www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.03.2018
Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

13 наурызда қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.  

ЖРВИ, тұмау ауруларының жағдайы туралы, жаппай ауруға жол бермеу бойынша эпидемияға қарсы және алдын – алу шараларын өткізу туралы ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Бейсембаев және қала емханасының директоры А. Әбілбеков баяндады.  

Баяндамашылар бүгінгі таңда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екендігін атап өтті. Ағымдағы жылдағы эпидемиологиялық кезеңді өткен жылдың сәйкес кезеңімен салытстырғанда ЖРВИ ауру дерегі 3 жағдайға төмендеді. Олар жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шаралардың әрбіреуіне жеке тоқталып өтті, олардың ішінде ең маңыздысы – екпе жүргізу. 2017 жылдың 1 қазанынан –  15 желтоқсанына дейінгі кезеңде 6687 адамға тегін екпе жасалған, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе жоғары.

Қала әкімі қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты бола тұрса да  күн сайын тұрғындар арасында ЖРВИ және тұмаумен науқастану мониторингін жүргізу, алдын – алу шараларын толық, әсіресе денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында толық өткізу қажеттігін атап өтті.  

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Таширова, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Капаев, ветеринария бөлімнің басшысы М.Эльмурзиева  ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндады, бұл ретте басты назар жұмыстағы басымдылық бағыттар мен негізгі міндеттерге аударылды.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі С.Аймақов бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне 2018 жыл ағымында нысаналы индикаторлар мен негізгі көрсеткіштерді орындауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 9°C , ылғал 88%, қысым 714, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 352.54
Euro 415.15
Рубль 5.31

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары