www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
30.01.2018
Біздің мақтанышымыз

Біздің қаламыз атақты спортшыларымен және өзінің халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттағы жетістіктерімен танымал екені баршамызға мәлім.

Биылғы жылдың басында бізді жерлесіміздің тағы бір жеңісі қуанышқа кенелтті. Данил Полянский 10 - 11 қаңтар аралығында Өскемен қаласында Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық манежде өткен Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша кубогында сырықпен секіруден бірінші орынды және 20 қаңтарда Өскемен қаласында жеңіл атлетика бойынша Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған IV Халықаралық турнирде екінші орынды иеленді.

Осы айтулы оқиғамен біздің чемпион мен оның бапкері Ольга Григорьевна Сипливаяны қала әкімі С. Аймақов құттықтады. Аймақ басшысы  спортшыға лайықты өнер көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жаңа спорттық жетістіктерге жетуге тілек білдірді және оған Алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ, Шахтинск аймағында жеңіл атлетиканы дамытуға қосқан зор үлесі үшін жаттықтырушы Ольга Григорьевна Сипливаяны да алғыс хатпен марапаттады.

Біз біздің аймағымыздың спортшыларын мақтан тұтамыз, оларға сәттілік тілей отырып, биіктерден көріне берсін деген тілек білдіреміз!

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -16°C , ылғал 71%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 319.42
Euro 400.04
Рубль 5.66

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары