www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
25.12.2017
Жұмыстың қорытындысы

Өтіп бара жатқан жылдағы қалалық Ардагерлер кеңесі жұмысының қорытындысы өткен бейсенбіде қала әкімі С. Аймақовтың қатысуымен Кеншілер мәдениет сарайының көгілдір залында өткен Пленумда шығарылды. 

Пленум жұмысы осы жылы өмірден озған Ұлы Отан соғысының адагері Семенов Михаил Кирилловичті үнзідкіпен еске алумен басталды.

Атқарылған жұмыстар туралы және алдағы міндеттер туралы баяндаманы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Сметов берді. Ол ұйымның қызметіне толық тоқталып өтті, жергілікті атқарушы үкімет органдарына, шахталардың алғашқы ардагерлік ұйымдарының төрағаларына, мұғалімдер ұжымына тығыз байланыс және өзара түсіністік үшін алғысын білдірді.

Есеп беру кезеңінде Президиумның 7 отырысы өткізілді. Соғыс және енбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне медициналық, материалдық және әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ардагерлер кеңесінің жұмысы облыстық деңгейде де ескерусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасындағы ардагерлер қозғалысының 30-жылдығына орай өткізілген қос облыстық байқауда иеленген 3-орын және Шахан кентінің алғашқы ардагерлер ұйымының «Ең үздік алғашқы ардагерлер ұйымы» деп танылуы оған дәлел бола алады.

Шахталардың алғашқы ардагерлер ұйымдарының, мұғалімдер ұжымының төрағалары Кеңестің және оның төрағасы С. Сметовтың  өтіп бара жатқан жылғы қызметіне оң баға берді, қала әкімі Сержан Жанабековичке қаланы абаттандыру бойынша атқарылған жұмысы үшін және ардагерлер мен қарттарға ерекше көңілмен назар аударғаны үшін алғыс білдірді, сондай-ақ бірнеше ұсыныстар енгізді.

Қала әкімі С. Аймақов өзінің зор құрметі мен алғыс сөздерін жеткізді. «Өтіп бара жатқан 2017 жыл біздің аймағымыз үшін қиындығы мол жыл болды, алайда мен ардагерлер кеңесінің қолдауын үнемі сезініп отырдым.  Мен Сіздердің кеңестеріңіздің отырысына ерекше қуанышпен қатысамын, әрқашан Сіздердің ақыл-кеңестеріңізге құлақ асып жүремін. Біздің алдымызда әлі талай істер күтіп тұр»,- деді ол және ерекше көзге түскен 7 ардагерге гүлшоқтары мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, алғашқы ардагерлер ұйымдарының төрт ең үздік төрағасы қалалық ардагерлер кеңесінде белсенді қызметі үшін «Шахтинский вестник» газетіне тегін жазылу арқылы марапатталды.

Іс-шара соңында  отырысқа қатысушылар тиісті қаулы қабылдады және 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 2°C , ылғал 88%, қысым 716, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары