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Атқарушы биліктің қызметін құрайтын манызды бөлігі қоғаммен кері байланыс болып табылады. Азаматтардың өтініштерінен біз  тұрғындардың күнделікті қиындықтарын  нақты және толық біліп отырамыз. Осы жұмыстың бір бөлігі біздің бүгінгі кездесуіміз болып табылады.
Барлық түскен өтінштер тұрақты бақылауда тұр.
Өткен жылы қалалық әкімдікте және оның құрылымдық бөлімшелеріне 2016 жылмен салыстырғанда 3 мың 202 өтініштер келіп түскен, 365 адам жеке қабылдауда болған.
Өтініштердің талдауы көрсеткендей жұрттың жер телімін бөлу сұрақтары, коммуналдық – тұрмыстық сипаттағы қиындықтар және  тұрғын үй сұрақтары өзекті болып табылады.

Құрметтішахтинскіліктер!

           Өткен жылы есептік кездесу барысында тұрғындардан келіп түскен ұсыныстары мен ескертулерді іске асыру қортындысы туралы  қысқаша ақпарат беруге рұқсат етініздер:
2017 жылдың қаңтар және ақпан айларында  кент әкімдерінің кент тұрғындарымен 4 есептік кездесу өтті және қала әкімі Шахтинск аймағының тұрғындармен 1 кездесу өткізді.  Кездесу қортындысы бойынша, нақты шараларды қолдану үшін  тұрғындардан түскен 22 ұсыныстар бақылауға койылды, оларды орындау бойынша іс – шаралар әзірленді. Әр ұсынысты  орындауға нақты мерзім белгіленді және жауапты орындаушылар бекітілді.
Өткен жылы айтылған ұсыныстардың негізінде  келесі жұмыстар атқарылды:
Северо – Западный кенті бойынша:

Тұрғындарының өтініші бойынша қысқы кезеңде 2017 жылы орталық автомобиль жолдарында және клиенттің кірме жолдарында объектілеріне қойылатын әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық қызметтер, сондай-ақ, бірінші талап етуі бойынша шұғыл жағдайларда (жедел жәрдем, өрт сөндіру техникасы), жүргізілген алғашқы жолдарды қардан тазарту, бұдан әрі - тазарту екінші дәрежелі жолдарда және кейіннен кеңейту бойынша жұмыстар жолдар автогрейдермен жөнделген.
Қарағанды облысының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларына сәйкес, үнемі халық көп жиналатын жерлерде, почта жәшігінде жеке тұрғын үйлердің, дүкендер мен аялдамаларда жадынамалар орналастырылды. Бұзу фактілері анықталған жағдайда, сақтау иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды қолданыстағы заңнамаға сәйкес.
Кентте ҚТҚ жинау үшін 13 алаңдарынан бар. Кентке контейнерлердің қақпағы қолдану үшін қолайсыз, өйткені техника контейнерлік типтегі ғана көзделген ұсақ және жанбайтын қоқыс шығарылды. Тиісінше, қабылдау үшін габаритті емес қалдықтарды кентінде болды жайластырылған қоқыс алаңы қоқыс фронталды тиегіші жинау. Долинка кентінде 2018 жылы ҚТҚ алаңдарды жөндеу жұмыстарына бюджеттен 652 мың теңге қарастырылған.

        Долинка кенті бойынша
Мичурин совхозына дейін автомобиль жолын қардан тазалауға, Абай ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ тиісті хат жіберілді.Нәтижесінде, осы автомобиль жолының учаскесін тұрақты негізде қысқы кезеңде тазарту жұмыстары жүргізілген.
Кент тұрғындарының өтініші бойынша, "Шахтинскводоканал" ЖШС Долинка кенті 7-линия көшесімен 10 ашық люктер канализациялық құдықтардың қақпақтарын жабу бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Маусым айында 2017 жылғы  «RICH₰ S» ЖШС мердігерлік ұйымымен ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, Долинка кентінің1-ші линия көшесіне аумағы 3300 ш. м. 6294,4 мың теңгегежол төсемі салынды.
Новодолинский кенті бойынша:

       Кент тұрғындарының өтініштері бойынша қаңғыбас жануарларды уақытында аулау жұмыстарына бақылау күшейтілді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 82 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланған.
Новодолинский кентінде электр қуатын жеткізуші «Жезказганэнергосбыт» ЖШС-гін басқа қызмет көрсетушіге ауыстыру туралы мәселе бірнеше рет қарастырылды. Осыған байланысты, «РСЦ» ЖШС-ге, «КазахмысЭнерджи» ЖШС-ге және «Казэнергоцентр» ЖШС-ге тиісті хаттар жолданған болатын. Алынған жауаптарға сәйкес, «КазахмысЭнерджи» ЖШС электр қуатын бөлшек нарыққа жеткізумен айналыспайды, «РСЦ» ЖШС-мен аталған сұрақ «ЖЭС» ЖШС-мен барлық сот қарастырулары аяқталғаннан кейін қарастырылатын болады. Осыған байланысты, бүгінгі күнде электрқуатын жеткізуші ұйымды ауыстыру мәселесін шешу мүмкін болмай отыр. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.
Кент әкімі аппаратытұрғындармен және Шахтинск қ. ІІБ ЖПҚ полиция учаскелік инспекторымен біріге отырып «Автомобилист» ТК жерінен Новодолинский кентінің бақша қоғамдастықтарының жер учаскелерінде жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру кезінде тыйым салынған химиялық заттарды пайдалану фактілерін анықтау мақсатында топырақ құрамы алынып, Қарағанды қаласындағы «Giotrade» ЖШС-нің зертханасына жеткізілген болатын. Зерттеу нәтижесі бойынша 2017 жылдың 05 қыркүйегіндегі № 4471/01 сынақ хаттамасы берілді, оған сәйкес нақты алынған нәтижелер бекітілген мемлекеттік стандарттарға сай келеді.

Шахан кенті бойынша:
Шахан кенті қазандығы құрылысын бастауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараны қабылдауға қатысты, өткен жылы республикалық бюджетен 1 254,0 млн теңге көлемінде трансферттер бөлінді. Алайда, жобалау-сметалық құжатты бөлшектеп қарастырғанда, сәйкессіздік пен қате деректер анықталды, сондай-ақ сыйымдылық пен пайдаланылатын технологияларда елеулі мәселелер анықталды. Осыған байланысты жобаны түзету туралы шешім қабылданды.
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша «Конэс» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қазіргі уақытта келісім-шарт жасалды,түзетулер бойынша жұмыстар озық қарқынмен жүзеге асырылып жатыр.
Өз кезегінде, 2017 жылдыңқыркүйек айында«Қарағанды ​​облысы Шахан кентінің аулааралық жылу желілерінің құрылысы» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша келісім шартқа қол қойылды. Конкурс нәтижесі бойынша «Семипалатинскгражданпроект жобалау институты» ӨК жеңімпаз болып анықталады. Жоба жұмысы кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өздеріңіз білетіндей, Шахан кентіндегі қайғылы оқиғадан кейін, жертөлелерден АЖЖ шығару туралы басты міндет қойылды. Бюджет қаражатын пайдалану мүмкін емес болды, бұл шын мәнінде мәселені тереңдете түседi. Бүгінгі күні, кенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінен АЖЖ шығару бойынша жеке құрылыс жұмыстары аяқталды. Барлық АЖЖ тұрақты режимде жұмыс істейді. Құрметті тұрғындар, біздің демеушілерімізге алғысымды білдіргім келеді, олардың көмегінсіз біз осы мәселені шешуіміз мүмкін емес еді. Жалпы сомасы 83,0 млн теңгеге Шахан кентінде барлығы 11 модульдік қазандық орнатылды (7 біріктірілген және 4 бір). Сонымен қатар, 51,0 млн теңгеге демеушілердің көмегімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қарағанды ​​облысының әкімі Е.Қошанов және EurasianResourcesGroupS.a.r.l. арасында, «Шубарколь Комир» АҚ көп көмек көрсетті.
Кентте кезекші электр слесарьмен  қамтамасыз ету мақсатында «КРЭК» ЖШС қосымша 2 бірлік маманды енгізді (шебер және электрик).Қазіргі уақытта шебердің орны бос.
Кентті барынша  жеңілдікті дәрілермен қамтамасыз ету үшін, жергілікті атқарушы органмен тиісті іс-шаралар жүзеге асырылды (Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасына хаттар жіберіледі, Басқарманың қатысуымен кездесу өткізді). Осы жұмыстың нәтижесінде, ТМККК шеңберінде бөлінген дәрі-дәрмек санының көлемі, қазіргі уақытта 100% құрайды
        Шахтинск қаласы бойынша:

        Шахтинск аймағы бойынша инфляциялық үдерісті тежеу жөнінде кешенді жұмысты ұйымдастыру және баға өсіміне талдау жасау мақсатында, инфляциялық үдерісті тежеу жөнінде, оның ішінде дәрілік құралдарға және білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы ақылы қызметтерге бағаның өсуін тежеу бойынша қалалық штаб және алты жұмыс тобы бар.Осы жұмыс тобымен тұрақты негізде дәрілік құралдарға баға мониторингі жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2016 жылдың наурыз айынан бастап Новодолинский және Долинка кенттерінде Денсаулық орталықтарында әлеуметтік дәріханалар жұмыс істейді, онда бағалар жеке меншік дәріханаларға қарағанда төмен.
2017 жылдың 1 маусымынан бастап Шахтинск қаласы әкімдігі және дәрілік құралдарды бөлшектеп сататын 17 субъектімен 105 атаулы дәрілік құралдарға баға өсімін тежеу бойынша Меморандумдар жасалған. Бекітілген тізім бойынша, жауапты мамандармен ай сайын баға мониторингі жүргізіледі.       Тұрғындардың өтініштері бойынша, Шахтинск қаласы бойынша № 205 маршруттың автобус қозғалысын № 121 автобусмаршруты қозғалысы сияқты өзгерту мақсаттылығын анықтау үшін   талдау жүргізілген. Талдау нәтижесі көрсеткендей, маршрутқа өзгеріс енгізу, аялдама пункттерінде кептелістерге әкеп соғуы мүмкін, себебі автобустардың жүру  уақыты сәйкес келеді.Осыған байланысты, қосымша кесте енгізу экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай болмайды.
Шахтинскіліктердің ұсыныстары бойынша, «Барс» КМҚК жұмыскерлерімен  2017 жылдың мамыр айында қоғамдық дәретхананы қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, негізінен: ағарту, бояу, дезинфекция және санитарлық тазалау, сонымен қатар, дәретхананы жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.  
Ашық құдықтарды  анықтау мақсатында және уақытылы шараларды қабылдау үшін, "Шахтинскводоканал" ЖШС- мен Шахтинск қаласының сумен қамту және су бұру желілері үнемі тексеріліп отырады.  Бүгінгі күні, Станционная көшесіндегі 4 су құбыр құдықтары және Сатпаев-Станционная  көшелерінің бойындағы 2 кәріз құдығы қақпақпен жабылған.       
Сонымен қатар, Сіздердің ескертулеріңіз бойынша Абай Құнанбаев даңғылының бойындағы (Парковая көшесінен, Торговая көшесіне дейін) жаяу жүргіншілер жолыжайластырылған, жазғы мезгілде автокөлік жолдарын жинау кезінде, жол бойындағы шанның таралуын болдырмауүшін, су ресурстарын қолдануменжол төсемін тазалау тетіктерін пайдалана отырып жол төсемін тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Парковая көшесіндегі «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша салынбай қалған 12 пәтерлі 3 үйді қалпына келтіру және консервация мәселелері қаралған болатын.Осыған байланысты, осы объектілерді қарау және тексеру бойынша жұмыс тобы құрылған. Тексеру нәтижесінде сырттай қарау актісі құрастырылған және қол қойылған, осы актігі сәйкес көрсетілген үйлер қалпына келтірілмейді.Осы қорытынды негізінде, осы үйлерді бұзу бойынша жұмыс жобасын әзірлеу үшін конкурс жарияланған.
Есептік кездесулерде тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерін орындауын қамтамасыз ететін іс – шараларды жүзеге асырылғаны туралы ақпарат ай сайын Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады және тоқсан сайын «Шахтинский вестник» газетінде жарияланады. 

Құрметті жерлестер!

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзу мәселесіне басты назар аударылады. Осы бағыттағы жұмыстар біздің қаламызда да жүргізіледі. 
Менің төрағалық етуіммен Шахтинск аймағында сыбайлас жемқорлықпен  күрес мәселесі бойынша комиссия жұмыс істейді, комиссияның отырысы тоқсан сайын өтеді, қажет болған жағдайда жоспардан  тыс отырыстар өткізіледі.
Тұрақты негізде барлық мемлекеттік мекемелерде «сенім телефоны» жұмыс істейді, сенім телефондарының нөмірлері жергілікті «Шахтинский вестник» газетінде және қала әкімдігінің сайтында жарияланады. Мекемелердің ғимараттарында және бөлмелерінде хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау үшін жәшік орналастырылған.
Келіп түскен өтініштер туралы барлық мәліметтер «Электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесі» электрондық базасында тіркеледі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, олардың жұбайларының табысы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттері туралы мәліметтер жыл сайын қала әкімдігінің ресми интернет – ресурсында жарияланады.
Шахтинск аймағының мемлекеттік қызметкерлерімен жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөліктерді пайдалануды болдырмау мақсатында, Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік мүліктің статусын білдіретін айрықша белгінің формасы әзірленген.Қазіргі уақытта, осы белгі қызметтік атқарушы органдардың автокөліктерінде орналастырылған,  Шахтинский вестник газетінде осы белгінің мағынасын түсіндіретін мақала жарияланған.
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын және хабардарлығын арттыру мақсатында қалалық «Шахтинский вестник» газетінде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тақырыбына мақалалар жарияланады, Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет – ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бөлім құрылған, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама» буклеті әзірленген. Бұл буклеттер тұрғындарға таратылған.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін, қазақстандық қоғамның барлық санаты қатысуы керек.  Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығын орындау үшін, менің Өкіміммен мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Асия Исмагуловна Майдинаға Шахтинск қаласы әкім аппаратының әдеп жөнендегі уәкілінің функциялары жүктелген. Әдеп жөнендегі уәкілдің деректері және жеке қабылдау кестесі жалпыға ортақ орындарда (әкім аппаратында және атқарушы органдарда), қала әкімінің ресми сайтында  орналастрылыған.Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жемқорлық фактілері анықталған жағдайда немесе  әдеп нормаларын бұзған жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтартуралы фактілердіәдеп жөніндегі уәкілге айта алады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жөніндегі міндеттер барлық мемлекеттік мекемелердің алдына қойылған.
Елбасының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеті болып, жоғары сападағы мемлекеттік қызметтерге біркелкі ашықтық пен қол жетімділік табылады.
2017 жылы мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес мемлекеттік қыметтердің 100 түрі бойынша атқарушы органдармен 21 152 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және қызмет алушылардың байланысын шектейтін қызметті сапалы және уақытылы көрсету үшін, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісін  альтернативті негізде ХҚО арқылы және «электрондық үкіметтің» веб – порталы арқылы көрсетуге ауысу жұмыстары жүргізілген.
«Электрондық үкімет» бастамаларын әйгілеуге және жаппай электрондық сандық қолтаңбаны таратуға басты назар аударылған. 2017 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы 1239 қызмет көрсетілсе, 2015 жылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің саны 1702 құраған.
Сонымен қатар, электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен және  жалпы көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 21,7% құраған. Мемлекеттік корпорация арқылы  5 746 қызмет көрсетілген, ол өткен жылдың ұқсас кезеңінен 7,1% жоғары. Қағаз тасығышта 10 813 қызмет көрсетілген, өткен жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 27% төмендеген.
Тұрақты негізде мемлекеттік қызметті көрсету сапасын тұрақты ішкі бақылауы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде қала әкімдігінің ресми интернет- ресурсында және мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған, 75 түсіндіру жұмыстары жүргізілген, 9 мыңнан астап брошюралар мен буклеттер таратылған, орталық көшелерде 7 ақпараттық баннерорналастырылған, 9 мекемеде видороликтер көрсетіледі, кенттердегі әкім аппаратының ғимараттарында, жалпыға көрінетін орындарда қызмет көрсетушілерге «Өздігінен қызмет көрсету» орындары орнатылған. Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметті көрсету және бизнес- үдерістерді автоматтандыру мәселесі бойынша 47 маман біліктілігін арттыру курстарынан және семинарлардан өткен, сертификат алған.
Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдарда «Ашық есіктер күні» өткен, Мемлекеттік корпорация ғимаратында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткен, онда 305 адам кеңес алуға жүгінген. Ағымдағы жылы «Ашық есіктер күні»  және жәрмеңкелер өткізу тәжірибесі жалғасатывн болады.

Электрондық қызметтердің қол жетімділігін арттыру мақсатында, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығына басты назар аударылады. 2017 жылы бюджет қаражатының есебінен  әр түрлі санаттағы 450 адам «Интеграция цифровых и SMART-технологий» курсы бойынша оқудан өткен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – мемлекеттің басты басымдығы.Қызмет көрсетушілердің басты міндеті мемлекеттік қызметті алуға келген  мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қажетті жағдай жасау. Осыған байланысты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында мемлекеттік қызметті алуға барлық жағдай жасалған, ғимарат пандуспен, тактилді плиткалармен, Брайл жазуымен жазылған пектаграммасы бар тақталармен қамтылған, нашар көретіндер үшін белгілер қойылған. Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдар және білім беру ұйымдары, қызметкерлерді шақыру бастырмаларымен жабдықталған.  Барлық мемлекеттік қызметтер бірінші қабатта көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі басты бақылауда тұр, ағымдағы жылы жана сапалы деңгейде мемлекеттік қызметтерді көрсету арқылы, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.
2017 жылы «Нұр Отан»,Кәсіпкерлер және Мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің қатысуымен 20 бақылау шаралары өткен. Тексеріс барысында әр түрлі сипаттағы 364 бұзушылық анықталған, тексеріс нәтижесінде мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыруға бағытталған 68 ұсыным дайындалған және орындалған, тәртіптік жазаға 8 қызметкер тартылған.
Есеп беру кезеңінде, мемлекеттік қызметті көрсету сапасына тұрғындардан шағым түспегенін атып өткім келеді. 
Құрметті кездесуге қатысушылар!

Бір баяндамада Шахтинск аймағының ағымдық және өзекті мәселелерін айтып шығу және барлық жұмысты көрсетіп шығу мүмкін емес. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысымен қойылған мақсаттар мен міндеттердің көп бөлігін орындағанымызды  бұрын айтқанмын.
Әлемдегі күрделі әлеуметтік- экономикалық жағдайда, біздің мемлекеттің стратегиялық бағыттары бұрынғыдай, сондықтан Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауында біз үшін және еліміз үшін жана жолдарды және жаһандық сын-қатерлерді еңсеру мүмкіндіктерін анықтады.
Қаланың мемлекеттік органдарының жұмысы, біздің мемлекетті әрі қарай дамытуға арналған мақсаттар мен міндеттерді орындау бойынша нақты және бірлескен жұмыстарға бағытталатынын сіздерге айтып өткім келеді.

Назарларыңызғарақмет!

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 17.02.2018 11:48

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 28°C , ылғал 24%, қысым 713, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 363.28
Euro 414.25
Рубль 5.44

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары