www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
01.02.2018
Ауқымды жоспарлар

Қала әкімі С.Аймақов өткен жылдың қыркүйек айынан бастап біздің аймақтың аумағында ашық әдіспен көмір өндіріп жатқан «Ақ жарық көмір» ЖШС кәсіпорнының қызметімен танысты.

Аталмыш кәсіпорынның атқарушы директоры Асқар Сұлтанбековтің айтуы бойынша өткен жылы «Қарағанды облысының В.И.Ленин атындағы шахтасының учаскесінде желдеткіш көкжиегінен биік Д6 пласты бойынша тас көмірін өндіру» инвестициялық жобасы жүзеге асырылған. Жобаның жалпы сомасы 300 млн. теңгені құрайды. Қазіргі күнде аталмыш кен орнында 100 адам жұмыспен қамтылған.  

2018 жылы 18 қаңтарда кәсіпорын ашық әдіспен көмір өндіруге кірісті (2017 жылғы желтоқсанда сынама үшін 8 мың тонна көмір өндірілді). Қазіргі уақытта көмірдің сынамалық бөлігі ғылыми-зерттеу орталығынан (ҒЗО) тиісті сертификат алу үшін зерттеліп жатыр.

Кәсіпорын көмірді сату үшін «КазРеалУголь» ЖШС  шарт жасады.

Алдағы уақытта өз өнімін Ресейге экспортталады деп күтілуде. Аршу жұмыстарын жүргізу жөніндегі негізгі мердігерлік ұйым «Союз» ЖШС болып саналады. Ағымдағы жылда кәсіпорын тарапынан 104,6 мың тонна көмір өндіру жоспарланып отыр.

Нысанға барып-көрудің қорытындылары бойынша қала әкім өзінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Л.Буравкоға, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Капаевқа кәсіпорынның өндірістік жұмысына байланысты әртүрлі мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -16°C , ылғал 71%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 319.42
Euro 400.04
Рубль 5.66

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары