www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
09.02.2018
Қала әкімі тұрғындармен қорытынды есеп беру кездесуін өткізді

2018 жылғы 8 ақпанда кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Шахтинск қаласының әкімі С. Аймақовтың тұрғындармен қорытынды есеп беру кездесуі өтті, оған облыстық маслихаттың хатшысы  С.Өтешов, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық маслихаттың депутаты Қ.Оспанова,  «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры, облыстық маслихаттың депутаты Г.Ратаева, Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Қ.Шорманбаев, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат хатшысы және облыстық депутаттары, кент әкімдері, қалалық ұйымдардың және коммуналдық қызметтердің басшылары, бизнес-құрылымдар, ҮЕҰ, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Кездесуде 500-ден астам адам болды.

Қала басшысы өзінің есеп беру кездесуін Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауындағы он стратегиялық міндеттерден бастады.

Бұдан кейін С.Аймақов Шахтинск аймағының 2017 жылы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары, ағымдағы жылға қойылған міндеттер мен аймақтың бұдан әрі дамуының негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Өткен жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 13 млрд тенгені құраған,  негізгі капиталға 9 млрд.  тенгеден астам қаражат инвестицияланған. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнесті қолдаудың ауқымды инфрақұрылымы  құрылған. 12 шағын және орта бизнес объектісінің ашылуы, 48 жаңа жұмыс орынының ашылуы бұл бағыттағы қызметтің нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ, тау-кен өндірісі саласында екі кәсіпорын өз қызметін бастады,  олар:  «Ақ жарық көмір» ЖШС және «ККК Бетон» ЖШС. Мемлекеттік бағдарламалар да өз тиімділігін көрсетті. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі бойынша 5 жұмыс орнын аша отырып, жалпы 82 млн. тенгеге 3 жоба мақұлданды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 4 жұмыс орнын аша отырып, жалпы 28 млн. тенгеге 3 жоба мақұлданды.

Ауылшаруашылық өнімін нарық бағасынан төмендетілген бағамен сату үшін қала апта сайын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі, өткен жылы 149 ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, ол 2016 жылмен салыстырғанда 1,4 есе көп.

Өткен жылдың тамыз айында қолданымдағы заңнамаға сәйкес Шахан, Долинка және Новодолинский кенттері әкімдерінің сайлауы өтті.

Есептің ауқымды бөлігі тұрғын үй проблемаларын шешу туралы болды. «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  екі жылдық жоба - 60 пәтерден тұратын тұрғын үй құрылысы басталды.  

Ауқымды баяндамасында қала әкімі ауылшаруашылығына, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саланы, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Өткен жылы Қарағанды облысы бойынша екінші болып ашылған ерекше білім беруді талап ететін балаларға арналған психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің ашылуы аса маңызды оқиға болды.

Азаматтардың өтініштеріне, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер де қозғалды. Сонымен қатар, өткен жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Дәстүр бойынша кездесу азаматтардың өтінішімен жалғасты. Соңғы екі айдағы жылу қуатының ақысы туралы мәселе жеке тақырып болды. Қала әкімі слайд материалдарын көрсете отырып, толық түсініктеме берді және жақын арада қаланың үй басқарушыларымен толғандыратын барлық мәселелер бойынша жеке кездесу өткізетіндігін айтты.

Шахтинск тұрғындарымен су құбыры желісінің қысымы, жолдарды жөндеу, аула аумақтарын және саябақты абаттандыру,  тротуарларды қалпына келтіру, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу сияқты және өзге де бірқатар мәселелер көтерілді. Әрбір мәселе бойынша  қала әкімі және бөлім басшылары түбегейлі жауаптар берді.

Бұл күні алғыстар да айтылды. Қаланың құрметті азаматы  А. Криворучко атқарушы биліктің жұмысына оң баға берді. 

Шахтинск қаласы әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі мен кент әкімдерінің 4 есеп беру кездесуінің (олар 2018 жылдың қаңтар айында өткізілген) қорытындысы бойынша әр ұсыныстың орындалу мерзімі мен орындауға жауапты тұлғалары көрсетілген Тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар дайындалады және бекітіледі.

Аталмыш іс-шаралардың орындалу барысы тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында қаралады, БАҚ жарияланады және ресми сайтта орналастырылады.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары