www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Оқиғалар

Новодолинский кенті әкімінің есебі

Новодолинский кенті әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы өтетін кент тұрғындарымен есеп беру кездесуіне баяндама

Новодолинский кентінің 2015 жылдың 12 айындағы
әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы
есеп.

Құрметті кент тұрғындары!

Новодолинский кентінің 2015 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы таныстырып өтуге рұқсат етіңіздір.
      Қазақстан Республикасы Президентінің, ел Үкіметінің барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы тапсырмасын орындай отырып, біздің мемлекеттіміздің даму бағытын айқындайтын маңызды оқиғаға тоқтала кетуді және назар аударуды жөн деп білемін.
Жалғасып келе жатқан әлемдік дағдарыс пен экономика қарқынының баяулауы, сол сияқты әлемде қалыптасқан ауыр ахуалдың тұсындағы жағдайында, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Қазақстан халқына 2015 жылдың 30 қарашасында кезекті рет, өзінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауын арнады.
2015 жылдың 25 желтоқсанынан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын есептеу басталды. Бар болғаны ширек ғасыр уақыт ішінде Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егеменді ұлттық экономика ретінде де, ұлттардың әлемдік отбасының қатысушысы ретінде де өзін таныта білді. Президент біздің бірге бірталай сынақтарға төтеп бергенімізді, шыныққанымызды және қанатымыз қатайғанын, біздің бүкіл тарихымызда болмаған экономикалық дамудың табысты қадамдарына қол жеткізгенімізді атап көрсетті. Сол сияқты қазіргі кезеңге тоқталып, әлемнің жылдам қарқынмен өзгеруде екендігіне тоқталды. Біздің көз алдымызда өзге мүмкіндіктер және тәуекелдермен жаңа жаһандық нақты ахуал туындауда. Басқа заман келе жатыр. Бүгінде Қазақстан экономикасына әлемдік нарықтардағы құлдырауға байланысты бірқатар сыртқы факторлар әсер етуде. Жаһандық дағдарыстардың туындауы біздерге байланысты емес. Жаһандық дағдарыстардың әсерінен ешкім де тыс қала алмайды. Қазір бізге әлем шақыртуларының барлығын танып-білу маңызды. Қазіргі жаһандық дағдарыс барлығын қамту сипатында. Әлем тұрақсыздық үстінде. Әр күн лаңкестік әрекеттер мен ондаған адамдар шығыны туралы хабарлар әкеледі. Қазір әлемге халықаралық лаңкестік үлкен қауіп төндіруде. Бұл дегеніміз егеменді елдердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласу жолымен мемлекеттілік мәселесін шешудің нәтижесі. Жаһандық дағдарыс – бұл қатер ғана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Іс жүзінде алғанда, соңғы жартыжүзжылдықта табыстарға жеткен барлық елдер бәрін нөлден бастаған. Қазақстан да дағдарыс кезеңінде өмірге келді. Қазіргі жаһандық дағдарыс біздің басымызға күтпеген жерден келген жоқ. Елбасының айтуынша, жаңа толқыннан қашып құтылу мүмкін емес. Бұл жолы Қазақстан бірінші рет дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын қабылдар отыр.
«Қысқа уақыт ішінде Елбасы тапсырмасымен Ұлттың 100 қадамының бес инстуционалдық реформасы аясында жоспарлағанымыздай, 80 заң жобасы әзірленді, оның 59 қол қойылып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.» Инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Біз жаңа құқықтық аймаққа өтудеміз. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің қалқымалы курсқа ауысуына байланысты. Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілер алынуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдірілуде. Бұл шаралардың барлығы мемлекетке, қоғамға, біздің экономикамызға, кентімізге қосымша күш-қуат, серпін береді. 

Құрметті кент тұрғындары!

         Есебімдегі Кенттің 2015 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына анығырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер.
        Шағын және орта бизнестің дамуы дағдарысты еңсерудің маңызды факторы болып табылады, оның дамуы аймақтардағы жұмыспен қамтудың өсуіне, салық салу базасының ұлғаюына, және сәйкесінше жергілікті бюджетке түсімдердің артуына тікелей байланысты.
Кентте нақты секторды дамыту жоспарын орындауды жүзеге асыру аясында, сумен қамсыздандыру және су бұру, энергиямын қамсыздандыру, жалпытамақтандыру қызметі, кабельді телевидение қызметі саласында 6 жауапкершілігі шектелген серіктестік қызмет етеді.
12 айдағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 20,8 млн. теңгені құрады.
2015 жылға алғанда қызмет істеп тұрған шағын бизнес нысандары 99. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 584 адам. Жыл ішінде азық-түліктік және өнеркәсіптік мақсаттағы 2 нысан ашылды.
«Моноқалаларды 2012-2020 жылдарға дамыту» бағдарламасы аясында 2015 жылдың І-тоқсанында Пахмурная ЖК «Лея» сән студиясы жабдықтар алуға 2,8 млн. теңге, Олейникова ЖК «Тойбастар» дәмханасын ашу үшін 2,8 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.
Жұмысымызда құнсыздану үрдістерін ауыздықтауға баса маңыз беріледі. Басты мәселелердің бірі – 27 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру, азық-түлік дүкендерінде «әлеуметтік қатарлар» жасақталды. Кіріс деңгейлері төмен азаматтар, әсіресе зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар үшін әлеуметтік осалдықты төмендетуге бағытталған ьірқатар шаралар қабылданды. Осы мақсатта әкім аппаратымен дүкен иелерімен әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасына сатып алынған бағадан 10 пайыздан артық баға қоспау жөнінде 17 меморандум жасалып, апта сайын мониторинг жасалып отырылды.
Дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта жаңарулардың маңызды бес бағыттарының бірі жаңа әлеуметтік саясат болып табылады.
        Ел Президентінің Жолдауда атап көрсеткеніндей, көп жылдарғы динамикалық экономикалық өсу елде ел дамуының маңызды көрсеткіші болып табылатын белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге, адамдар өмірінің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
2015 жылдың өткен кезеңінде халықты жұмыспен қамту бөліміне кенттің 70 тұрғыны өтініш жасаған, оның 26 – жастар қатарынан, жұмыспен қамту бөлімі және әкім аппаратының бірлескен жұмысы нәтижесінде 55 адам жұмысқа орналастырып, өтініш жасағандардың 78,6 пайызын құрады.
Мемлекеттік «Халықты жұмыспен қамту 2011-2020» Жол картасы Бағдарламасы жеке ісін ұйымдастыру және кеңейту, оқыту мен жұмысқа орналасуда көмек беру арқылы, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті ынталандыру мен экономикалық белсенділікті көтеру жолымен тұрғындарды жұмыспен қамтуды қарастырады. 2015 жылы аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталығына 31 адам өтініш жасады, оның 12 адамы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді, кәсіпкерлер қатарынан 2 адам шағын бизнесін дамыту және кеңейту үшін 5 млн. 600 мың теңге көлемінде несие алды, 1 жас маман «Жастар тәжірибесі» Бағдарламасының қатысушысы болды, «Аленка» б/бақшасындағы әлеуметтік жұмыс орнына 1 адам орналастырылды.
        Мемлекет басшысы тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына баса назар аудара отырып, Жолдауда мемлекеттік атаулы көмек нақты кірістерін бағалау негізінде тек мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілетінін атап көрсетеді.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында әкім аппаратымен құзырлы орган-Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып кентте тұратын аз қамтылған отбасыларын тұрақты түрде қолдау жұмысы жүргізіледі. Сонымен, 12 мемлекеттік әлеуметтік атаулы жәрдемақы алуға және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жергілікті бюджеттен 188,7 мың теңге, 31 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы бойынша 872,6 мың теңге ақшалай өтемақы төленді.
Халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын жүзеге асыруға кент кәсіпкерлері ат салысуда, олар аз қамтылған отбасыларға және мұқтаж жандарға қайырымдылық көмегін көрсетуде, сол сияқты кентте өткізілетін мәдени және спорттық шаралардың демеушілері болып табылады. Мемлекеттік емес көздерден 1 млн. 018 мың теңге сомаға 1076 адам 14 түрлі қайырымдылық шараларымен қамтылды.
Кенттегі түрлі шараларды өткізуге біздің округтің депутаттары М.Р. Кадырова мен М.С. Муратбекова белсенді көмек пен қолдау көрсетуде.
Кентте жұмысы жергілікті атқарушы билікпен, кент мекемелері мен ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста құрылған Ардагерлер және ақсақалдар кеңесі қызмет етеді.
Президент Жолдауының жолдарына үңіле отырсаңыз, олардың біздің күнделікті қажеттіліктеріміз бен қамқорлықтарымызға қатысты екендігін байқайсыз. Бұл денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік сала, ауылды дамыту, жастар саясаты, мәдениетті дамыту мәселелері.
        Мемлекет басшысының айрықша қамқорлығында  - болашағымыз тірек ететін: елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының платформасына айналатын білім саласы.
2014-2015 оқу жылында кент мектебінде 623 оқушы білім алды. Оның ішінде 27 оқушы мектеп бітірушілер қатарынан. Жоғары оқу орындарына 9, орта арнаулы оқу орындарына 18 түлек түсті.
Балалардың жақсы дамуы, тәрбиеленуі және сапалы білім алуына мектепте барлық керекті жағдайлар жасалған. Осы міндеттерді шешу үшін жергілікті бюджеттен 7 млн. 738 мың теңге қаражат бөлінген.
- балалардың өмірін қорғау және еңбек тәртібін сақтау үшін мектепте 1 млн. 050,0 теңге сомаға бақылау камералары орнатылған;
- оқушылардың мектепте өздерін эстетикалық және жайлы сезінуі үшін мектепте оқу жылы басына қарай бірінші және екінші қабаттарда 3 млн. 330,0 мың теңге сомаға ағымдағы жөндеу жүргізілді;
- мектептің материалдық-техникалық базасы 527,4 мың теңгеге толықтырылды.
Педагогикалық ұжым оқушылармен бірге 2015 жылы айтарлықтай табыстарға жетті. Педагогтар О.П. Аликберова  мен Н.Г. Хрупованың оқушылары республикалық «ZIAT» компьютерлік графикадан және информатикадан жүлделі екінші және үшінші орындар алды. Педагогтар В.Г. Ченцова мен А.Р. Искакованың мақалалары республикалық маңыздағы ғылыми-әдістемелік журналдар беттерінде жарияланды.
«Бенефис» мектеп театрының мүшелері Бүкілресейлік «Жасыл планета 2015» балалар экологиялық форумында ұсынған «О бедной реке и ее богатых жителях» экологиялық қойылымы үшін 2 орыннан көрінді. «Үздік әйел ролі» номинациясын Киндрачук Ксения иеленді. Оқушылар Амоскин Никита, Глушаков Всеволод, Назиров Рамазан, Дементьев Владислав, Пинчин Андрей халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жүлдегерлері. Гришина Ксения «ЮНЕСКО» аясындағы жоба бойынша суреттер конкурсының жүлдегері болып табылады.
Балалардың үйлесімді дамуы үшін № 11 ЖББМ жанында 30 баланы қамтыған Шахтинск қ. Балалар сурет мектебінің филиалы ашылған. Кенттің 18 баласы Шахтинск қ. № 1 музыка мектебінің филиалында музыкалық білім алумен қамтылған.
Білім саласындағы маңызды міндеттердің бірі – балаларлы 100% мектепке дейінгі біліммен қамтуды қарастыратын «Балапан» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша балаларлы мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтуға жағдайлар жасау.
Кенттегі мектеп жасына дейінгі балалар саны 422 адам, оның 233-і ұжымы осы уақытқа дейін балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша мемлекеттік тапсырысты ойдағыдай жүзеге асырып келе жатқан «Аленка» б/бақшасына ресімделген және барады, 47 бала № 11 ЖББМ жанындағы мектепалды даярлықпен қамтылған. Есепті кезеңде «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту кент бойынша 100 пайызды құрайды. 0-ден 3 жасқа дейінгі 103 бала жастары толғанға дейін Шахтинск қ. Білім бөлімінде есепте тұр.
«Аленка» б/бақшасының педагогтар ұжымы облыстық және қалалық конкурстарға белсене қатысады:

  • Кареткина И.В. – б/бақшасының әдіскері облыстық «Жыл әдіскері» сайысында 1-орын иеленді;
  • 12-ші облыстық педагог қызметкерлердің «Методический вернисаж» фестивалінде 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • Ставничук И.А., директор және Кареткина И.В., әдіскер Қарағанды облысы оқу – әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталған.

Б/бақшасының тәрбиеленушілері өз ұстаздарынан қалыспауды:

  • Федина Арина облыстық «Зерек бала» конкурсына қатысқаны үшін 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • Бикмурзина Анастасия қалалық мәнерлеп оқушылар сайысында 2-ші орын алды;
  • Генш Дарья облыстық «Зерек бала» конкурсына қатысқаны үшін 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Денсаулық сақтау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының
бірі болып қала береді. «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ұзақмерзімді модернизациялау аясында Елбасы медицина алдына жаһандық міндеттер белгіледі – бұл медициналық қызметтер сапасының жаңа стандарттарын енгізу, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын жетілдіру және мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскердің денсаулық үшін ынтымақтасқан жауапкершілігі.
Ұлттық медицина бағдарламасының кезең-кезеңмен енгізілуін біз өзіміздің Отбасылық денсаулық орталығының үлгісінде көре аламыз:
- штатқа отбасылық дәрігердің 2 бірлігі енгізілген;
- белгіленген жастар топтарының, ересектердің және балалардың профилактикалық медициналық байқаудан өтуіне бақылау жасалады;
- науқастардың қанындағы холестерин мен қантты сол жерде анықтау үшін қажетті препараттар алынған;
- сарапханаларда қан тапсыру кезектілігінің мәсселесі шешілді, ол 2 аптадан 4 күнге қысқартылды;
- күндізгі стационарда 180 адам ем алумен қамтылды;
- туберкулезді анықтау мақсатында тұрғындарды жаппай тексеруден өткізуге жергілікті бюджеттен заманауи электронды құралдармен жабдықталған жылжымалы флюроаппараттың жұмысы үшін қаражаттар бөлінеді. 2015 ж. Мамыр мен қыркүйек айларында осы қызметпен 2500 адам қамтылды.
2015 ж. 12 айында мед. мекемеге 1500 адам бір жолғы өтініш жасап, олар медициналық байқаудан, емдеуден өткізілді және профилактикалық медициналық көмек алды. Жыл қорытындысы бойынша тұрғындардың жалпы өлім-жітімі 3,3 пайызға азайды, туберкулезбен, тері ауруларымен науқастанудан профилактикалық тексерілуден өтумен қамту 80 пайыз, 2014 жылмен салыстырғанда 3 пайызға өскен.
Бөлімшенің медициналық статистикасы көрсеткендей, тұрғындар арасындағы жаппай медициналық жұмыстардың, жекелеген тұрғындардың жауапкершілігі арқасында және қала мен облыстың медициналық мекемелерінде жаңа құрылғылардың енгізілуі онкологиялық аурулар, қант диабеті, туберкулез және қан айналымы аурулары ерте сатысында анықталып, науқастар уақытында емдеуге жіберілген және медициналық есепке алынған.
Денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі тұрындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты барынша насихаттау болып табылады. Жаңа Жолдауында Елбасы дене шынықтыру мен спорт мемлекеттік ерекше қамқорлығында болу керектігін атап өтті. Тек салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады.
         Кент аумағында 18 балалар ойын алаңы, 3 қоршаулы спорт алаңы, 1 хоккей корты және спорт залы жұмыс істейді. Мектептің спорт залында 12 спорт үйірмелері жұмыс істейді. Қалың көпшілікті дене шынықтыру мен спортқа тарту мақсатында әкім аппаратында спорт нұсқаушысы бірлігі енгізілген. Өткен жылы кент спортшыларымен халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық жарыстарда 38 алтын, 32 күміс және 14 қола медаль жеңіп алынған. Кент аумағында 2015 ж. грек-рим күресінен және ерлер командалары арасында шағын-футболдан ашық қалалық турнирлар, қатысуымен Кент әкімі кубогі үшін мотокросстан ашық біріншілік  өткізілді. Кент спортшылары Шахтинск аймағы кенттерінің Шахан кентінде өткен спорттың 6 түрінен болған Екінші спартакиадаға белсене қатысты.
         Н.А. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық ақиқатта: өсу, реформалар, даму» Жолдауында елдің  игілігі тек экономика, өнеркәсіп, қаржы ғана ,м,с, сонымен бірге адамзаттық капитал: денсаулықсақтау, ғылым, мәдениет болуы керек деп атап көрсетеді.
Кенттің Мәдениет үйі жұмысының басты назарында тұрғындардың мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастыру, рухани дамыту және шығармашылық қабілеттерін анықтау болып қала береді. Мәдениет үйінің ұжымыҰлы дала елінің қалыптасу ісі – жалпықазақстандық «Мәңгілік ел» идеясына шығармашылық үлестерін  қосып жатқандығын атап өту керек.
Қойылған міндеттерді орындау үшін жергілікті бюджеттен Мәдениет үйін жалпы қаржыландыруға 15 млн. 571 мың теңге бөлінген. 1 млн. 685 мың теңгеге материалдық базасы толықтырылды (көркемөнерпаздар ұжымы мүшелерінің киімдері, қолдан істелген қуыршақтар, сахнаны жарықтандыру құрылғысы, ғимаратқа бейне бақылау қойылды, екінші қабаттың өрт жағдайындағы есігі, шатырдың суағар жүйесі, көрермендер залы мен сахнаның жарықтандырылуы  ағымдағы жөндеуден өткізілді).
Мүдделер бойынша клубтар ұйымдастыру – Мәдениет үйі жұмысының негізі. Қазіргі уақытта 288 ересектер мен балаларды қамтитын 16 клубтық құрылым жұмыс істейді, оның 8 – балалардікі.
Өткен кезеңде мемлекеттік, әлеуметтік-маңызды және мерейтойлық мерекелерге арналған 175 шара өткізілді.
МҮ ұжымының мәдени-көпшілік жұмысы жергілікті деңгейде шаралар өткізумен шектелмейді. Көркемөнерпаздар ұжымы қалалық және облыстық шараларға белсене қатысады:
-«Веселые нотки» балалар вокал ұжымы «Дионис» республикалық конкурсына қатысып, 1-және 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды;
- «Орион» би ұжымы мен «Веселые нотки» вокал ұжымы облыстық «Шоқжұлдыз» фестивалінде 1 және 3 дәрежелі лауреат атанды;
- үйірмелер жетекшілері Дементьева М.А., Замятина Т.В., Максименко Е.В. ҰОС 70 жылдығына арналған облыстық үздік шығармашылық жобасына қатысқаны үшін ақшалай марапатталды;
- К.К. Танатаров К. Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұйымдастырған «Жұлдызды жұп» шығармашылық жобасына қатысқаны үшін ақшалай марапатталды.
Оқырмандардың оқу мәдениеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмысымен кенттің кітапхана ұжымы айналысады.
Кітапхананың кітап қоры 32 593 кітапты құрайды, оның ішінде 2824 кітап мемлекеттік тілде. Кітапхана ұжымымен ересектер мен балалар арасында ағартушылық, көрнекілік, мәдени-көпшілік бағыттағы жұмыстар жүргізіледі. 2015 жылы барлығы 66 шара өткізілсе, оның 35 – балаларға арналған. 2015 жылғы қаржыландыру көлемі 2 млн. 696 мың 300 теңгені құрады және осы жылы кітап алуға арналған қаржыландыру 50 пайызға өсті (690 000 теңге).
         Мемлекет басшысы жастарға көп көңіл бөле отырып, бүгінде жастар еліміздің маңызды стратегиялық ресурсы, барлық қоғамның қозғаушы күші, жаңа қазақстандық патриотизмнің эталоны екендігін атап өтті.
         Кенттің Жастар ресурстық орталығының жұмысына 90 жас адамдар қатысады және олар қалалық, кенттік шараларға белсенді қатысып, ардагерлерге көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, кентті абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі акциялардың бастамашысы болып табылады. 1 310 адамды қамтыған 99 шара өткізілген. Өткен жыл қорытындысы бойынша Фадеев Виктор мен Грауэр Виктория Шахтинск аймағының үздік волонтерлері болып танылды.
Тамыздың 01 мен 31 аралығында «Жасыл ел» Мемлекеттік жастар бағдарламасын қолдау аясында жастар бригадасының күшімен кентте көгалдандыру және абаттандыру жұмстары ұйымдастырылды. «Жасыл ел» Бағдарламасын өткізу аясында туған кентке деген сүйіспеншіліктері, белсенді өмірлік ұстанымы мен қосқан үлестері үшін жастар кент әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
        «Қазақстан-2050» Стратегиясында Ұлт көшбасшысы: «Мемлекет тәртіпсіздіктерге мүлдем төзбеушілік қағидасын ұстануы керек» - деп атап көрсетті.
        Мүлдем төзбеушілік дегеніміз – бұл азаматтардың ең елеусіз құқықбұзушылықтарға деген теріс реакуиясы немесе онымен мүде келіспеушілігі. Істеген ісіне жауасыздықты және тәртіпсіздікді сезіну одан да қауіпті құқықбұзушылықтарға әкеліп соқтырады.
        Қазақстан посткеңестік елдер ішінде бірінші болып бұзақылық, қоршаған ортаны ластау, т.б. түріндегі ұсақ құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» саясатын жариялады. Бұл стратегияның түпкі мақсаты – қоғамдағы антиәлеуметтік көріністермен белсенді күрес жүргізу арқылы қылмыстың жалпы деңгейін төмендету. Осы стратегияның аясында бүгінгі күнде азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың, МЕҰ-ның, БАҚ-тың бірлескен іс-қимылдары қалыптасты.
        2015 жылы 5 мамырда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жергілікті полиция қызметін құру мәселесін қарастыру туралы тапсырма берді. Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі бастығы мен оның орынбасарының әкімшілік құқықбұзушылық істерін қарастыру және әкімшілік жазалар салу бойынша құзіреттілігі бекітілетін заң жобасы әзірленді. Жергілікті полиция қызметін құру оның құрамына полиция учаскелік инспекторларын, жол-патрульдік қызметін, ювеналды, табиғат қорғау, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау полицияларын, қабылдағыш-бөлгіштер мен арнайы қабылдағыштарды біріктіре отырып, ішкі істер органдары құрылымдарын оңтайландыру жолымен жүргізіледі. Сол сияқты жергілікті полиция қызметі басшыларының жергілікті қоғамдастық алдындағы есеп беруі бекітіледі – жылына кем дегенде екі рет әкімдіктер мен мәсдихаттар алдында және бір рет тұрғындар алдында.
         Кенттегі қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін Шахтинск ҚІІБ-ден 2 бірлік полиция учаскелік инспекторы мен 1 бірлік криминалдық полиция жедел уәкілі бекітілген.
2015 жылдың 12 айында кент аумағында 2014 жылы 41 фактіден 2015 жылдың сол кезеңіне 46 фактіге дейін қылымыстың шамалы өсуі байқалған.Талдау көрсеткендей, кент аумағында кісі өлтіру оқиғасы тіркелмеген,
Жекенің мүлкін ұрлау 41-ден 46-ға, яғни 5 бірлікке өскен. 2014 жылмен салыстырғанда кент аумағында бұзақылық пен қарақшылық шабуылы тіркелмеген. Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін және есірткі заттарын мөлшерден тыс пайдаланушыларды, қоғамдық тәртіп пен абаттандыру ережесін бұзушыларды есепке қою жөнінде ауқымды жұмыс жүргізген, оларға өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғандағы 390 фактіге қарсы 357 әкімшілік материал толтырылған.
Бұдан басқа, полиция учаскелік инспекторларымен 182 әкімшілік хаттама толтырылып, олар бойынша жалпы сомасы 1 815 593 тенгенің айыппұлы салынған. Олардың өнірілгені – 400 750 теңге. 62 ескерту жасалып, 81 адам әкімшілік қамауға алынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ауылшаруашылығы саласында өткен кезеңде тұрғындардың үй шаруашылығындағы мал басының санында келесі өзгерістер байқалады:

  •  ІММ басы саны 370 бас деңгейінде сақталған;
  • Жылқылар 10,7 пайызға 28 бастан 25 басқа азайған;
  • Қойлар мен ешкілер 14,1 пайызға 225 бастан 291 басқа артқан;
  • Шошқалар 62,9 пайызға 670 бастан 248 басқа азайған;
  • Құстар 17,8 пайызға 1549 бастан 1825 басқа артқан.

         Новодолинский кентінде мал өсіру саласында 5 ЖК жұмыс істейді: А.И. Тарасюк, Л.А. Кожевникова, К.А. Мусапиров, Ж.Е. Нурланов, М.К. Черич.
Көктемде және күзде Шахтинск қаласының ветеринарлық станциясымен біріге отырып ауыл шаруашылық жануарларын өңдеу және сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.        
Новодолинский кентінде өсімдік шаруашылығы саласында 6 шаруа қожалығы тіркелген: Корсак Ю.А., Лим А.С., Тарасюк Е.А., Тулинов В.И.- «Наурыз»,Абасов М.И. – «Коктем», Шаяхметов А.Ш. – «Долинский сад». Фермерлермен 8,25 га жерге картоп, көкөніс және басқа өнімдер егілген.
Сол сияқты 3 бақша шаруашылығы қоғамдастығы жұмыс істейді:
«Автомобилист» ӨК – 36 га. – 600 бақша телімдері;
«Геолог» ӨК – 18 га. – 200 бақша телімдері;
«Цветущий сад» ӨК – 56 га. – 600 бақша телімдері.
         Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мемлекеттік секторды реформалаудағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтің мемлекеттік тізілімге енгізілген 16 түрі көрсетіледі.    2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесімен 31 адам өтініш жасап, әртүрлі саладағы 31 қызмет түрі көрсетілген. 2014 жылы кенттің 85 тұрғынына 345 қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру жоспарына сәйкес әр түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді тіркеу журналдары жүргізілген.
Мемлекеттік қызметтер уақытында, қызметтер көрсету кабинеттеріндегі көрнекті жерде орналастырылған стандарттар мен регламенттерге сәйкес бұзушылықсыз жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар тіркелмеген.  
         Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басты мәселе тұрғындарды сапалы сумен жабдықтау және су бұру, үздіксіз энергиямен жабдықтау, байланыс және қатты тұрмыс қалдықтарын шығару блып табылады.
         Аталған бағыттың маңызды мәселелері тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсету, сол сияқты жылу беру маусымына дайындық және өткізу.
Жаңа жылу беру маусымына дайындық аясында сумен жабдықтау және су беру бойынша қызмет көрсетушімен кенттің сумен жабдықтау және су бұру нысандарындағы жөндеу және профилактикалық жұмыстар шараларының жоспары әзірленіп, келісілді. Жоспарланған жұмыстарға сәйкес, кәріз-сорғы станцияларында техникалық қамсыздандыру және айдау сорғыларына тексеру жүргізілді, КСС-1 мен КСС-2 арналған 3 жаңа айдау сорғысы алынды, зумфтар тазаланды, КСС шатыры мен жайы жөндеуден өткізілді. Су бұру магистральді желілерінде жаз-күз кезеңінде АС-машинамен кәріз желілерін тазалау және кәріз құдықтарын тазалау жүргізілді. Барлығы орталық коллекторлардың 4,8 км. жуылды. Центральная, Торговая, Лесная көшелерінің кәріз құдықтары стандартты 8 қақпақтармен жабылды. КЕнттің тазалау құрылғыларында «ПВКС» ЖШС жұмысшыларымен бұру құбырөткізгішінде және қабылдау құдығында жөндеу жұмыстары, сол сияқты су бұруды сүзгілеу алаңдарына қалпына келтіру үшін каналдар мен карталар тазалау жүргізілді.
2015 ж. нысанды баланста ұстаушымен «Қарағанды облысының энергетика басқармасы» ММ-ге «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша тазалау құрылғыларын ағымдағы жөндеуге 52 903,74 тенге көлемінде бюджет қаражатына бюджеттік сұраныс берілді.
Су өткізу нысандарында негізгі және резервтегі ұңғыларды тазалау су айдау жүргізілді. Резервтік сорғы алынды. Электр желілерін тексеру жүргізілді. Кент тұтынушыларына берілетін су қысымын арттыру үшін су айдау мұнарасындағы ыдыстың көлемін 30м3-тан 55м3-қа дейін ұлғайту жүргізілді. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, қазан айында Садовая көшесіндегі су айдау құбырларын (70 м) төсеу және 26,24 үйлерді орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосу жүргізілді.
Кенттің энергонысандарын жылу беру маусымына дайындауға қатысты «КРЭК» ЖШС-мен жүйелі түрде электр желілері мен шағын станцияларға тексеру жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда:
- трансформаторлық шағын станцияларда тексеру жұмыстары және қосылыстарды тазалау, болттарды тарту, желілік ажыратқыштардағы профилактикалық жөндеу жұмыстары, трансформаторларға май құю жүргізілді;
- электр желілері астындағы ағаштарды кесу;
- «Заречная» шағын станциясынан кенттің бірінші бағанына дейін ұзақтығы 1,2 км. Жоғары вольтты әуе желісі 10,18 фидерлерді қосу үшін тартылды, бұл өз кезегінде кенттің энергонысандарында апатты жағдай туындаған кезде кентті тұрақты түрде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
        Қатты тұрмыс қалдықтарын шығару қызметін көрсететін «Кропачев» ЖК-мен 2015 ж. 8 730 м3 ҚТҚ шығарылды (2014 ж. – 9800м3).
«Кропачев» ЖК ҚТҚ шығару бойынша келесі жеңілдіктер көрсетеді:
100 пайыз – соғыс ардагерлеріне, ауғандық жауынгерлерге; 50 пайыз – көп балалы отбасыларға. Сол сияқты қызмет көрсетушімен ҚТҚ жинай алаңдарынан жиналу мөлшеріне қарай қоқыс шығарудың кестесі әзірленді және келісілді. Ай сайын «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ-ге «Кропачев» ЖК-мен шығарылған қоқыстың көлемі мен ҚТҚ жинау алаңдарын тазарту жүйелілігі туралы есп беріледі.
Кенттегі телефон байланысы қызметін «Ремстройсервис» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ көрсетеді.
Абоненттер саны: «Ремстройсервис» ЖШС - 1118, оның ішінде заңды тұлғалар – 558. «Ремстройсервис» ЖШС қосымша ғаламторға, ІDнет (жылдамдықты ғаламтор), ІD ТВ (ғаламтор арқылы телевидение) қосылу қызметін көрсетеді
«Қазақтелеком» АҚ абоненттерінің саны - 635. Сол сияқты «Қазақтелеком» АҚ кентте сымсыз радиобайланыс және ғаламторға қосылу қызметін көрсетеді. Істен шыққан телефондар бойынша ақаулар бақылаудағы мерзімдер ішінде орнына келтіріледі. Барлық абоненттермен көрсетілетін қызмет бойынша жеке келісім-шарттар жасалған. 
        Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, оның түрлері мен әдістерін жетілдіру мемлекеттік органдар қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
2015 жылдың 12 айында кент әкімі аппаратына азаматтардан 2014 жылғы 972-ге қарсы 69 өтініш түскен, оның ішінде 41 өтініш жазбаша түрде, кент әкімінің жеке қабылдауында 3 адам болды. 2015 жыл бойынша барлығы 41 түбіртек берілген. Барлық өтініштер қарастырылды және тиісті жауаптар берілді.

 

Құрметті Новодолинскіліктер!

          Кентті дамыту аясында 3 негізгі бюджеттік бағдарлама бойынша 2015 жылы 20455,0 мың теңге бөлінді.
           «Елді мекендердің автомобиль жолдарының қызмет етуі» бағдарламасы бойынша 3 659,0 мың теңге (2014 ж. 15 750  теңге) қаражат бөлінген.
Осы қаражаттарға Магистральная көшелерінің аумағы 174 м2 асфальт жабындыларына шұңқырлық жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге, аталған бағдарлама аясында автомобиль жолдарын қысқы және жазғы күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді. Қысқы кезеңде жолды қардан тазалау, асфальтталған көшелер жолдарын мұз қатқақтардан тазарту, қиылыстарда, жаяулар өткелдеріне, қоғамдық көліктер тоқтау орындарына көктайғаққа қарсы материалдар себу бойынша 451 сағаттың жұмысы атқарылды.
Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі үшін қызмет көрсетушімен кент аумағынан 270 м3 қар шығарылды.
Жолдарды жазғы күтіп ұстау бойынша 120 сағаттың жұмысы істелді. Орталық асфальтталған жолдар жиектерін грейдерлеу, жол жиектеріндегі арамшөптерді шабу жұмыстары жүргізілді. Кент тұрғындарының өтініші бойынша жеке сектордың 12 көшесіндегі жалпы ұзындығы 11 км. Көше жолдары грейдерленді. Саяжай маусымының алдында «Цветущий сад» ӨК сайжай учаскелеріне апаратын жолдар грейдерленді.
        «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 3 800,0 мың теңге қарастырылған (2014 ж. – 3 829,0 теңге).
Осы бағдарлама аясында «Жезказганэнергосбыт» ЖШС-ге көше жарықтары  электр энергиясы үшін 1 691,0 мың теңге (77 213 кВт) төлем жүргізілді (2014 жылы – 1 729 743,0 теңге – 86 487 кВт).
Көше жарықтарын күту және жөндеу бойынша келесі жұмыстар атқарылды: Центральная көшесі бойынша 12 жарықдиодтық шамдар156 дана энергияүнемдеуші шамдар, 12 данадан фотореле мен автоматтар, 7 қосқыштар, 20 дана оқшаулағыштар, 100 м. СИП кабелі ауыстырылды, 5 болат бағанға түзету, күн панеліндегі автономды электр жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жүргізілді, автономды көше жарығы кешеніндегі автономды тоқ көздерімен 3 жарық бағаны қалпына келтірілді.
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы» бойынша 12 996 мың теңге ақшалай қаражаттар қарастырылған.
Аталған бағдарлама бойынша 2015 жылдың 12 айында келесі жұмыстар атқарылды:
- Центральная, Бобух, Дзержинский, Школьная көшелерінің ағаштарын санитарлық кесу;
- кентті абаттандыру (Дзержинский және Магистральная көшелерінде кентке кіре берісте жалаулық құрылымдар орнату, 4 жалаулық құрылымға жалаулар тігу, кент саябағында және Жеңіс мемориалында гүлдер отырғызу, кенттің шет жақтарын қоқыстардан тазарту, Центральная, Школьная, Дзержинский көшелерінің ағаштарын ақтау);
- кентті көркемдік безендіру (17 баннер дайындау және орнату);
- 2 балалар ойын алаңын дайындау және орнату);
- 15 балалар ойын алаңын және кент саябағының ШСМ-ін жөндеу және сырлау;
- Жеңіс Стеласын орнату және Центральная көшесін абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама дайындау;
- Центральная көшесіндегі саяжолды абаттандыру (асфальт жабындылы жаяужол салу, 10 отырғыш пен 10 қоқыс жәшіктерін онату);
- Дзержинский көшесіндегі Жеңіс мемориалының қоршауын дайындау және орнату;
- Жаңа жылдық шыршаны орнату және бұзу.
Көктем (06.04.2015 ж. – 29.05.2015 ж.) және күз (26.09.2015 ж. – ь24.10.2015 ж.) кезеңдерінде кентте санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Санитарлық тазалау барысында 8 «таза бейсенбілік», 7 сенбілік өткізілді. Аталған кезеңде ұйымдар мен ШОБ кәсіпорындары қызметкерлерімен кент аумағын қардан және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Кенттің орталық көшелеріндегі, ұйымдар мен мекемелердің іргелес және бекітілген аумағындағы ағаштарды кесу және ақтау, Магистральная, Школьная, Центральная көшелеріндегі жас өскіндерді кесу жүргізілді. Санитарлық тазалауға кент тұрғындары белсене ат салысты. Екі қабатты үйлер секторындағы барлық аулаларда үй маңы аумақтарын жинау шаралары жүргізілді.
Мобилді топтармен абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау бойынша 3 рейд жүргізілді және көмір, күл, құрылыс материалдарын орналастыру фактілері бойынша «Елді мекендерді абаттандыру ережелерін» бұзу жөнінде 8 ескерту жасалды.
Сенбіліктер өткізу кезінде «Кропачев» ЖК-мен Суворов көшесіндегі рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды және 320 м3 қоқыс шығарылды.

Құрметті тұрғындар!

        Кентті абаттандыру аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді және қорыта келе айтқанда, 2015 жылға жоспарланған шаралар орындалды, алайда, жаңа жылда құзырлы органдар мен тұрғындар біріге отырып назар аударатын және шешетін түйінді мәселелер әлі де көп.
Сіздерді 2016 жылға жоспарлармен таныстырмас бұрын 2015 жылдың 28 қаңтарында өткен тұрғындармен есеп беру кездесуіндегі негізгі ұсыныстар мен ескертулердің орындалуына, олар бойынша қабылданған шараларға тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер.
Бақылауға 3 мәселе қойылған болатын:
1. Новодолинский кентінде ғаламтор желісі сапасын реттеуді жүргізу. Аталған мәселе бойынша 29.01.2015 ж. «Ремстройсервис» ЖШС жұмыскерлерімен ғаламтор жұмысына акт жасалды. Өтініш беруші тарапынан шағым жоқ. Кентте ғаламтор желісі жұмыс істейді. Сапасы талаптарға сай. Тапсырма бақылаудан алынған.
2. № 5 «Шахтинск қ. – Новодолинский к.» автобусының қозғалыс кестесін реттеу. Мәселе қарастырылып, автобустар саны 3 дейін өсіп, маршруттың қозғалыс жүйелілігі жақсарды. Кент әкімі аппаратымен жүргізушілердің жолдамаларына белгі қою арқылы автобустардың қозғалысына бақылау жасалады. Аталған мәселе кент әкімінің бақылауына алынған.
3. Новодолинский кентінде электр энергиясына тарифтің көтерілуіне жол бермеуге көмек жасау. ТМРАД-ден және «Жезказганэнергосбыт» ЖШС-ден алған жауаптарға сәйкес, бірінші инстанциядағы соттың шешімімен бағаны көтеруга тыйым салу туралы дәйектелген қорытынды Департаменттің пайдасына шешілді. Аппеляциялық инстанцияның қаулысымен МАЭС шешімі «ЖЭС» ЖШС пайдасына өзгертілді, касациялық алқамен аппеляциялық инстанцияның қаулысы қолданды. Бірінші инстанциядағы соттың шешімімен қолданыстағы бағаны төмендету туралы дәйектелген қорытынды Департаменттің пайдасына шешілді. Аппеляциялық инстанцияның қаулысымен МАЭС шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қарағанды облысы прокуратурасының ұйғарымы негізінде, «ЖЭС» ЖШС-ге Департаментпен тексеріс жүргізу белгіленді, оның нәтижесінде тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта екі ұйымға да жүргізілген тексеріс нәтижелері туралы нақты мәлімет беру жөнінде сауал жолданды. Жауап келген жағдайда ақпарат барлығына беріледі.
Бұдан басқа, «ЖЭС» ЖШС-мен ұсынылған жауапқа сәйкес, 01.11.2015 ж. бастап электр энергиясына баға ҚҚС қоса есептегенде 17,95 теңгеге дейін төмендетіледі. Бұл баға 31.12.2015 ж. дейін қолданылады. Бағаның төмендетілуі энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуға кететін шығындардың уақытша төмендеуімен байланысты. 01.01.2016 ж. бастап электр энергиясының бағасы ҚҚС қоса есептегенде 18,83 теңге/кВт құрайды.
Басқа мәселелер жұмыс барысында шешімдерін тапты.

Құрметті Новодолинскіліктер!
      
Кент дамуының 2016 жылғы бағдарламалары жұмыстарының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында 5 829 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген, оның ішінде:
        «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 3 829 мың теңге қарастырылған.  Көше жарықтарының тұрақты қызмет жасауы мақсатында, 2137 мың теңге сомаға көше жарықтары желілерін күтіп ұстау жұмыстары (208 жарық нүктелері) жоспарланған. Бұл – қолданыстағы жарық нүктелерін тексеру, шамдар мен шамдалдарды, жиынтықтарды, ауыстыру, апатты жағдайларды жою.
Көше жарықтары электрэнергиясын төлеуге 1692 мың теңге қарастырылған (86 458 кВт, тариф ҚҚС бірге 19,57 теңге).
        «Елді мекендердің автомобиль жолдарының қызмет етуі» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 2 000 мың теңге қаражат бөлінген.
Кент жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстары 1350 теңге сомаға 150 сағатты құрайды, жазғы күтіп ұстау жұмыстары 650 теңге сомаға 72 сағатты құрайды.
Трансферттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 19 наурызындағы бұйрығына сәйкес кентті 2016 жылы абаттандыру бағдарламасы бойынша шығындар 01.01.2016 жылдан бастап ары қарай жүзеге асыру үшін жергілікті өзін өзі басқару органдарына берілге:
1. Кент аумағында тіркелген джеке тұлғалардың, төлеу көздерінен салынбайтын, кірістер жөніндегі дербес кіріс салығы;
2. Мүліктері кент аумағында болып табылатын жеке тұлғалардың мүлік салығы;
3. Жер телімдері кент аумағында болып табылатын жеке тұлғалардың елді мекендердің жерлеріне жер салығы;
4. Кент аумағында тіркелген жеке тұлғалардың көлік құралдарына салығы.
        Сол сияқты, ҚБЕ есепшотына кент әкімінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алудан түсетін ақшалай қаражаттар, жеке және заңды тұлғалардың ерікті жинаулары, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемдер, әкімдермен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 204, 386,, 408 және 505 баптарымен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін өндірілетін айыппұлдары және Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбайтын басқа да көздерден түсімдер түседі.
Қазіргі уақытта кенттің салық төлеушілерінің тізімі әкіммен бекітілген және Шахтинск қаласының мемлекеттік кірістер басқармасымен (СБ) және экономика және қаржы бөлімімен келісілген. Осы салықтардан түсетін түсімдердің сомасы 9 млн. 600 мың теңгені құрайды және жыл барысында ҚБЕ-ге түсіп отырады және ЖӨБ мүшелерімен бірге кентті абаттандыруға бөлінеді.

        Баяндаманың аяғында, мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қатысушылар мен кент қонақтарын 2016 жаңа жылдың басталуымен құттықтаймын және барлығыңызға алда қойған мақсаттарға жету жолында жаңа табыстар тілеймін, келген жыл бәрімізге жеңіс пен шығармашылықтар әкелсін.

Назарларыңызға рахмет!                                

 

  Новодолинский кенті әкімі
А.С. Тусупов

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 14.01.2016 16:58

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 20°C , ылғал 36%, қысым 721, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 340.95
Euro 408.73
Рубль 5.87

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары