www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

22.06.2011 Құжаттау ісі қазақшаға көшуі тиіс
Тіл – халықтың тағдыры, дүние-танымы, ойлау жүйесі, салт-дәстүрі. Өз тілінен айырылған жұрт өзінің барлық кұндылықтарын жоғалтып, мәңгүртке айналады. Елдік ерекшелігі жоқ ұлттың – болашағы да жоқ.



21.06.2011 Ауру «жасарып» келеді

«Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» дейді халық даналығы. Әсіресе, бойыңды дерт кеулеп,  көзіңе «көкеңді» көрсеткенде, тығыларға жер таппай қиналасың. Осындайда «шыбын жаныңды» ақ желеңді абзал адамдардың шипалы қолына сеніп тапсырмасқа амалың қалмайды.



20.06.2011 Ұсыныс қанағаттандырылды

Таяуда қалалық сотта судья Р. Дурдыевтың төрағалық етуімен 1987 жылы дүниеге келген Д. Б. есімді азаматқа қатысты іс қаралды.



17.06.2011 Оқу орталығы ашылатын болды

Жақында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сауле Ибраеваға жолығып, қаламызда ашылғалы отырған Тілдерді оқыту орталығы туралы сұрап білген едік.



16.06.2011 Біртұтастық факторы не?

Ұлы Абайдан асырып айтқан адам жоқ. Қазақта мақтан көп. Онда да, көп жағдайда, мәселенің байыбына барудан гөрі, құр дарақылық басым. Сондай кең тараған мақтанның бірі – Қазақстан көп ұлтты деп көпіреміз. Әрине, кез-келген мемлекет үшін адам әлеуеті байлық екені рас.



16.06.2011 Үкілі үміттеріміз ақталды

20 мамыр күні Қарағанды қаласындағы Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қасым Аманжоловтың 100-жылдық мерейтойына орай «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп»  атты мәнерлеп оқу мен авторлық өлеңдер бойынша байқау өтті. Оған облыс студенттері мен оқушылары көптеп қатысты.



15.06.2011 Көпшіліктің көңілінен шыққан съезд

Съездің екі күнге жоспарланған. Алғашқы күні пленарлық баяндамалар өткізілді де, келесі күні дөнгелек үстел ұйымдастырылды. Оған көршілес Ресейден, Болгариядан білікті математиктердің, белгілі профессорлардың қатысуы да пленарлық отырыстың аса маңызды екендігін айғақтай түсті. Съезде көтерілген мәселелер өзіндік құндылықтарымен, өзектіліктерімен ерекшкеленді. Атап айтсақ, педогогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, мектептегі математикалық білімнің мектеп алды кезеңінен бастап жоғарғы оқу орнына  дейінгі сабақтастықты қамтамасыз ету, ҰБТ-ға және басқа да тест түрлеріне дайындау және т.б.



14.06.2011 Президенттің «балалық шағына барып қайттық»

Жарасқанның Әбдірәшінің Рүстемі Президенттің балалық шағы туралы керім кинә түсіріпті дегенді естіп, Кеншілер мәдениет сарайына тайлы-таяғымыз қалмай алқынып жетіп ек. Келсек, керемат кинә көрем деушілер бізсіз де жыртылып айырылады екен. Үмітіміз алдамапты. Рас, алғашқыда бұл картинаның жаттандылығы басым, ресми реңктегі дүние шығар деген секем болды. Бірақ, ол күмәнымыз экранға     алғашқы көріністер шыққан сәтте-ақ ғайып болды.



10.06.2011 Баспана қолжетімді бола ма?

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары С.Лисов,  бас маманы Г.Бейсенбаева өткен жұма күні Шахтинск қаласына келіп, мемлекеттің 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй саясатын жүзеге асырудың жай-жапсарын мәлім еткен еді. Өкілетті өкілдердің айтқанына сенсек, бұл бағдарлама керемет болғалы тұр. О кісілер осыдан үш жыл бұрын аталмыш банкке салым салған жұрт, Құда қаласа, енді бір жылдан кейін баспаналы боламыз деп алақандарына шырт түкіріп отыр дейді.



09.06.2011 БАҚ шаба ма, бап шаба ма?

Өткен демалыс күні Қарағанды қаласында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында 1-ші облыстық спартакиада жалауын желбіретті.



08.06.2011 “Алтын бесігімізге” мамандар қажет

Бізге жоғары білім берген Ө. А Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірерімізде бір күні соңғы курс студенттерін оқу корпусының акт залына жинады.



07.06.2011 Әлем қазақтары бас қосты

25-27 мамыр аралығында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайына әлемнің 35 елінен 365 делегат келсе, Қазақстанға түрлі жылдары қоныс аударған оралмандар мен зиялы қауым өкілдері – барлығы 660 адам қатысты. Бес жылда бір рет бас қосатын Құрылтай еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға.



06.06.2011 Тері обыры туралы

Онкологиялық аурулардың ішінде терінің қатерлі ісігінің кездесу жиілігі Шахтинск аймағында үшінші орынды алады. Мәселен, 2010 жылы осындай ауру түрінің 19 жағдайы кездессе, қазіргі таңда бұл ауруға шалдығудың 22 жағдайы тіркелді. Терінің жаңа пайда болған қатерлі ісігінің ортасында базальды жасушалық обыр (рак) жиі кездессе, анда - санда жалпақ жасушалық обыр (рак) кездеседі.



03.06.2011 Махамбет атты батырмын...

Қаламыздағы  №16 қазақ орта мектебінде жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында ІІ республикалық  Махамбет оқуларының қалалық кезеңі болып өтті.Қазақ халқының ақындық өнерін дамыту, жас талапкер ақындарды анықтау, өскелең ұрпақ бойына Отанға, ұлтына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, дауылпаз ақын  мұрасын насихаттау, оны кейінгі ұрпақ санасынада қайта жаңғырту, оқушыларды батырлыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу мақсаты көзделді.



02.06.2011 Көпшіліктің көңілінен шыққан съезд

11-12 мамыр аралығында Астана қаласында математика пәні мұғалімдерінің І-съезі болды. Астана қаласында өткен осы шараға еліміздің әр облыстарынан мұғалімдер, білікті мамандар қатысты. Қазақстан Республикасының математика пәні мұғалімдерінің І сьезінің негізгі тақырыбы:  «Қазақстан мектептерінде математикалық білім беруді дамыту : қазіргі жайы және даму болашағы».



Парақтар: 169170171172173174175176177
Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -6°C , ылғал 76%, қысым 721, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.14
Euro 429.42
Рубль 5.68

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары