www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
29.12.2017
Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның биылғы жылғы соңғы отырысы өтті

 

27 желтоқсанда қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның биылғы жылғы соңғы отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі «ҚБ, ҮЕҰ аймақ аумағында терроризмге қарсы іс-әрекет ету саласындағы профилактикалық жұмыстың жағдайы туралы» мәселе бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанова сөз сөйледі. 

Баяндамашы Шахтинск аймағының ақпараттық – насихаттау топтарының, «Нұрлы білім» ҚБ,  Жастардың ресурстық орталығы жұмысына толық тоқтап өтті.

Кездесулер мен іс-шаралар, акциялар мен тренингтер, әлеуметтік зерттеулер тұрақты өткізіліп тұрды, «Шахтинский вестник» газетінде ақпараттық-анықтамалық мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, теологқа деген сұраныс және жергілікті полиция қызметі тарапынан жүргізіліп жатқан жұмысқа ықпал ету сияқты түйінді мәселелер де аталып өтті.  

Комиссия хатшысы - О.Ешмаханов ТҚК алдыңғы отырыстарында қабылданған шешімдердің іске асырылу барысы туралы баяндады, 2017 жылы атқарылған  жұмысты қорытындылады және келесі жылға қойылған міндеттермен таныстырды. Ағымдағы жылда жалпы қала әкімдігінің жанындағы комиссияның  5 отырысы өткізілді, оның ішінде 1 отырыс кезектен тыс өткізілді.

Қала әкімі барлық мемлекеттік органдардың бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті және жауапты тұлғаларға терроризм мен діни экстремизмді алдын – алу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Отырыс қорытындысы бойынша Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы Террроризмге қарсы комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. 

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 26°C , ылғал 33%, қысым 711, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 342.49
Euro 400.85
Рубль 5.51

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары