www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

25.02.2011 Ақынды еске алды

Осы ақпан айында татар халқының көрнекті ақыны, Кеңес Одағының батыры Мұса Жәлел    105 жасқа толушы еді. Таяуда Кеншілердің мәдениет сарайында осы датаға арналған концерт өтті. Онда ақынның өмірбаянынан хабар беріліп, өлеңдері оқылды, әндер шырқалды. Мұнда қаламыздағы татар мәдени орталығының өнерпаздары және Абай шаһары мен Ақтас кентінен келген қонақтар ақын рухын еске алып, көрермендерді шығармаларымен сусындатты.



24.02.2011 Берекелі бейнеконференция

Өткен аптаның соңында өңір басшысы Серік Ахметовтың бастамасымен облыс аумағында алғаш рет бейнеконференция өткізілді. Оған қанаттас қалалар мен аудан орталықтарынан тікелей эфир арқылы 4500 адам қатыса алған.



23.02.2011 Шаршы алаңның шаңын шығарған екі күндік дода

Өткен демалыс күндері шаһарымыздың Балалар және жасөспірімдер орталығында (БЖО) 1996-1998 жылы туған түлектер арасында бокстан Шахтинск – Көкшетау командаларының     мачтық кездесу өткізілді. Аталмыш кездесу екі бокс мектебі өрендерінің шеберлігін шыңдау, әрі жергілікті командалардың негізгі құрамын іріктеу мақсатында ұйымдастырылған еді.



22.02.2011 Жолдауға қолдау қажет

Біз №7 кәсіптік лицейдің оқытушылары және оқушылары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашақ іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын зор ықыласпен тыңдадық. Мемлекет басшысының отандық білім беру жүйесін әрі қарай жаңарту туралы сөздері бізді қанаттандырды. Өйткені, оның білім сапасына қатысты айтқан мәлімдемелері тыңдаушысын бейжай қалтырмайтыны анық. Ендігісі – Президенттің Жолдауда көрсеткен міндеттері мен тапсырмаларын орындау баршамызға жүктелген сенім.



21.02.2011 Жеңіс қолда, жолдама да бар

9 ақпан күні Қарағанды қаласында жыр алыбы – Жамбылға арналған оқушылар арасындағы 5-ші облыстық айтыс болып өтті. Оған қатысып, шаһарымыздың намысын қорғаған №16 қазақ орта мектебінің оқушысы Нұрмұхаммед Байсүгіров бас жүлдегер атанды.



18.02.2011 Ауғаныстан – қасіретті күндердің естелігі

Ақпанның 15 жұлдызында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан мемлекетінен шығарылғанына 22 жыл толып отыр. Естелік датаға орай Кеншілер сарайында үлкен мәдени шара ұйымдастырылды.



17.02.2011 Қош келдің, Марли!

Бірнеше жылдардың көлемінде қаламызға АҚШ-та орналасқан Әлем корпусының волонтерлері келіп, жұмыс істеуде. Бұрын негізінен бұлардың атқарар қызметі – ағылшын тілін үйрету болса, осы күндері басқа бағыттарға да жол ашылуда. Көзіқарақты оқырманның есіңде болар – былтыр бұл тақырыпқа бір мақаламызды арнап, турасын айтсақ, «Екінші волонтер келуі мүмкін» атты материал жазғанбыз. Онда №1 орта мектепте «Дөңгелек үстел» өткенін, аталмыш оқу орнында бір волонтер жұмыс істесе, отырыста екінші волонтерді алдыру мәселесі мен оны алдыратын қай мекеме болатыны талқыға салынғанын, артынша Әлем корпусының анкетасы толтырылып, өтініш жіберілгенін келтіргенбіз.



17.02.2011 Қала намысын абыроймен қорғады

Облыс орталығымызда жыл сайын қысқы спорт түрлері бойынша «Ақ қыс» спартакиадасы өткізіледі. Қаламыздың құрамасы оған үнемі қатысуда. Мәселен, былтыр төртінші орынды қанағат тұтсақ, биыл алдыға тек қана Қарағанды мен Теміртауды жіберіп, жүлделі үшінші орынды иелендік. Басынан бастап баяндайық.



16.02.2011 Р. Нұрмағамбетов: “Шешім шығару сапасы жақсарды”

Таяуда облыстық соттың көпшілік залында Қарағанды облысы соттарының 2010 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген пленарлық мәжіліс өтті.



15.02.2011 Боран бөгет болған жоқ

VІІ Қысқы Азия ойындарын елімізде абыроймен өткіздік. Бұған Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Роггенің айтқан және оны қостаған басқа елдер өкілдерінің сөздері куә.



11.02.2011 Әкім мешітте болды

4 ақпан күні қала әкімі Ерсайын Нағаспаев қалалық «Нұр» мешітінде болды. Барша мұсылман үшін қасиетті жұма күнгі бұл сапарында қалабасы Алла үйінің жағдайымен және жамағатпен танысты.



09.02.2011 Тартымды фестиваль

Осы күндері еліміздің Астана мен Алматы қалаларында VІІ Қысқы Азия ойындары өтуде. Мемлекетіміздің мәртебесін асыратын аталмыш шараға дайындық барысында түрлі жобалар қолға алынып, іске асырылды. Соның бірі «Мәдени Азиада» аталды. Бұл – Қазақстанның бай рухани қазынасын, мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шынымен де, қай өнер түрімізді басқа елдердің өнерімен салыстырсақ та, артық болмасақ кем шықпаймыз. Бұл әсірелеу емес, ұққан шындығымыз.



07.02.2011 Талап-арыздар ескерусіз қалмайды

Сейсенбі, 1 ақпан күні қала әкімі Ерсайын Нағаспаевтың Долинка кенті тұрғындарымен есеп беру кездесуі болып өтті. Сөзінің басында осындай кездесулер қарапайым халық пен биліктің жақындауына мол септігін тигізетінін атап өткен қалабасы, мұнда тек жетістіктер ғана емес, кемшіліктер де айтылу керектігін айтып өтті. Сыни пікірлерді де бүгіп қалмау қажеттігін, бірақ орынды сын болса ғана назар аударылатынын жеткізді.



04.02.2011 Шаңғымен жарысты

Өткен жексенбі күні елордамыздың «Астана – Арена» стадионында спортсүйер қауым көптен күткен оқиға – VІІ Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Ал доданың алғашқы күні-ақ қазақстандық жанкүйерлерге сүйінші хабар келіп жетті.



01.02.2011 Партия көмек көрсетуде

Таяуда еліміздің барлық аймақтарында «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының бастауыш, аудандық және қалалық ұйымдарының есеп беру – сайлау конференциясы өтіп, соның алғашқы кезеңі аяқталды.



Парақтар: 145146147148149150
Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -26°C , ылғал 74%, қысым 732, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 323.20
Euro 395.56
Рубль 5.72

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары