www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
30.01.2018
Шахан кенті әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі

26 қаңтарда Шахан кентінің тұрғындарымен өткен есеп беру кездесу Шахтинск аймағы кенттері әкімдерінің есеп беру кездесулерінің соңғысы болды. Кездесуге Шахтинск қаласының әкімі С. Аймақов қатысты.

Кент әкімі Ғ.Өмірбеков өз баяндамасын 2017 жылғы маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардан бастады. Бұдан кейін өткен жылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы шығарылды, ағымдағы жылда бұдан әрі дамудың негізгі бағыттары белгіленді.

Кенттің дамуы үшін 2017 жылы қалалық бюджеттен 105 млн тенгеден астам қаржы бөлінген. Ауқымды баяндамасында Ғ.Өмірбеков ауылшаруашылығын, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саланы, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Мәселен, есеп беру кезеңінде кент аумағында екі кәсіпкерлік нысаны ашылды: олар «Радуга» сауда павильоны және балласт өндіретін «ККК Бетон» ЖШС, осы кәсіпкерлік нысандарды ашудың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылды. 2017 жылдың мамыр айынан қазан айы аралығында кенттің көп қбатты тұрғын үйлердің жертөле жайларынан 14 автономды жылу беру жүйесін шығару жұмыстары жүргізілген және 11 блок-модульді қазандық орнатылды. Білім беру ұйымдарында, «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Маусым айында «Қазпошта» АҚ  Шахан кентіндегі филиалы қоныс тойын атап өтті. Кент әкімі халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда жүлделі орын алған спортшыларға өз алғысын білдірді. Жергілікті қоғамдастық мүшелері кенттің түйінді мәселелерін шешуге белсенді қатысып отырды, өткен жылы жергілікті қоғамдастықтың 1 жиыны және 25 жиналысы өткізілді, онда кенттегі түйінді мәселелер қарастырылған.

Сондай-ақ, Ғ.Өмірбеков 2017 жылы есеп беру кездесуін өткізу барысында азаматтардан келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру  жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат берді. 2018 жылы жергілікті атқарушы органдардың алдына қойылған міндеттерді атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылғы бюджет айтарлықтай өскенін атап өту керек, кентті дамытуға қалалық бюджеттен 148 млн тенгеден астам қаражат бөлінген, бұл қаражат көше жарығы мен автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне , сондай – ақ, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. 

Кент тұрғындары жаңа әкімнің жұмысына оң баға берді және атқарған жұмыстарына алғыс білдірді. Кездесу азаматтардың өтінішімен жалғасты. Жергілікті қоғамдастық төрағасы С.Ибкеев кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды мәселелерді көтерді, оның ішінде әйелдер үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, тариф саясаты, түнгі уақытта бейнебақылау камераларының санын ұлғайту сияқты және тағы басқа да мәселелерді тілге тиек етті, сондай-ақ, кент тұрғындарын жергілікті қоғамдастық жиналыстарына белсене қатысуға шақырды. Сонымен қатар, коммуналдық сипаттағы мәселелер қозғалды. Қойылған сауалдарға түсініктемелер берілді, зерттеуді және қарастыруды талап ететін сауалдардың жартысы бақылауға алынды.

Есеп беру кездесуінің соңында, кент әкімі Ғ.Өмірбеков алға қойылған мақсаттардың орындалатынына сенім білдірді және осы жылда бірлесе отырып, тұрақты және қажырлы еңбек етуді тіледі. 

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

 

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 28°C , ылғал 24%, қысым 713, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 363.28
Euro 414.25
Рубль 5.44

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары