www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
22.12.2017
Азаматтық қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарлама

 

Азаматтық қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарлама

 

           «Шахтинск   қаласының   әкімдігі   Шахтинск   қаласының  жұмыспен   қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығы»  КММ:  Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Калинин көшесі 17, анықтама үшін телефон      8 (72156) 35910, факс 8 (72156) 35910, азаматтық қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:  

           - біліктілігі жоғары деңгейдегі маман (балаға күтімі бойынша демалыс уақытына) – 1 адам.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары білім (экономикалық, құқықтық немесе әлеуметтік жұмыс).

           Маманның функциональдық міндеттері: жұмыспен қамту орталығына өтінген тұлғалар мен өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар қатарындағы әр түрлі бейіндегі мамандардың деректер банкін құрылымдайды, бос жұмыс орындар іздеумен айналысады және өтінген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Азаматтар мен жұмыс берушілерге консультациялық қызметтер көрсетеді. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша  жұмыс берушілермен қызметтестікті қамтамасыз етеді. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз азаматтардың үйлеріне барады және тұрғын үй, материалдық жағдайларына тексеріс жүргізу актілерін жасайды. Жұмыспен қамту орталығына өтінген тұлғаларды алғашқы қабылдау жұмысын жүргізеді, оларды автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің деректер базасына тіркейді. Мемлекеттік қолдауға мұқтаждық дәрежесін анықтайды, азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына: кәсіптік дайындық, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың тегін курстарына; әлеуметтік жұмыс орындарына; жастар практикасына; шағын несиелендіру және т.б. қатысуды ұсынады.

            - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – 1 адам.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары білім (экономикалық, құқықтық немесе әлеуметтік жұмыс).

            Консультанттың функциональдық міндеттері: атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жәрдемдесуді іске асырады, мұқтаж тұлғаларға әлеуметтік көмек (оның ішінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек) көрсету қызметін үйлестіреді, ассистентінің жұмысын үйлестіреді, әлеуметтік келісімшартты іске асыру уақытында отбасыға ілесіп жүру жұмысын іске асырады, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінген талапкерлерге консультативтік қызметтер көрсетеді, әңгімелесулерді өткізеді, өмірдегі қиын жағдайда қалған контингентке жан-жақты көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

            - ассистент – 1 адам.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары білім (экономикалық, құқықтық, техникалық, педагогикалық немесе әлеуметтік жұмыс).

            Ассистентінің функциональдық міндеттері: өмірдегі қиын жағдайдан шығуға көмектесетін ықтимал тәсілдері жөнінде потенциалдық өтініш берушілерге ақпарат береді, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініштер мен құжаттарын қабылдауды іске асырады, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінген үміткерлермен әңгімелесуді кенттердегі әкімдермен келісімі бойынша өңірдегі кенттерге шығумен өткізеді, әлеуметтік келісімшартты іске асыру уақытында отбасыға ілесіп жүру жұмысын әңгімелесуді өткізу жолымен іске асырады, қажетті құжаттарды толтыруға, жұмысты табуға жәрдемдеседі, әлеуметтік келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуын бақылайды және т.б. жұмысты өткізеді. 

           Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңдарын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді;  азаматтық және еңбек заңнамаларының негізгі ережелерін; аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту ерекшелігін; аумақтық еңбек нарығын дамыту бағыттары мен негізгі беталыстарын; халықты жұмыспен қамту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санат лауазымы бойынша функциональдық міндеттерді орындау үшін қажетті, басқа да міндетті білімдер.

           Мүмкіндігінше: мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істеуді игеру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде еңбек өтілінің бар болуы.

           Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар (қоса берілген құжаттардың тізілімін көрсетумен конкурста қатысу туралы өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; нақты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсетумен толтырылған кадрларды есепке алу парағы; лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысаны бойынша денсаулық жағдайы жөніндегі анықтама) 2018ж. 08 қаңтардың сағат 10.00 дейін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс. Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтаруға негіздеме болып табылады. 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 15°C , ылғал 34%, қысым 716, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 325.79
Euro 402.94
Рубль 5.33

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары