www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
31.01.2018
Бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Өткен сейсенбіде қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.  

Мемлекеттік кірістер басқармасымен бересіні төмендету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Д.Мусин берді, ол 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке бересінің жалпы көлемі 32 млн тенгеден астам құрағандығын, 2017 жылдың басымен салыстырғанда  оның 25 млн. тенгеге төмендегенін, оның ішінде  бересінің жалпы сомасының 20 млн. тенгеден астамы немесе 63,2% жеке тұлғалардың көлік құралына төленетін салығы екендігін атап өтті. Сондай-ақ, жергілікті бюджетке неғұрлым ірі салық төлеушілердің жалпы сомасы 7 млн. тенгеден астам немесе бересінің жалпы сомасының 9,8% құрайтын бересісі бар екендігін айтып өту қажет.

Бұдан кейін көлік құралдары салығы, жер салығы мен жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бересісін төмендету  бойынша атқарылған іс-шараларды тізбектеді.

Коммуналдық қызмет қарызын төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы  ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а. Т.Перова баяндады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша үш жылдан астам уақыт кезеңіндегі коммуналдық қызмет ақысының жалпы қарызы 158 млн. тенгеден астам.  

Бұдан кейін жылу, су және электр қуатымен жабдықтау бойынша дебиторлық қарыз туралы және оны төмендету бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат кесте бойынша ұсынылды.

Аппараттық кеңес соңында қала әкімі жауапты тұлғаларға ағымдағы қарыздарды төмендету бойынша қажетті жұмыс жүргізуді және бюджетке төленетін төлемдер бойынша бересінің қалыптасуына жол бермеуді, сондай-ақ, Шахтинск аймағы тұрғындарының коммуналдық қызметтерге қатысты қарыздарын төмендету бойынша шара қабылдауды тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары