www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

14.06.2011 Президенттің «балалық шағына барып қайттық»

Жарасқанның Әбдірәшінің Рүстемі Президенттің балалық шағы туралы керім кинә түсіріпті дегенді естіп, Кеншілер мәдениет сарайына тайлы-таяғымыз қалмай алқынып жетіп ек. Келсек, керемат кинә көрем деушілер бізсіз де жыртылып айырылады екен. Үмітіміз алдамапты. Рас, алғашқыда бұл картинаның жаттандылығы басым, ресми реңктегі дүние шығар деген секем болды. Бірақ, ол күмәнымыз экранға     алғашқы көріністер шыққан сәтте-ақ ғайып болды.



10.06.2011 Баспана қолжетімді бола ма?

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары С.Лисов,  бас маманы Г.Бейсенбаева өткен жұма күні Шахтинск қаласына келіп, мемлекеттің 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй саясатын жүзеге асырудың жай-жапсарын мәлім еткен еді. Өкілетті өкілдердің айтқанына сенсек, бұл бағдарлама керемет болғалы тұр. О кісілер осыдан үш жыл бұрын аталмыш банкке салым салған жұрт, Құда қаласа, енді бір жылдан кейін баспаналы боламыз деп алақандарына шырт түкіріп отыр дейді.



09.06.2011 БАҚ шаба ма, бап шаба ма?

Өткен демалыс күні Қарағанды қаласында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында 1-ші облыстық спартакиада жалауын желбіретті.



08.06.2011 “Алтын бесігімізге” мамандар қажет

Бізге жоғары білім берген Ө. А Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірерімізде бір күні соңғы курс студенттерін оқу корпусының акт залына жинады.



07.06.2011 Әлем қазақтары бас қосты

25-27 мамыр аралығында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайына әлемнің 35 елінен 365 делегат келсе, Қазақстанға түрлі жылдары қоныс аударған оралмандар мен зиялы қауым өкілдері – барлығы 660 адам қатысты. Бес жылда бір рет бас қосатын Құрылтай еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға.



06.06.2011 Тері обыры туралы

Онкологиялық аурулардың ішінде терінің қатерлі ісігінің кездесу жиілігі Шахтинск аймағында үшінші орынды алады. Мәселен, 2010 жылы осындай ауру түрінің 19 жағдайы кездессе, қазіргі таңда бұл ауруға шалдығудың 22 жағдайы тіркелді. Терінің жаңа пайда болған қатерлі ісігінің ортасында базальды жасушалық обыр (рак) жиі кездессе, анда - санда жалпақ жасушалық обыр (рак) кездеседі.



03.06.2011 Махамбет атты батырмын...

Қаламыздағы  №16 қазақ орта мектебінде жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында ІІ республикалық  Махамбет оқуларының қалалық кезеңі болып өтті.Қазақ халқының ақындық өнерін дамыту, жас талапкер ақындарды анықтау, өскелең ұрпақ бойына Отанға, ұлтына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, дауылпаз ақын  мұрасын насихаттау, оны кейінгі ұрпақ санасынада қайта жаңғырту, оқушыларды батырлыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу мақсаты көзделді.



02.06.2011 Көпшіліктің көңілінен шыққан съезд

11-12 мамыр аралығында Астана қаласында математика пәні мұғалімдерінің І-съезі болды. Астана қаласында өткен осы шараға еліміздің әр облыстарынан мұғалімдер, білікті мамандар қатысты. Қазақстан Республикасының математика пәні мұғалімдерінің І сьезінің негізгі тақырыбы:  «Қазақстан мектептерінде математикалық білім беруді дамыту : қазіргі жайы және даму болашағы».



01.06.2011 Желаяқтар жарысты

Өткен сенбі, 21 мамырда қаламызда «Олимпиада күні» аталып өтілді. Аталмыш шара 1894 жылдың 23 маусымында Пьер де Кубертен мен оның серіктестерінің Олимпиада ойындарын жаңғыртып, Халықаралық Олимпиада Комитетінің құрылу құрметіне арналды. Жалпы алғанда, осындай күннің аталып өтілуі туралы шешім 1948 жылдың қаңтарында жоғарыда аталған ұйымның 42 сессиясында шығарылды. Ал сол жылдың 23 маусымында бұл шара алғашқы рет әлемде ұйымдастырылды.



01.06.2011 Жас ақынның жыры үздік танылды

Ел Тәуелсіздігін жариялаған күні қуанбаған қазақ жоқ шығар. Жан-жүрегін шаттық кернеп, ағыл-тегіл жылаған жұртты да көрдік. Бүгінде біреу білер, біреу білмес, алдымен патшалық Ресейдің, соңынан Совет үкіметінің 300 жылға созылған бодандық саясатына  қарсы халық алты жүзден астам көтеріліске шығыпты. Азаттық, Тәуелсіздік, Еркіндік – ата-баба ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Енді міне, сол арайлап атқан Тәуелсіздік таңына 20-жыл болып отыр.



31.05.2011 Бүлдіршіндер тәрбиесі – назарда

Көнекөз қариялардың айтуынша, дүние  жүзінде ең маңызды екі мәселе бар көрінеді. Оның біріншісі - мемлекетті дұрыс басқара білу болса, екіншісі – ұрпақ тәрбиесі.



31.05.2011 “Былғары доп” мәресіне жетті

Көктем келіп, қара жер көрінгесін футбол ойнауға аңсарымыз ауып тұрады. Бала кезімізде өзі де қар түскенше доп қуалап жүретінбіз. Қазіргі балалар да осыған құмар болып жүргенін көріп жүрміз.



30.05.2011 Басты мақсат – халықтың әл – ауқатын нығайту

20 мамыр күні Елбасы Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру мақсатында қаламызға ақпараттық – насихаттық тобының мүшелері - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Ғалым Мұқашев пен облыстық еңбекті үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Наталья    Крюкова келіп кетті. Олар Кеншілердің мәдениет сарайында қаламыздың тұрғындарымен кездесті. Кездесуді қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Сандуғаш    Нұрмағанова жүргізді.



30.05.2011 Үшайлық қорытынды жасалды

Өткен бейсенбі, 12 мамыр күні қаламыздағы мамандырылған әкімшілік сотта баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда сот жұмысының осы жылдың үшайлық қорытындылары жария етілді. Баяндаманы сот төрағасы Сәбит Қожахметов жасады.



27.05.2011 Жекпе-жекші Сергей чемпион атанды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елордада каратэден халықаралық «ASTANA-OPEN» турнирі аяқталды. Оған қазақ құрамаларынан басқа көршілес Ресей мен Өзбекстан командалары қатысты.



Парақтар: 157158159160161162163164165
Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 27°C , ылғал 38%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 360.12
Euro 409.67
Рубль 5.33

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары